Өзін-өзі тану рухани адамгершілік тәрбие.
Мектеп Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп Мерзімі 24.09.2016 Мұғалім Баймагамбетова А.А.
Сынып 4 «А» Оқушылар саны 16 Тақырыбы : Менің сыныбым- менің ұжымым.
Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеті: жақсы көру, мейірімділік, қайырымдылық.
Сабақ мақсаты: Балалардың ұжым туралы түсініктерін кеңейте отырып , дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу. Міндеттері:
-татулық , достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-мейірімділікке, сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, 5-Т ережесін еске түсіру.
Топқа болү
Әуен қосып оқушыларды билетіп «екеуіміз доспыз» деген кезде оқушылар екіден тура қала, «үшеуіміз доспыз», « төртеуіміз доспыз», «бесеуіміз доспыз» деп бес баладан топқа бөлеміз.
Сабақтағы жағымды күйге келтіру: «Орманға ойша саяхат»
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру: 4сабақ 27бет «Күмән» М.Гумеров
1. Рахила не деп өтірік айтты?
2. Дәуіт нені мойындады?
3. Рахиллаға балалар неге күмәнмен қарайтын болды?
4. Сендерде осындай оқиғаға ұксас оқиға болды ма, айтып беріңдер?
«Айгөлек» әнінің әуенін қосу
Дәйексөз
«Ағаш тамырымен мықты, Адам досымен мықты»
(Дәйексөзді оқушылардың естерінде қалу мақсатында бірнеше рет дауыстап оқытылады)
«1001мақал-101жұмбақ» кітабынан
Әңгімелеу
«Дотық туралы ертегі» ертегісі
Ертеде кішігірім қалашықта он жасар Айжан мен Дана екі қыз болыпты.Екеүі сондай сүйкімді.Бірге мектепке барып, бір-біріне көмектесіп, демалыс күндерін де бірге өткізетін.
Олардың сыныбында Анар атты қыз оқиды. Анарға бәрі қызғанышпен қарайтын. Онын қолынан бәрі келетін , сабақты да 5ке ғана оқитын , мұғалімдер де оны үлгі ретінде айтып отыратын. Бірақ ол үнемі жалғыз жүретін , оның жақын досы жоқ. Ешкім онымен дос болуды да ойламайтын.
Бір күні Айжан Дананың үйіне қонуға келеді. Екеуі сурет салып, ән айтып, би билеп жатқанда анасы келіп
-Сендер әлі жатпағансындар ма ?
-Кәзір анашым жатамыз, - деп жауап береді.
-Мен және сендердің сыныптастарын Анарды көрдім. Қабағы түсіп кетіпті. Өзі инабатты, тәрбиелі бала, онымен неге дос болмайсындар? –деп сұрады анасы.
- Неге? Оны оңсызда бәрі жақсы көреді.
- Өздерін біліндер,-деп анасы бөлмеден шығып кетеді.
Қыздардың көңіл-күйлері түсіп, ойнағылары келмей, жатып ұйықтап қалады.
Таңертен таңғы астан кейін екеуі Анардың үйіне барып не істеп жатқанын сығалап көрмекші болып барса, Анар ас үйде сорпа пісіріп жатыр екен. Айжан мен Дана қатты таң қалады, үйткені олар үйде ойнаумен ғана уақыттарын өткізеді.
Аулада біраз уақыт ойнап жүріп екеуі тағы Анардың үйіне барып сығалап қараса Анар еден жуып жатыр екен. Үйлерінде әкесі екеүінен басқа ешкімді көмеді.
Кешкі ас ішіп отырғанда қыздар анасынан Анардың анасы қайда екенін сұрап, анасынын үнемі басқа қалада жұмыста үш айда бір рет қана келетінін естиді. Екеүі қатты таңырқап Анарға қатты жаны ашиды. Ертеңінде анасы пісірген бәлішті алып Айжан мен Дана Анардың үйіне қонаққа барады.
Анардың үйі өте тар,тұрмыс жағдайы төмен екен . Онын бөлмесіне төсекпен орындық әрен сыйып тұр екен.Ойыншықтан ескі аю мен қуыршақ қана бар.
Ол кішкентай жасынан өзі жуып, өзі жинап үйренген. Сабақты да өз бетінше қарайды. Айжан мен Дана Анардың үйіне күнде келіп тұратын болды. Олар үшеүі үй шаруасында да, сабақ жағынан да бір-біріне көмектесіп, бірге ойнап нағыз досқа айналды.
1. Айжан мен Дана неге Анармен дос болмады ?
2. Қыздар Анардың үйіне неге барды ?
3.Айжан мен Дананың бойынан қандай қасиетті көруге болады?
4.Достық болу үшін адамда қандай қасиет болу керек?
5.Егер осындай жағдайда сендер қандай көмек бере аласыздар?
Интернет желісінен (неміс халықының аңызы)
Шығармашылық жұмыс.
Берілген мәтінді оқып өз ойыңмен аяқтау.
Мирас пен Әділ бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалыпты.
Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ.
Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.
Топпен ән айту
Дос болайық , бәріміз.
Сөзін жазған Х.Талғаров
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
«Дос болайық бәріміз» әнінің әуенін қосу
Үй тапсырмасы. 5сабақ «Арман мен ақыл» Қ.Мырза Әли (мазмұндау)
Соңғы тыныштық сәті .
Балалар бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер, бір сәт ойланайық.
Осы түйген ойымызды жүрекке сақтап алайық