-Балалар, сабақ басында төрт түліктің пайдасы туралы жайдан – жай сөз қозғамағанымызды біліп отырсыңдар. «Болжау» стратегиясы (2 мин) -Ендеше,қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты?(оқушылардың әрқайсысының пікірлерінің құнды екені айтылып,қандай да болмасын ойлары тыңдалады) - Өздерің де атап кеткендей,бүгінгі сабақта малта туралы,малтаның қалай жасалатыны туралы айтылған І.Жансүгіровтың «Малта» өлеңімен танысамыз. «Инсерт» әдісімен сабақты жалғастыру(топтық жұмыс) -Балалар, оқулықпен жұмысты бастамас бұрын автор туралы,малта туралы не білетінімізді кестенің 1-бөліміне жазып қояйық. («Білемін» бөліміне) ( топтық жұмыс-2мин) «Суреттер сөйлейді» (сурет бойынша І.Жансүгіров туралы мағлұмат алу.Оқушылар алған ақпараттарын ортаға салып,ол толықтырылып,І.Жансүгіровтың бес арыстың бірі екені туралы айтылады) (2 мин) [pic] Оқулықпен жұмыс.(3 мин) -Мұғалімнің мәнерлеп оқуы: -Балалар, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді белгілеп отырайық. Сөздік жұмысы: Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр. Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын. Өре-құрт,ірімшік,жеміс-жидек,т.б.тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре. Шым-шым су-ыстық су. Сыбану –жеңін түру. (сөре мен өренің,малтаның суретін көрсету) Сергіту сәті. (оқушылардың төрт түлік туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау) Талдау (топтық жұмыс -6 мин) - Сонымен өлеңді тыңдадық,түсініксіз сөздердің мағынасын аштық. -Енді өздеріңе тиесілі бөлікті оқып, «5-5-1» әдісі бойынша ойымызды түйіндеп ортаға салайық.(Бұл әдісте әрбір топ мүшесі оқығанын қорытындылап, 5 сөйлем жазады,5 сөйлемнен негізгі 5 сөзді белгілейді,соңында барлық топ мүшелері әрқайсысының шығарған 5 сөзінен 1 сөйлем шығарады.)
|