«Алтын Күз» |
Мектепалды даярлық тобы |
Тәрбиешілер: Ракишева Ф.А. Утельбаева Б.Б. |
«Чернова орта мектебі» КММ
Тақырыбы: « Алтын күз»
Мақсаты:
Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.
Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.
Көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суретері.
[pic]
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Қараңдаршы, балалар , бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
Жапырақтар.
Осы жапырақтардың түсі қандай?
Сары.
(Осы кезде сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
-Балалар,тындаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме куаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл,
Түссе-сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмаларымды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Нұрай: Жайдарлы күз, алтын күз,
Аяулы күз, жарқын күз,
Дәнге толып ен дала
Дариядай шалқар күз!
Әли: Күзім-ау,күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау!
Қырмызы: Еңбек қызып қырларда,
Бидай толды қырманға.
Алтын таулар секілді,
Сап-сары боп тұрғанда.
Ералым: Күз де келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді,
Күз де келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүзді енді!
Баян: Қосып білім нұрға-нұр,
Біздер бүгін жарқынбыз.
Басы оқу жылының,
Берекелі Алтын күз!
Алинұр: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Райхан: Күздің сыйын алайық,
Қызығына қарайық.
Күзге арнап бәріміз,
Әнімізді салайық!
Ән: «Күз-жомарт!»
Сарғайып атырап
Бар жеміс піседі.
Сары алтын жапырақ
Саудырап түседі.
«Күз-жомарт», - дейміз біз,
Жемісін жейміз біз. (2 рет)
Үстінде егінжай
Салқын жел соғады,
Гүл, шөбі белдің, сай,
Қуарып солады.
«Күз-жомарт», - дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
«Күз-жомарт», - дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
[pic]
Міне Күз ханшайымының бірінші тапсырмасы –сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? ( Ерте күз, алтын күз, қара күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата. (қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
1-бала:(қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң тұр билеп
Құс шарлап аспанды.
2-бала:(қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала:(қараша)
Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Қарашы өрледі
Қараша ән салып.
[pic]
Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар. Енді Күз ханшайымының бізге арнаған биі бар екен.
Күз ханшайымы: Ия,балалар бәріміз бірге билейік бұл «Күзгі жапырақтар биі»
Тәрбиеші: енді біздің балалардың тақпақтарын тындайық.
Елжан: Егінді елі жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Алан: Дала сары киінді,
Самал соқты салқандау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын-астық, алтын-тау.
Айзере: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Мансұр: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап!
Жұлдыз: Алқаптан бидайды,
Қоймаға жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Мағжан: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жаннұр: Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
Тәрбиеші: Рақмет,балалар ! Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Пияз,қияр, картоп,қызылша, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
[pic]
Балалар(хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
1-бала (қызылша):
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
2-бала (орамжапырақ):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
3-бала(қияр):
Дәмін тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
4-бала(пияз):
Боламын мен дәмдеуші
Барлық –барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
5-бала(картоп):
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,оларды жақсы көріңдер!
[pic]
Күз ханшайымы: Кане, балалар,осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ойын «көкөністер мен жемістер».
Күз ханшайымы:Ал, балалар енді бір жұмбақ шешіңдер:
Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді. ( жаңбыр)
Би « жау жаңбыр»
Тәрбиеші: осымен ертеңгілігіміз аяқталды назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
[pic]