|
Қазақ тілі пәнінен Балақай мен Карлсон -дос тақырыбына өткізілген ашық сабақ
Автор публикации: Ибраева Д.А.
Дата публикации: 2016-10-29
Краткое описание: ...
Күні: | 24.09.16 | Пән: | Қазақ тілі | Сынып: | 2 «Б» | Сабақ тақырыбы: | Балақай мен Карлсон – дос | Сабақтың мақсаты: | Оқушылар қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде жақын досына мінездеме бере алады. | Жетістік критерий- лері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): белсенді лексикаға енген сөздерді пайдалана алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде өз достарына сапалық мінездеме бере алады. Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында достарымен диалог құра алады. | Негізгі түсініктер: | Балақай, шатыр, тосап, бал | Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, желім қағаздар, фишкалар | Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сипаттау, талдау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ең үздік аудармашы» ойыны, «Кім тез?» ойыны, «Пирамида!» ойыны, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы. | Тапсырмалар: | Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқушыларға психо- логиялық ахуал ту- ғызу. (2 мин) | Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге шаттық шеңберін құрайды. Мен тәртіпті баламын, Жақсы оқушы боламын, Кілең бестік аламын. Қазақ тілін үйреніп, Еркін сөйлер боламын! | Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге айтады. | Топқа бөлу ( 1 мин) | Карлсонның, балақайдың және достық суретін таратып үш топқа бөледі. | Суреттерді таңдайды. Үш топқа бөлінеді. 1-топ – Карлсондар 2 –топ – Балақайлар 3-топ - Достық | Үй жұмысын тексеру ( 2 мин) | «Ең үздік аудармашы» ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша сөздердің аудармасын сұрау. Отбасы, ата, әже, әке, ана, аға, әпке,іні, қарындас, сіңлі, тату, жақсы, әдемі, мейірімді, әзілқой,адал
| Сөздердің аудармасын айтып, фишка алады. Ең көп фишка жинаған бала «Ең үздік аудармашы» атанады. | І. Қызығушылықты ояту (2 мин) | Оқушыларға орыс тілінде балақай мен Карлсон туралы жұмбақ жасырады. Сабақтың тақырыбын анықтатқызады. О щеночке он мечтает, Друг к нему в окно влетает, Гость он всех Стокгольмских крыш, А зовут его ... (Малыш – балақай) Сейчас мне ответь не спеша: Летающий друг Малыша, Который на крыше живёт И любит варенье и торт.
(Карлсон) | Оқушылар жұмбақтардың жауабын айтады. Малыш –балақай (аударады ). Сабақтың тақырыбын анықтайды.
| ІІ. Мағынаны тану. (ауызша) (3 мин) | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Балақай – малыш шатыр – крыша тосап – варенье
| Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.. Айтылым. Жаңа сөздердің айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді. | «Фишка» беріледі | Мәтінмен жұмыс (3 мин) | Ә) Мәтінді оқытады, талдайды.
[pic] Балақай мен Карлсон — дос. Карлсон шатырда тұрады. Балақайдың күшігі бар. Карлсон тосапты жақсы көреді. Балақай мейірімді, адал, жақсы бала. Ал Карлсон әзілқой, өзін өте жақсы көретін кейіпкер. | Айтылым. Мәтінді талдайды.
1- топ - мәтінді оқиды; 2- топ - мәтінді аударады; 3-топ – мазмұнын айтады. | «Фишка» беріледі
| Жеке жұмыс (оқуға деген мүддесі төмен оқушы тақтаға шығып жазады) (3 мин) | 2. Тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 1-тапсырманы орындатады. Әріптерді орнына қойып жаз (қ, ү,і) Бала ... ай, мысы..., ертег..., к...ш...к, сен...мд... .
| Жазылым. Әріптерді орнына қояды. | Бір – бірін тексереді, бағалайды.
| «Пирамида» ойыны. (3 мин) | Б) Сөйлем құастыртады. 1- топ – Досым 2- топ - Әдемі 3- топ - Жақсы. | Оқушылар «Досым» сөзімен сөз тіркеі мен сөйлем құрастырады. 1.Досым. 2.Менің досым. 3.Менің досым ақылды.
| «Фишка» беріледі
| «Балақай мен Карлсон» атты мультфильм көрсетеді (1—бөлім). Кейіпкерлерді сипаттайды.
Балалар, сендердің достарың қандай? Сыныптағы достарыңа сипаттама беріңдерші. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Достарын сипаттайды.
(10 мин)
|
| Сергіту сәті. Мұғалім қимылмен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасатады. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық! Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық! Орнымызды табайық!
| Мұғаліммен бірге қайталайды, сергіту жаттығуын жасайды. (1 мин) |
| ІІІ. Бекіту. Жұптық жұмыс. (4 мин) | Диалог құрастыртады. | Оқушылар достары туралы диалог құрайды. | Әр топ бір- бірін бағалап, «фишка» беріледі.
| V. Бағалау. (2 мин) | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың алған фишкалары бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | «Фишка» бойынша бағаланады. |
| VI. Үйге тапсырма (2мин) | «Дос, достық» туралы 3 мақал – мәтел жазып келу. |
|
| VII. Рефлексия. (2 мин) | Мұғалім есіктегі бұлт пен күннің суретіне оқушылардың назар аудартқызып,таратқын стикерлерге аттарын жазғызады. Сабақтың өту барысы ұнаған оқушыларға күнге, ұнамағандарға бұлттқа жапсыруды ұсынады. | Оқушылар стикерлерін бұлт пен күнге жапсырады. |
|
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
|
|