Қазақ тілінен тест тапсырмалары 2-сынып
Аты-жөні: ___________________________
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
А) 33 Ә) 37 Б) 42
2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата:
А) ә,ү, і, е Ә) а, и, ұ, ы Б) ы, ә, ұ, ы
3. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыстар бар?
А) 3 Ә)12 Б) 4
4. Р, л, м, н әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
А) қатаң дауыссыздар Ә) ұяң дауыссыздар Б) үнді дауыссыздар
5. Өнер, сурет - сөздеріне тиісті қосымшаны тап.
А) лі, ші Ә) шы, лық Б) тық, шы
6. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
А) кім? не? Ә) қандай? қай? Б) қанша? Неше?
7. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
А) көкшетау Ә) Көкшетау Б) Көкше тау
8. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған?
А) ал-ты-бақан Ә) алты-бақан Б) алтыба-қан
9. "оюлар" сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
А) 6 әріп, 5 дыбыс Ә) 5 әріп, 6 дыбыс Б) 5 әріп, 5 дыбыс
10. қ, к, с, т әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
А) Қатаң дауыссыздар Ә) Ұяң дауыссыздар Б) Үнді дауыссыздар
11. Сөйлем ішінен дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.
Анасы азаматты далада күтті.
А) далада Ә) азаматты Б) күтті
12. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады?
А) Зат есім Ә)Сын есім Б) Сан есім
13. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Биік, аласа Ә) Келді, кетті Б) Сұлу, көрікті
14. Бала, қыз, ана сөздерінен төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады?
А) Қандай? қай? Ә) Кімдер? нелер? Б) Кім? не?
15. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап
А) Жаңбыр жауды Ә) Арайлым әдемі Б) Автобус жүрді
16. Сөйлем соңынан нүкте қойылса, ол қандай сөйлем?
А) Лепті сөйлем Ә) Сұраулы сөйлем Б) Хабарлы сөйлем
17. Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап
А) құстар, үйлер, аталар Ә) алды, ақ, келді Б) үстел, гүл, кімдер
18. «Сен қашан келесін?» Сөйлемнің қай түрі?
А) Хабарлы сөйлем Ә) Сұраулы сөйлем Б) Лепті сөйлем
19. Үш буынды сөзді көрсет.
А) Керемет Ә) Бұлбұл Б) Екі
20. Алақай, мен жендім!
Сөйлемнің қай түріне жатады?
А) хабарлы сөйлем Ә) сұраулы сөйлем Б) Лептісөйлем