Шығармашылық жұмыс
Тақырыбы: Оқушыларға табиғатты қорғау бағытында тәрбие беру
Мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсемдігін, әдемілігін көре біліп, оны аялап сүю адамзаттың борышы екендігін санасына қалыптастыру.
Міндеті:
-ауаны ластамау;
-суды қорғау;
-жасыл ел бағдарламасына сай өлкені көгалдандыру;
-тірі табиғатты қамқорлыққа алу;
Табиғат, ол мөлдір аспан, таза ауа, айдын көл, құстардың үйі. Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілітін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағаты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс- мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін Табиғат –ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы, сонықтанда адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.
Өмірде табиғатты аялаған,
Жылуын жүрегінің аямаған.
Таза ауа жасыл желек таулы жерде,
Жүрсем мен, соның бәрі сая маған.
Табиғат байлығының бір тобы-жасыл әлем. Халқымыз өсімдікті «өмір өзегі» деп аялаған, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз осыдан шыққан.
Табиғат дегеніміз- әкеңдей алып аспан, ата-ана, елжіреген күн, тіпті ұшып жүрген көбелек.
Халқымыздың Табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі Табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білумен бірте-бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығының әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып,аса зор іңкәрлік сезімге бөленген және Табиғат сұлулығының алдында бас иген.
Халқымыздың қажырлы да, қайсар, батыл да батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Сұлулық дегеннің тамыры « табиғаттану» деген нәрседе жатыр. Мысалы; гүлді алайық, сол гүлдерге біз сұлу емессің деп айта алмаймыз. Ол –Табиғаттың жасаған сұлулығы. Аңдардың ішінде де сұлулары аз емес. Құстарды алып қарасақта, олардың ішінде де қаншама сұлулары бар! Сол себепті, сұлулық деген нәрсенің өзі Табиғаттың көркі,»-деген екен.
Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағлымдық та тәрбиелік мәні зор асыл мұраларына да көңіл бөлу ерекше қажет.
Қазіргі таңда табиғат тағдыры ешкімді де тебірентпей қоюы мүмкін емес.
Арал кеуіп кетпесін , Арал кеуіп.
Марал кеміп кетпесін, марал кеміп.
Қайтқан киік жаутаң көз отты ұшқыны
Талмау жерден тиеді маған келіп...
Арал мен оның төңірегіндегі бүгінгі күні эколкогиялық апат шегіне жетіп отыр.
Сонымен қатар Каспий теңізінің экологиясы да қазіргі кезде алаңдатарлық жағдайда, өйткені бізде өнеркәсіп орындары баршылық. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ комплексі» үлкен әсерін тигізіп отыр. Оның мұнай мен газдың құрамындағы күкіртті сутегі мен күкіртті ангидриді және басқа қоспалар тірі организмге ғана емес, Табиғатқада елеулі ықпалын тигізуде. Теңіз суының химиялық та, биологиялық та құрамы бұзылады. Теңіз кені игерілгеннен кейін жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де күрделі экологиялық жағдайы қалыптасты.
Жер бетіндегі өсімдіктер, жануарлар және адамзаттың тіршілігі үшін Табиғат ортаның таза болуы шарт. Өкінішке орай, бізді қоршаған ортаның экологиясы мәз емес.
Ауада оттегінің стратосферадағы азон қабаты жұқарып, биосферада млн.тонна улы газдар мен шаң-тозаңдар көбейіп, бұның адамның денсаулығына емес, тіпті өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің өмір сүруіне үлкен зиянын тигізіп отыр.
Табиғат- әсемдік төркінісің,
Бар әлем, бір сенің күнің үшін,
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.
Айың анау, күнің анау,
Ау адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын.
Асырайды ол сені де, мені, елді де!
Табиғаттың тарылтпасын мөлдірін, кәусар тынысын.
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың
Ей, адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анам ғой, ал сен кенже ұлысың!
Табиғат тазалығын реттеу мақсатында 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар жан-жануарлармен өсімдік құстарды қорғауды оқушылардың санасына сіңіру мақсатында ашық сабақ, тәрбие сағаттарын өткіздім. Және де күнделікті сабақтарыма кірістіріп отырамын.
Жүрегімді тербеген бір арман бар,
Арман болсын, аңдар, құстар, армандар .
Ақыл-ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар!