Қазақ тілі Тұрлаусыз мүшелер 66-71-жаттығу 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

23.11.2016ж

Сыныбы:

3 «Е»сынып

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімі: Кембаева Ләззат

Сабақ тақырыбы:

Тұрлаусыз мүшелер 66 – 71- жаттығу

Сілтеме

Қазақ тілі 78 -79 беттер

Жалпы мақсаттары:

Тұрлаусыз мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру; бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя білуді және сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді таба білуді үйрету.

Оқу нәтижесі

Тұрлаусыз мүшелер сөйлемнің негізі екенін түсінеді.

Бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя алады.

Тұрлаусыз мүшелерді таба алады.

Негізгі идеялар

Сабақбарысындаөзараәрекеттесуарқылыоқушыөзіндіктанымдыққабілетінкөрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады.

Тапсырма көздері

  • Жаттығулармен жұмыс

Суреттерге қарап мәтін құрау

  • Ашық сұрақтар беру

Сабақтың көрнекілігі

Кесте, суреттер, тірек сызба

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс - тәсілі

Сұрақ – жауап, ой қозғау, басбармақ,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлемдесу, түгендеу

Назарларын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

65-жаттығуды тексеру, оқыту.

Қосымша сұрақтар қою.

Бағалау

«Сұрақ - жауап» әдісі

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Бастауыш дегеніміз не?

Баяндауыш дегеніміз не?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.

Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс.

66-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз

Жадыра келді Жадыра қалаға келді

Қоңырау соғылды Қоңырау қайта-қайта соғылды

Мал өседі. Мал төлден өседі.

Су ақты. Су арықпен ақты.

67-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.

1.Әсия гүлді ұнатады.2.Әдемі гүл өсті. 3.Біз ұшаққа міндік. 4. Ұшақ әуежайға қонды. 5. Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Ережемен жұмыс

Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды.Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? т.б сұрақтар қойылады.

68-жаттығу Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Бастауыштың астын-бір, баяндауыштың астын-екі, тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.

Шығармашылық тапсырма

69-жаттығу Суреттегі зат атаулары бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше болатындай етіп сөйлем құра.

Гүл көбелек

70-жаттығу Мәтінді оқу. Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазу. Мәтінді басшылыққа ала отырып екі інге тұрлаулы мүшелерді біріншісіне, тұрлаусыз мүшелерді екінші інге орналастыру.

[pic]

Сабақтың соңы



Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

Бағалау

«Басбармақ» әдісі


[pic]

Рефлексия

Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны...

Үйге тапсырма

71-жаттығудағы Суретке қарап, әңгіме құра