Классный час на тему Алғыс айту күні 4 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:Алғыс айту күні

Мақсаты: Оқушылардың сыйластық, түсінушілік,кешірімшілдік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: шарлар, доп,жүрек, қанатты сөздер

Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей

Әңгімелесу

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Сергіту

———————–баламыз,

————————барамыз.

———————–есейіп,

————————боламыз.

Сахналау:

Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

Жаңа ақпарат

Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғысдейміз.» Қортындылау:

Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке: Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев