Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ғұлама сөздер» сайысы.
1-ші топ: Достық. Ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.
2-ші топ: Бірлік. Ұраны: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
Әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз. Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Бүгінгі таңда халықты президент басқарса, кешегі өткен хандық дәуірде халықты «хан» басқарған.
- Қазақ халқының қандай хандарын білесіңдер?
- Қақназар, Абылай , Тәуке, Есім, Қасым, Әбілхайыр т.б.
- Сендердің ойларын бойынша «хан» қандай болуы керек?
(Әр топ өз ойларын ортаға салады)
Ханды қалай елестетеміз?
1-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу .
2-тапсырма: Хан туралы мақал-мәтелдер.
3-тапсырма: Шешендік сөздер-халық қазынасы.
4-тапсырма: Хан туралы өлең шумағын құрастыру
5-тапсырма: Орналасу ретін есте сақта.
1-тапсырма.
Сөзжұмбақ шешу
Ұлы ақын А б а й
Алғашқы ұстаз Ы б ы р а й
Орта жүз биі Қ а з ы б е к
Ұлы жүз биі Т ө л е
5-тен кейінгі сан а л т ы
Күннің серігі а й
Белгісіз сан х
Ас атасы- н а н
Тышқанның үйі 2- тапсырма. Хан, халық туралы мақал-мәтелдер
Хан қарау болса, халқы ұры болады.
Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.
Қара халыққа хан ие, қара ханға халық ие.
Хан – қарақшы, Халық – орақшы.
Хан азарында, қарашысымен қас болады,
Би азарында, қайырымы жоқ баймен дос болады.
Хан соқыр болса,халық та соқыр болады.
Хан екі айтса қара болады; қара екі айтса, қатын болады.
Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар.
Бидің айтқанын құл да айтады. Әр ханның тұсында бір сұрғылтай.
Хан – қазық, Би – тоқпақ.
Патша залым болса жұрт тозады, Патша алым болса жұрт озады.
Халыққа аға болғанның арқасы жауыр болар.
3-тапсырма.Шешендік сөздер-халық қазынасы.
Аслан : Жеті «жетім»?
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу-қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім.
Арайлым: Кім жақын?
Тату болса-ағайын жақын,
Ақылды болса-інің жақын.
Инабатты болса- келінің жақын,
Сыйлас болса-көршің жақын.
Не қымбат?
Алтын ұяң-әйелің қымбат,
Құт-береке-атаң қымбат.
Аймалайтын-анаң қымбат,
Мейірімді –апаң қымбат.
Айзат: Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса -дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Әйтеке бидің шешендік сөздері
Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң,жауға найзаң тисін
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін! Олжас.
Бүркіт бол,заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса –депті. Анель.
Бұқар жырау сөздерінен
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің.
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткен соң білерсің.
Ажарыңның қадірін сән кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпанды дәл жеткенде білерсің. Асылжан.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етекті кессең жең болмас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей ,жаз болмас.
Шаңқан болмай,бөз болмас,
Өзіңнен тумай,ұл болмас. Әйгерім
Биік тауға жарасар,
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар,
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы. Назерке.
Сатып алмай,құл болмас.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен,хош болмас.
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса,түбі бос болмас. Гауhар
Сырым шешеннің нақылдары
Жол анасы-тұяқ, Дау мұраты-біту,
Сөз анасы-құлақ, Қыз мұраты –кету,
Су анасы –бұлақ, Жол мұраты –жету. Дариға
Қызылқұрт Тәкейдің сөздері
Ер жігіттің ағайыны күншіл болады,
Қайын жұрты міншіл болады.
Нағашы жұрты күндемейді де,міндемейді де,
Нағыз жұрты сол,сыншы болады. Фариза
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа қайыспа! Дінмұхан
4-тапсырма: Өлең құрастыр
5-тапсырма: – Е, Бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? — депті. – Е, шырағым, сұра! — депті Бөлен. – Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп «мынау тағы келе жатыр ма?» – дейді. Бұл неткені? – депті Асау. – Ол келіннің ырысы кеткені,– дейді Бөлен. – Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. «Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?»— дейді. Бұл неткені? — Ол балалардан ерік кеткені. — Бөле! «Қонақ-қонсы» дейді қазақ. Қонақ деген кім, қонсы деген кім? — Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақыртумен келемін. Қонсы деген мыналар, – деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне пәлен келіпті, барып амандасайық деп келеді олар.
— Алыста не алыс? - Жақында не жақын? - Тәтті де не тәтті? — дейді.
Мұса ойланып отырып: — Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
— Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті нәрсе жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті нәрсе жоқ. Жақында — ажал жақын, — депті.
.
Тәрбие сағаты
Қазақ хандығының құрылғанына
550 жыл
Өткізген: Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің мұғалімі:Байжұманова А.С.
1 . Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың кос қанаты кырқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!.
2.Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім! Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін. Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға. Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым. Өз тілімде керемет ақыл –ойым. Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі, Ол тарих, сенің, менің абыройым!
3. Туған тілім - ана тілім Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім. Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. «Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік сөз hәм менен. Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін, Сол тілменен ойнадым далада еркін. Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам, Өмірден, ен даладан ұққам көркін. Сол тілменен білгіздім тілегімді, Бірінші сүйген жарға жүрегімді. Маған қарай тығылып «жаным» деген, Мойнына апарғанда білегімді. Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын, Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым, Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным».
