Урок по окружающему миру на тему Су. Судың қасиеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дүниетану

Уақыты: 02.12 .2015

Кабинет: № 6

Наурызбаева .Н

Сабақтың атауы

Су. Судың қасиеті.

Мақсаты

Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Біз бұға қалдық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру. Топпен жұмыс.
І топ. 1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ. 2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІ бөлім. Не көрдік?Не білдік?Бұл бөлімде өткен сабақтарда ауаның қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді еске түсіреміз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ауаның қасиеттері: мөлдір, түссіз, салмағы жоқ,пішіні иісі жоқ,

сығылады, серпіледі, жылы, салқын, ыссы, суық ауалар. Ауасыз от жанбайды.
Ауаның құрамын сұрау. (азот, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газдар)
Ауа – газдардың қоспасы.



Жаңа сабақ: Су. Судың қасиеті

[pic]

Су туралы жұмбақтар шешу.
1.
Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі?
(су) 2. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )
Оқулықпен жұмыс: Су туралы әңгімелеу. Су – мөлдір, түссіз . Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.


Мағынаны тану. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:
І топ. “ Қандай сулар ішуге пайдалы?
ІІ топ. Судың қандай пайдасы бар?
ІІІ топ. Суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?
Жарты шарлар картасымен жұмыс. [pic]
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.


Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс




















Қорытынды


Стаканға су құю арқылы тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.Судың түсі жоқ. Ол түссіз.Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.Судың иісі жоқ.Су сұйық. Ол ағады.

Дәптермен жұмыс:



 Судың адам өміріне, жан - жануарларға, өсімдіктерге өте қажет екенін білдік. Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға болмайды. Судың тазалығын сақтасаң, оның ішіндегі жануарларды, өсімдіктерді сақтағаның.

Үйге тапсырма

Су. Судың қасиеті.Мазмұндау

Күнделіктеріне жазу

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

«БЕЙНЕУ АУДАНЫ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ








Пәні: Дүниетану



Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.






Дайындаған: Наурызбаева Нұрсұлу

Сыныбы: 2 «А»







2015-2016 оқу жылы