4 cыныптар арасындағы сайыс Ана өмір шуағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Ана - өмір шуағы.

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
       Сабақтың көрнекілігі: «Алып – анадан туады» стенді, шарлар,плакатқа жазылған қаннатты сөздер.

                                     « Ана – ұлы адам!

                                       Ана – құдіретті жан!

                                       Ана – өмір шуағы

                                       Ана – барлық өміріміздің бастауы.»


    Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі ұялату мақсатын көздедім .

Мұғалім.

Ана.

Өмірде ана-бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

          Өсірген талай көсем, талай шешен,

       Талай ер, талай ақын, талай дана,

          Ана! Ол- біздің елде ардақты адам,

        Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

                                                   Өзінің аяулысы – Отанды да

            « Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді.Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің сыныпта да аталып өтілгелі отыр. Халқымызда « жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады.Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ  басталады.  « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:

Барлығы:

                                           Бәрімізге анасың,

                                           Біз үшін күн боп жанасың.

                                           Құтты болсын мейрамың

                                           Құттықтаймыз, анашым.

[pic] [pic] [pic]

 « Менің балам»  ойыны.                                                                                        

   Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде сұрақтар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.Әрбір таңдаған шарлардың түстеріне қарай психологиялық сипаттама беріледі.

 Түстер жайлы:  

  Ақ түс – Бейкүнә жан.

 Қызыл түс -  Өткір тіл, басқара білу, қабілетті жан.

Сары түс – Байлық, сән салтанат.

Қоңыр түс – Көндіру.

 Сұр түс – Үміт.

 Жасыл түс – Данышпандылық пен ойлау.

Апельсин түстес сары – бейімділік.

Көгілдір күлгін түс – достық, еске түсіру, тұрақтылық т.б. түстер.

Шарлардың ішіндегі сұрақтар.

  • Анаң сені еркелете м?  -  - - - - - - - - -

  • Анаңмен бірге отырып сырласасың ба? – - - - - - - - -  -

  • Сенің жақсы көретін түсің? - - - - - - - - - -

  • Қандай тамақта жақсы көресің? - - - - - - - - - - - - -

  • Анаңның айтқанын жиі орындайсың ба? - - - - - - -

  •  Кімге ұқсағың келеді және неге? - - - - - - - - - - -

Ана –ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше  балалар, Ана туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?

1-оқушы: Атадан- өсиет, анадан – қасиет.

2-оқушы:  Ана баласын арыстанның аузынан алады.

3-оқушы:  Мылқаудың тілін анасы біледі.

4- оқушы.  Қызымның баласы, балдан тәтті анасы.

5- оқушы: Ұлымның баласы, қара жылан анасы.

6- оқушы:   Ананың сүті – бал, баланың тілі-бал.

  Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

    Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағында асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің ,- демекші осымен  тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!