...........................................................................................................
Қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі болған Асанқайғы Сәбитұлының Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке айтқан сөзінен үзінді бермекпіз. Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Сонда Асанқайғыны көре сала Әз Жәнібектің айтқаны: –Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Хан малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас", – дейді. Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен: Шақырса келмес ханымды, Бура қуып келтірді. Қалжы-бұлжы дегізбей, Тура қуып келтірді. Бастай көр қатын құртыңды, Сала көр қатын майыңды, – депті.
............................................................................................
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер. Ерегісіп ұрыспа! Сенікі жөн болса да, Алтын шықпас дұрысқа. Өзіңе біреу тимесе, Кейін қарай жылыста. Мінезі жаман адамға, Енді қайтып жуыспа, Тәуір көрген кісіңмен, – деген екен. Жалған айтып суыспа. Өлетұған тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа. Жөнге баспай тырысып, Орынсыз жерде жем болма. Ашу-дұшпан, артынан, Түсіп кетсең қайтесің, Түбі терең қуысқа!
Шешендік сөздер Бөлтірік шешен туралы «Сөздің көркі мақал-ды», «Сөз қадірін білмесе», «Басқа пәле тілден», «Бәле қайда деме – аяқ астында», «Әкең қапа болады», «Сөз мәнісі», «Тұз сөздің де дәмін кіргізеді», т.б.
«Әкең қапа болады» атты әңгімеде «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деп шынында да ауызы қисық, бірақ жұрттың арасында ретсіз әрнәрсені айта берген байдың баласын бағалағаны үшін жиынның шырқы бұзылғанына қапа болған Бөлтіріктің айтқан сөйлеу мәдениетін ұғындыру ұлағатының барлық күнде де мәнін жоймайтыны анық:«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады».
Сөйлеу мәдениетіне баулу, тәрбиелеу – халықтың ата-бабалық игі дәстүрі. Бірде өзіне орынсыз тисе берген байдың баласының «…айтқан сөзін, уәжін каңбақ құрлы көрмей, оны сөзден де, уәжден де жыға» бергесін байдың баласы төбелес шығарып, сілтеген қолы үй иесінің күрек тісін сындырып, бірақ нәтижесінде Бөлтіріктің баласы айып тартады. Өзі жазықсыз болса да өзіне жасалған әкесінің билігін мойындағысы келмей тұрған баласының сұрағына («– Әке, дұрыс сөйлегенде қалай сөйлеу керек еді? Менің сөзімнің бұрыс жері бар ма?») Бөлтіріктің айтқаны да тәрбиелік маңыздылығымен бағалы:
Жатқа сөйлеме,
Жаманға сөйлеме,
Асырып сөйлеме,
Батырып сөйлеме.
Жасқа сөйлеме
Масқа сөйлеме,
Ұрыға сөйлеме,
Қараға сөйлеме,
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс.
Жаманға айтқан сөзден
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс.
Ойсызға айтқан сөзден,
Ойлыға айтқан сөз дұрыс.
Айтылмай қалған сөзден
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес жерді білсең
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең.
Бәрінен де сол дұрыс.
Олай болмаған жерде
Қанша асыл деме
Сөзіңнің алды бұрыс,
Арты – ұрыс.
Бөлтірік сөздерінің біразы адамдарды жолдастыққа, достық қарым-қатынастарға тәрбиелеу болып келеді. Әкенің баласын тәрбиелеуі – ата-бабалардың жолы. «Саңылауы жоқпен сабақтас болма» атты әңгімеде шешеннің ұлының сотқар, бұзық балалармен бірге жүргені, әкесінің ескертулеріне құлақ аспағаны, ақыры солардың тазы ұрлаған оқиғасына байланысты жазаланып, айып тартқандардың бірі болғанына байланысты айтқан Бөлтіріктің насихат сөзі де тағылымды:
Саңылауы жоқпен
Сабақтас болма.
Байлауы жоқпен
Санаттас болма.
Тілегі жаманмен
Қапаға түспе.
Тегі жаманмен
Ортаға түспе.
Адамдардың балалық және есейген, егделенген жастары кезеңдерінің барлығында да достық, жолдастық қарым-қатынастардың ең маңызды орын алатыны белгілі. «Жақсымен жолдас болған» атты әңгімеде адамдардың арасында көп жылдар бойы қалыптасқан шынайы жолдастықты, достық көңілді қарым-қатынастарды сақтай білу ұлағаты назарға алынған. Ал, асыл текті жақсы адамдардың өзара суысып бара жатқан бұрынғы жолдастық қатынастарын сақтау керектігі тек ғана тұспалды, мегзеулі сөз мағыналарымен ғана жеткізетін Бөлтіріктің суырып салып (импровизациямен) айтқан қанатты сөздерімен өрнектелген:
Жақсымен жолдас болған,
Ел ұстанған тілектей болады.
Қыз ұстаған жібектей болады
Жадыраған жаздай болады,
Айдын көлдегі қаздай болады,
Отау ортасындағы оттай болады,
От ортасындағы шоқтай болады,
Тұрағы алтын шырақтай болады.
Тұяғы асыл пырақтай болады,
Мұнша дәулет кімге тұрақтай алады?!
Адамдардың өзара жолдастығы, достығы нағыз сын сағаттарында, қиын-қыстау кездерінде танылады. Адамдардың арасында жолдастық, достық қарым-қатынастарын тек ғана дәулеті шалқыған, қызмет дәрежесі бар кезіндегі пендешілік есепке ғана құрып жүретіндер де кездесетіні мәлім. Ал, шын жолдастық, достық тек ғана қиыншылықтарды бірге көтеріскен мәрт мінезді қасиеттермен ғана көрінуі тиіс емес пе? «Жолбарыс терісін жамылған батыр» аталатын халық әңгімесінде бірге келе жатқан адамдардың жолбарыспен бетпе-бет кездесіп қалғанда аңмен алысып жатқан Бөлтірікті тастап қашып кеткендіктеріне байланысты бағалау жасалған. Жолбарыспен жалғыз өзі алысып, өлтіріп, «Иығына салып алған жолбарыс терісінің бір пұшпағы жерге сүйретіліп» келе жатқан Бөлтірікке қашып кеткен жолдастары қайта оралып келгендегі диалогтардан, шешеннің қорытынды бағалауларынан жолдастықтың шынайлығы мен жалғандығына баға берілген. Бөлтірік шешеннің поэтикалық мағынасы, мегзеулі ойлары терең сөздері арқылы адамгершілік қасиет сапасының шынайылығы дәлелденген:
1. «Тірі болсам да, өлі жолбарыс құрлы болмадым. Өлі болса да бұл жолбарыс тірі Бөлтіріктен гөрі жолды екен»;
2. «Мен екі сойылдым, жолбарыс бір сойылды… – Мынау қасымда тұрған қоянжүректер мені жалғыз тастап қашып кетіп, бір сойылдым. Олардан соң батыр жүректі жолбарыс болат тырнағымен, алмас азуымен тағы сойды. Ал, жолбарыс болса, ол бір-ақ сойылды».
3. «Жолбарыста қырық жігіттің айбаты бар, бір жігіттің қайраты бар. Жүрегін тоқтата алған жігітке бір жолбарыс не қайрат қылушы еді» – деп жауап беріпті. Осы оқиғадан кейін ел ішінде Бөлтіріктің «Жолбарыс жүректі батыр», «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген аты шығыпты». Жақсы адамдардың достығы арқылы адамзаттың өсіп-өркендеп келе жатқаны белгілі. Сондықтан, Бөлтірік шешеннің жолдастық, достық туралы сөздері азаматтық-отаншылдық тұғырнамамыз берік халық екенімізді дәлелдейді.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Бүгінгі санда біз сіздердің назарларыңызға ақын, журналист, Сәрсенбі Дәуіттің «Абылай хан» атты еңбегіндегі Бұқар жыраудың Абылайға қатысты айтқан сөздерінен үзінді беруді жөн санадық.
Біз бүгінде Абылай хан жайлы айтқанда оның өз елін аялаудағы, өз жерін жат көзден қорғаудағы аса қырағылығы мен қайтпас қайсарлығын еске түсіреміз. Оны жан-жақты жырлап, оның жетістігі мен кемістігін де жұрт алдында жайып салып отырған Бұқар жырау ол жайында:
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледің.
Алмаған жауың қоймадың,
Алған сайын тоймадың.
Несібеңді жаттан тіледің, –десе, Шоқан осы жырау айтқан пікірді одан
әрі жандандырып:
«Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандарға арқау болған», – деп жазса, біз мұны өте дұрыс баға деп білеміз.
Біз XVIII ғасырды әдебиетіміздің алтын ғасыры деп бағалайтын болсақ, онда сол кезеңнің алтын шаңырағы деп Бұқарды айтқан болар едік. Өйткені Бұқар – бүкіл сол дәуірдің тарихи шындығы мен әлеуметтік мәселелерінің жыршысы бола білді. Атамыздың әр толғауы дастан сияқты қабылданады. Енді біз жыраудың Абылай ханға айтқан мына сөзіне де құлақ түріп көрейік:
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа.
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
Жыраудың осы толғауы адамның ішкі жан дүниесін еріксіз тербейді, ханның қарсы алдында тұрып, оның кеше кім болғанын, қаймықпай жырлайды. Тіпті, Сабалақ деген атпен түйе баққанын да, әншейін-ақ екінің бірі болғанын да айтып салады. Осы орайда Бұқарға қандай риза болсаңыз, хан басымен осындай зілбатпан сөзді көтерген Абылайға да сүйсінесіз.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Алыста - не алыс!
Байдалы шешен әбден қартайып үйінде төсек тартып жатыр дегенді естіп Мұса деген жігіт іздеп келіпті. Сөйтсе Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөн сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
— Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!, — дей беріпті.
Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
— Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? — депті Байдалы.
— Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін дағы, — депті Мұса.
— Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! — дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
— Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? — дейді.
Мұса ойланып отырып:
— Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
— Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті нәрсе жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті нәрсе жоқ. Жақында — ажал жақын, — депті.
