1 тоқсандық тест тапсырмалары. Дүниетану. 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жамбыл облысы

Тараз қаласы

11 орта мектебі

Мұғалім:Чмаева Ж.Д.


2 «Б» сыныбы

Дүниетану. Сабақ №


Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Баланың білім деңгейін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен бөлім бойынша игерген білім дағдыларын бақылау.

Дамытушылық. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.


Оқушының білім деңгейін анықтауға арналған тапсырма.

1. Табиғат – бұл:

А) Адамды қоршаған орта.

Б) Адамды қоршаған орта, бірақ оның қолымен жасалмаған.

В) Адам қолымен жасалған.


2. Балығы бар аквариум – бұл:

А) Табиғат объектісі.

Б) Қоршаған орта заттары.

В) Білмеймін


3. Аспан, ағаш, ит, көлік, үстел, үй.

Табиғат заттары: Басқа заттар:

_____________________ ______________________

_____________________ ______________________

_____________________ ______________________


4. Табиғат денесі қандай болады?

А) Сұлу, пайдалы, өлі.

Б) Қатты, сұйық, газ тәріздес.

В) Тірі, өлі, металл, ағаш.


5. Тірі табиғатқа жататын бөлікті тап

А) Адам, тас, планета.

Б) Адам, өсімдік, жануар.

В) Мектеп, дәріхана, жануар.


6. Адам тіршілігіне қажетті жағдайлар:

А) Қорек, су, ауа, жылу.

Б) Үй, машина, компьютер.

В) Ақша, теледидар, киім.


7. Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады?

А) Күн көзінен.

Б) Оттан.

В) Табиғаттан.


8. Адам денсаулығы мықты болу үін не істеу керек?

А) Шынығу.

Б) Дұрыс тамақтану.

В) Күн тәртібін сақтау.


9. Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелері – бұлар:

А) Тыныс алу мүшелері.

Б) Жүйке жүйесі мүшелері.


10. Дәм сезу мүшесін көрсет.

А) Мұрын.

Б) Тері.

В) Тіл.

______________________________________


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Қайталау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.