Асусыз тауға кез болдым
/Байдалы шешенге қатысты тағы бір әңгіме/
Кезінде Қарқаралыда билік жүргізген Мерке деген адам болған. Ол туралы көп әңгіме естіген Байдалы шешен бірде Меркеге сәлем айтып, бір кісі жіберіпті. Сәлемінде: «Аты аталған адамды білерлік адам деп естимін. Мен төрт түрлі дертке ұшырап қалдым, бұған ем тауып берері бар ма екен, біліп келші», — депті. Жіберген адам барса, Мерке алқа-қотан жиналған топтың ортасында отыр екен, Тапсырған жұмысын айтқаннан кейін, Мерке аз уақыт ойланып: «Есіл, Байдекем-ай! Өлшеуден асқан жасы құрғырдың керегі жоқ екен-ау, бұл кісі де мұндай күйге ұшырап қалған екен!» — деп ренжиді. Отырған көп: «Бұл қалай, Байдекең төрт ауыз жұмбақ айтқан сияқты, біз түсінгеніміз жоқ. Өзіңіз түсініп ренжіген боларсыз. Көпшіліктің естуі лайық емес пе!» — депті. Сонда Мерке отырып:
— Байдекеңнің айтып отырғаны аса қиын сөз емес, жай ғана өзінің басындағы халі екен. Айтып жіберген сөздері мынау: «Асусыз тауға кез болдым, өткелсіз суға кез болдым, жоқты жаяу көп қарай беретін болдым, аяусыз жаудың қолына кез болдым», — дейді. Мұның үшеуі — асусыз тауға кез болғаны — тізесі сарбуын болып, аяғы жүруге келмейді екен. Өткелсіз суға кез болғаны көзін жас алды дегені — тәрбиелеп, қасында отыратын бәйбішесі жоқ, шақшасын қарбалақтап көп іздеп, зорға тауып алып отырады екен. Аяусыз жаудың қолына кез болдым дегені — келін баланың қолында отыр екен.— Мен дертінің біреуіне ғана дауа айтам. Басқасын өлшеуден асқан жасынан көрсін. Қалта істетіп алса, жоқты жаяу қарай беруден құтылады, — депті.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
ҚОНАҚ НЕШЕ ТҮРЛІ БОЛАДЫ?
Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып:
– Е, Бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? — депті.
– Е, шырағым, сұра! — депті Бөлен.
– Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп «мынау тағы келе жатыр ма?» – дейді. Бұл неткені? – депті Асау. – Ол келіннің ырысы кеткені,– дейді Бөлен. – Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. «Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?»— дейді. Бұл неткені? — Ол балалардан ерік кеткені.
— Бөле! «Қонақ-қонсы» дейді қазақ. Қонақ деген кім, қонсы деген кім?
— Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақыртумен келемін. Қонсы деген мыналар, – деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне пәлен келіпті, барып амандасайық деп келеді олар. – Ал, Бөле! Қонақ неше түрлі болады?
– Қонақ төрт түрлі болады:
Арнайы қонақ,
Құдайы қонақ,
Қыдырма қонақ
Қылғыма қонақ.
Сұрақ қою кезегі Бөленге келеді. Сонда ол Асаудан:
— Жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды.
— Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын,— дейді Асау:
Қайын жұрты — міншіл,
Өз жұрты — күншіл,
Нағашы жұрты — сыншыл.
Сонда Бөлен:
— Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол – елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді- ау! – депті.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Жиреншенің ханның қызын қалай алғанын білесіз бе?
Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.
– Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің?, – деп сұрайды.
– Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім, – деп жауап береді бала.
– Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
– Түйемнің тұсауы өліп қалып еді, – дейді бала. Ол әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.
– Балам, біз қай үйге қонамыз?
– Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да қона бересіздер! Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар, – дейді бала. Ханның қасындағылар:
– Мынау бір мырза бала екен, осының үйіне қонайық, — дейді. Келген соң бала бір буаз саулықты жетектеп келіп «иллаһи амин!» дегенде: «Шырағым, бойдақ қой жоқ па? — деп ескертеді хан.
– Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жесеңіздер, біздің үйге қон дегенім осы емес пе еді?, – дейді бала.
Қонақтар жауабына қайран қалады.
Бір күндері Әз Жәнібек хан қырық уәзірін жиып алып: «Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріп қалағандарыңды алыңдар. Таба алмасаңдар, бастарыңды аламын, ойлануға қырық күн мүмкіндік бердім», – депті. Уәзірлері қырық күн ойлап, таба алмапты, қырқыншы күн болғанда хан уәзірлеріне «Өтірік пен шынның арасын немен айыра алатынын таптыңдар ма?» – дейді. «Жоқ, тақсыр, таба алмадық», – депті уәзірлері. Хан «бастарыңды алармын» деп қаһар қылғанда әңгіме естимін деп жай келіп отырған Жиренше бала уәзірлерге: «Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қырқыңа қырық күн міллет берді ғой, енді өздерің тіленіп ер басына бір-бір күннен міллет алсаңдаршы! Соған шейін бірің болмаса, бірің табарсыңдар!» – депті. Хан «жарайды, бұл баланың сөзі дұрыс көрінеді. Менің мақсатым сендерді өлтіру емес, сынау. Ақылды болсаңдар әрқайсысыңнан бір-бір ақыл алғанымда менде қырық кісінің ақылы болар еді; сендерде ақылдан шайнам жоқ. Қырық кісіде жоқ ақыл бір кісіден қайдан табыла қойсын! Ер басына қырық күннен міллет бердім», – деп тағы да ойландырып жібереді.
Ханның алдынан шыққан соң он екі жасар бала Жиренше «бұл сөзді біреу болмаса біреу білер, соны іздеп табамын» деп айлап ел кезеді. Сөйтіп жүріп қорғаны бар шаһарға да жетеді. Қақпаның аузында сүліктей қара көк ат мінген, үстіне сауыт киіп, садақ асынып, найзасын жарға шаншып біреу тұр екен. Оған сол қақпадан кірген-шыққан адамның бәрі де сәлем берісіп өтеді. Жиренше оған сәлем бермей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте шығады. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп тұрған әлгі жігіт: «Әй бала, сенен басқа осы қақпадан кірген-шыққанның ешбірі сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге мойныңды бұрмай барасың?» – дейді. «Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме?» – дейді бала. «Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп пе едің? Көріп-білмеген жан сияқты екенсің! Кел, артыма мінгес те біздікіне қонақ бол!» – дейді жігіт. «Ер тоқымды аттың алдын бізге, артын сендерге бұрыннан бұйрық қылған және «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар, жұртыңды жүр де көрсет, жаяу-ақ барайын», – дейді бала. Ол атты, бұл жаяу, үйіне ертіп кеп мейманханасына кіргізеді. Асын жеп болған соң мырза келіп: «Ә, қонағым, әңгіме айт!» дейді. Бала: «Біріміз жарты, біріміз бүтін, әңгімеміз келісе ме?» дейді. Бұл сөзге шыдап отыра алмай үй иесі ұялып шығып кетеді. Сүйтсе әлгі жігіт қыз екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдында тұрып, келген-кеткенді сынауға, сынынан өткен жанға тиюге атасынан рұқсат алыпты. Олай өткен, былай өткен жолаушының бәрі де мұның әйел екенін білмей, сәлем берумен болыпты. Тек Жиренше көрген жерден атқа отырысынан әйел екенін біле қойып «біріміз атты, біріміз жаяу» дегені «біріміз еркек, біріміз әйел, қалай сәлем берісеміз» дегені екен. Өзінің әйел екенін әбден танығанын біліп «біріміз бүтін, біріміз жарты» деген сөзді естігенде қыздың ұялып тұра жөнелгені сол екен. «Өзімнен білімі асқан бір адам кез келді, мені осыған берсін» деп қыз әкесіне сөз салдырады. Оны атасы қош көріп, қабыл алады. Жорға бие сойып жоғарғы елді шақырып, төбел бие сойып төменгі елді шақырып, үлкен тамаша қылып, қызын Жиреншеге қосады.
Екеуі қосылған соң Жиренше шешен «мен қайтамын» дейді. Қалыңдығы: «Сіз қайда қайтасыз, әкемнің менен басқа ұлы да жоқ, қызы да жоқ. Әкем өлгеннен кейін осы дәулет кімге қалмақ? Есіктен табылса, төрге озба деген бар емес пе?» – дейді. Оған Жиренше былай дейді: «Әз Жәнібек деген ханымыз қырық уәзіріне: «Өтірік пен шынның арасын айырыңдар», – деп қысым қылып еді. Соны таба алмай уақытша міллет алып еді. Мен соны білушілер болар ма деп іздеп шыққан едім, – дейді.
«Өтірік пен шынның арасы бір-ақ тұтам жер. Оның мәнісі: көзбен көрген шын, құлақпен естіген өтірік. Құлақ пен көздің арасы бір-ақ тұтам ғой. Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық емес пе?» – дейді қыз.
Жиренше:
– Бәрекелді, іздегенім табылды; енді мұны мен барып, Әз Жәнібек ханға естірмесем, қырық уәзірін жоқ жерде өлтіріп, қырып тастар, – деп жүруге ыңғайланады. Оны білген соң қыз атасына кісі салдырып: «Жат жұртқа жаралған мен әйел, мына күйеу ер, ел жұртына қайтамын деп жатыр. Бізді ұзатсын!» – депті. Атасы қызының айтқанын қабыл көріп ұзатады. Сөйтіп екі кісі паналарлық үйі жоқ Жиренше бір ауыз сөздің түп-төркінін білемін деп жүріп, қалыңсыз ханның қызын алады. Хан қызының ақылымен, әз Жәнібек ханның бас уәзірі болды дейді.
Әз Жәнібектің қырық уәзірі ханға: «Жиреншенің қатыны сізге лайық кісі екен, әйелдің сұлуы екен», – деп мақтап, өсіріп сөйлеп келеді.
Сонымен бір күні аңға шыққанда ханның лашын құсы қашып кетіп, Жиреншенің үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі ұстап алып түлетіп-желпінтіп қояды. Оны естіп, құсын алуға ханның өзі барады. Жиренше үйде жоқ екен, қатыны бүркеніп шығып, ханға құсты алып береді. Хан қараса, құсқа томаға тігіп кигізіп, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастырып қойған екен. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан жоқ екен, жеңдерімен ұстап, «жұмсақ жүн» деп құстың аяғына уықтың бауын тағады екен. Ұшқанда онысы бір құлаш болып шұбалып аяғына оралып жүреді екен. Сондықтан хан не құсына қарарын да білмей, не қатынға қарарын білмей, атынан ауып түсіп қала жаздайды.
– Біз бүгін осында қонамыз, – дейді хан.
– Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, біраз күн араға салып, бір айналып келіңіз. Кіріміз болса жуынып, қонақ жабдығын хал келгенінше даярлап тұрайық. Және жігіт-желеңмен келмеңіз; көп қонақты күтуге шамамыз келмейді, өз басыңыз ғана болсын! – дейді Жиреншенің жұбайы. Хан «жарайды» деп, «оңаша келіңіз» дегеніне дәмелі болып, көңілі өсіп қайта береді. Сонымен бірнеше күн өткен соң хан жалғыз өзі келеді. Хан келген соң әйел алдынан шығып, қолтығынан сүйеп түсіріп, қолынан ұстап үйге кіргізеді. Бар дүниелігін жайнатып, ханның зығырын қайнатып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы тұр.
Ханды отырғызып қойып, әйел тамақ жабдығымен айналысады. Хан жалғыз өзі отырып оған-бұған көз салса, қатынның нәрсесінің бәрі кестелі екен. Жастықта да, көрпеде де, шымылдықта да, орамал, дастарқанда да бәрінде де кестемен тіккен бір жазу бар. Ол «біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер» деген сөз еді.
Хан бұл сөзге түсінген жоқ, есі-дерті әйелдің етегінде, нәпсінің жетегінде болып отыра береді.
Уәзірдің әйелі бір уақытта палау басып, әртүрлі ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қойыпты. Хан бұрын палау жеп көрмеген болса керек, әр түсті ыдыста болған соң басқа-басқа ғой деп әр қайсысынан бір-бір алып татады. Бәрінің де дәмі бірдей болған соң, «бұл қалай» деп қайран қалады.
– Тақсыр-ау, ыдысының басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ, – дейді
әйел. Ханмен біраз бірге отырып әзілі жарасқан соң:
– Тақсыр, ас айныса, не түзейді?» – дейді.
Хан: «Май түзейді», – дейді.
Қатын: «Май айныса, не түзейді?» – дейді.
Хан: «Тұз түзейді», – дейді.
Қатын: «Тұз айныса не түзейді?» – дейді.
Хан бәлен дей алмайды. Тағы да әйел: «Халық айныса не түзейді?» – дейді.
«Халық айныса, хан түзейді», – дейді.
«Хан айныса, кім түзейді?» – дейді.
Сонда хан дәнеме дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақырында айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан қайтып кетіпті.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
ЖИДЕБАЙ МЕН ҚАРАМЕНДЕ БИ СӨЗДЕРІ
Әлтеке Жидебай әрі шешен, әрі батыр болған екен. 95 жасқа дейін өмір сүріп, нәсілі өсіп, немере-шөберелі болыпты. Қартайған кезінде жастық шағының жолдасы Қараменде би есіне түсіп, өткен жастық уағындағы істерін, қартайып қажығандағы өзгерістерін айтып пікір алыспақшы болуды ойлайды. Ол кезде ел арасындағы қарым-қатынас тек жылқының арқасында ғана болғандықтан өзі бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақыртып алып:
— Шырағым, Тобықтыда Қараменде деген досым бар еді. Көрмегелі көп болды, сағындым. Өзім іздеп баруға шамам жоқ, о да қартайды, іздеп келе алмайды. Соған айтатын бір сәлемім бар еді, соны жеткізсең,— дейді.
..........................................
Жігіт келіскен соң Жидебайдың айтқаны: «Бес ауыз бір сөзім бар, алты ауыз бір сөзім бар. Осыларды бірімен бірін шатыстырмай анықтап ұғып ал»,— деп тапсырады.
Ол кезде көпшілік хат танымайды. Жидебайдың айтқан сөзін жігіт жаттап алады.
Бес ауыз бір сөзім:
Төрт нәрседе үміт бар,
Бір-нәрседе үміт жоқ,—
Осыны айт дейді.
Алты ауыз бір сөзім:
Мұсылман жаудың қолында қалдым.
Бес атаның малын іздеп әуре болдым.
Алпыс ат үйір бермейді.
Жетпіс торғай шырылдайды.
Сексен балапан ұя басып жатыр.
Тоқсан жұмыртқа қашан жарылары белгісіз,— дейді.
Жаздың күні, жайлауға қонған қалың елді аралап бірнеше күн жол жүріп, бағанағы жігіт Тобықты еліне жетіп, Қараменде биді іздеп табады.
Біраз күн жатып, тынығып ел жайы, ер амандығына қанысқасын жігіт қайтпақшы болады. Сонда Қараменде: «Жидекем тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма?»— деп сұрапты.
Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты. Қараменде шарта жүгініп отырып көп толғанып ойланады. Біраздан кейін:
Төрт нәрседе үміт бар дегені: адам баласы төрт үмітпен жүріп өтеді екен-ау,— дейді:
Жас өсемін деп үмітті,
Жалғыз көбейем деп үмітті,
Жарлы байимын деп үмітті.
Ауру жазылам деп үмітті.
Бір нәрседе үміт жоқ дегені:
Шіркін, көктемі мен жазы өтіп жапырағы қуарған ағаштай, ұрты солып, жағы түскен кәріліктен ғана үміт жоқ екен, – дейді.
Алты ауыз бір сөзім дегені:
Мұсылман жаудың қолында қалдым дегені: «Бірге жасасып, тәтті өмір сүріскен, бір-біріне иістері сіңіскен жастық шақтың жұбайы қайтып, жесір болып, келін баласының қолына қарап қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі қақпақ қойса балаға сонда ғана сыйымды болады», – депті.
Бес атаның малын іздеп әуре болдым дегені: «Қайран батыр қартайып, көзі көр болған екен ғой. Жастан серік болған бес жолдасы: Мүсуақ, тәспіқ, орамал, бәкі, қамшы болар. Осылардың басын құрап жинау үшін жан-жағын сыйпалап іздеп тапқанша, түс ауып кетеді екен ғой. Жанына жан қалта, төсіне төс қалта салсын, – депті (Ол уақыттағы қазақтың киімдеріне қалта салынбайды екен).
Алпыс ат үйір бермейді дегені: алпыс жас ағайынды жауға беріспейтін қайрат-күштің қайтпайтын кезі екен ғой; Жетпіс торғай шырылдайды дегені – жетпісте торғайдай ғана қуатым қалды дегені екен ғой.
Сексен балапан ұя басып жатыр дегені – сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым дегені екен ғой.
Тоқсан жұмыртқа қашан жарыларын білмеймін дегені — тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабырдамын, ақ тағдыр қашан жетеді деп күтудемін дегені екен ғой, – депті.
Шешендік сөздер
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
12 жасар Қасеннің Еженханға айтқаны...
Асанқайғының шын аты Қасен екен. Ол он екі жасар бала күнінде шүршіттің ханы Еженхан қазақтарға:
«Айғырын кісінетпесін!» деп жарлық қылыпты.
– Егер, далада жүріп қазақтың айғыры кісінесе, менің қорадағы биелерім құлын тастайды. Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады, – депті.
Жұрт мұны естіп, уайымға түсіп, күйзеліпті. Он екі жасар Қасен халыққа:
– Бұл үшін уайым жемеңдер. Қырық желмая тауып беріңдер. Ежен ханға барып, бұл жарлығын қойдырайын, сөйтіп кеңшілік алып келейін, – депті.
Ел болып жиылып баланың айтқанын дайындап беріпті. Бала қырық мергенді ертіп, желмая мініп, Шүршіттің ханына жөнеліпті. Шаһардың шетіне кіргеннен-ақ «әу» деп үрген итті ата беріпті. Иттің иелері:
– Бұның қалай, жазықсыз итімізді неге атып қырып келесіңдер? – десе, «Біз Елібайдан келе жатқан елші, не арыздарың болса, хандарыңа барып айтыңдар. Жауабын ханың арқылы беремін», – деп жүре беріпті. Ханы:
– Олар келсін, себебін сұрап біліп көрерміз, – деп, Қасенді кісі жіберіп, шақырыпты. Олар келіп ханға жолыққан соң, хан:
– Елші болғандарың қалай? Келе елімізді бөрліктіріп ойран салғандарың қалай? – дейді. Сонда бала Қасен:
– Тақсыр! Оның мәнісі бар. Кішкене күнімде әкем маған қой бақтырды. Далада жүргенімде қасқырлар келіп қамады. Сонда мен көмекке ойдың да итін шақырдым, қырдың да итін шақырдым, шәһәрдің де итін шақырдым. Бір ит келіп ара түспеді. Сонда ант ішіп едім: ойдың да итін атармын, қырдың да итін атармын, шәһәрдің де итін атармын, – деп. Сол сертіме жетейін деп ит біткенді қиратып атып келе жатқан жәйім бар! – депті.
Сонда хан:
– Тентек шіркін! Қазақтың мидай даласында жүріп сенің айқай салған дауысыңды біздің шаһардың иті қайдан естісін? – дейді. Сонда Қасен айтыпты:
– Айғыр дауысын қорадағы бие естіген жерден, кісі дауысын ит естімеуші ме еді?
– Қап, бала! Мені табандатып ұрдың-ау! Мен ұтылдым, қалағаныңды ал!, – депті хан.
– Хан, олай болса, елімнің билігін өзіме берсең болады! – депті.
– Бар, бердім, қазақ деген жұртқа өзіңді хан сайладым!, – депті Ежен.
Содан былай Қасен «хан» атанып кетіпті.
Шешендік сөздер
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Шыңғысхан бір күні Ұлысбасыларын, билер мен бекзадаларын, халқын Ордасына жинап былай депті:
– Уа игі жақсылар, менен күшті, құдретті, ақылды жер бетінде адам бар ма?! Уәзірлерінің ішінен біреуі жүгіріп келіп аяғына жығылып,
– Уа Қаған сізден асамын дейтін пенде болса, осы қазір басын алып келемін - депті. Шыңғысхан айналасына көз жіберіп:
– Тағы кім бар мынаның сөзін шындық және шыңның басында жалғыз мен екеніме куә болатын – дегенде, жеті уәзірі келіп әлгі жағымпаздың қатарына тұрыпты.
Ал отыз «Себет» - ноқталы биі тапжылмай орнында тұрып қалыпты. Қаған орнынан тұрып, өзіне жағымпазданып, түлкідей бұлаңдап басын иіп тұрған сегіз уәзірінің әрқайсысына бір-бірден үш айлық сәбиден ұстатып:
– Қане, енді мынау қолдарыңдағы жылап тұрған сәбилердің көңілін тауып, күлетіндей жағдай жасаңдар – депті. Сегіз уәзір Қағанның өздерін сынап тұрғанын білгесін, еңіреп тұрып:
– Уа Қаған, бұл ұсынысыңыз ба, пәрменіңіз бе? Бұл жағдай біздің де, Сіздің де қолыңыздан келмейді, тек қана әрбір сәбидің анасының ғана қолынан келеді - деп, олардың боздаған дауыстарымен жылаған сәбилердің үндері қосылып Орданың ішін азан-қазан айқайға толтырады. Қаған уәзірлердің қолындағы сәбилерді аналарына тапсыруға, ал уәзірлердің қол-аяғына кісен салуға бұйырып, сыртқа халық алдына шығып, әрбір анаға он жылға жетерлік нәпақа бөлдіруге пәрмен беріп, ел алғысына бөленіп Ордасына қайта кіріп кісендеулі тұрған сегіз уәзіріне былай дейді:
– Сендер маған адал қызмет жасадыңдар, сондықтанда Сендердің бұдан былай арамдыққа ұрынбауларың үшін менде, Көк Тәңіріде қолдайды, ал мененде зор, күшті, құдіретті, ақылды, ол әрбір туылған сәби екен, оған көздерің жетті. Әрбір жарық дүниенің есігін ашып келген сәбиге анасының ғана үкімі, пәрмені жүреді. Менің соңғы Сендерге өтінішім осылай, О дүниеге де осыны айта барыңдар – деп, сегізін де өлім жазасына кеседі.
Ал, қалған уәзірлеріне осы күннен бастап әрбір туған анаға барлық жағдайды жасауларын және құдай қосқан қосақтарына әрбір наурыз айының «он жетісі» күні қалаған ең жақсы көретін затын, асын т.б. таңдауларын әперуді және Патшаның қазынасы көтеретіндей жағдайда әрбір әйел затына сый тарту-таралғы көрсету үшін «Жарғұп таңбаға» «Зақат Зақан» деп жаздырып, дүниенің Төрт тарапындағы елдерге ат шаптырғанда әр елден «Зақат Зақан» деген үшбу хатнаманы ұстап әйел заты ағылады. Содан Тараз шаһарының айналасында екі жүз жиырма бір күн той-думан болыпты. Бұл той тоқтамас па еді Шыңғысханнан пәрмен келмегенде, себебі Қаған әйел затына шен беріп, саяси ел жағдайына араласуға жағдай жасамақшы деген сөз ел арасына тарағанда, әйел қауымы бір-бірінен асып түсу үшін неше түрлі айла-тәсілге көше бастайды. Қаған осы жағдайды тағы біліп, осы жолда белсенділік көрсеткен 500 әйелді жинап алып:
– Қане, араларыңнан кімді басшы сайлар едіңдер – деп билікті өздеріне бергенде, ешкім шыға қоймапты. Қаған атқа мініп әйел қауымының арасынан өтеді. Әрбір әйелдің көзінен от шашқан қызғанышты байқайды. Қаған аттан түсіп Көк байрақты тағына отырып былай дейді:
– Айша бибі Зақат Айкерүлім Әз Анамыз айтқан екен, «Ераяқ жау келгенде қадірлі, итаяқ жалағанда қадірлі, Ераяқты итаяққа теңеген әйел жер қауып, көмусіз қалсын» - депті. Мен Сендерге екі жүз жиырма бір күн еркіндік бердім, ал Сендер 3 мың әйел затын өлтіріпсіңдер, бұл Сендердің қамшы ұшында, қазанның құлағындағы қылықтарының тамшысы ғана.
– Мен ешқашанда әйел баласына билік бермеймін.
– Ұлы Қазақ Қаһаннан тараған тектілердің өсиеті бар. Қызды анасындай сыйлаған, бірақ қатынға қалпақ кигізбеген халықпыз! Менің бұл екінші сынауым Сендерді. О дүниеге осыны айта барыңдар – деп осы 500 жүз әйел қауымын «Ыстық көлге» батырып өлтіреді.
Ұлы Керегеней Сабулай ұлы Шыңғыс Қаған осылай деп шаңырақтың төрі мен босағасын сынақтан ел көзінше өткізіп аты әлемге «паш» болады. Екі жүз жиырма бір күндік тойда әйелдерге басшылық жасаған Шыңғысханның қарындасы «Уәстік» есімді қарындасы да 500 әйелмен бірге суға батырылып өлтіріледі.
Тұран елінде екі киелі көл болған. Кіші марқа көл, Ұлы марқа көл.
«Уәстік» - батып өлген Ұлы Марқа көл, осы уақиғадан соң «Ыстық көл» атанып кетеді.
Киелі де, қасиетті «Бестаңба» кітабының, «Ғасыр табақ насиятына» осылай деп жазған Ашамайлы Керей Тоқсаба батыр екен. Осы оқиғаға Тоқсаба батыр бастан аяқ қатысады. Ал оқиғаға себепкер, әйелдерді бастап жүрген Шыңғысханның атасы бөлек қарындасы «Уәстік» - Баһашүр» болған.
«Паш» - деп, наурыз айының он жетінші жұлдызын айтады. Осы күні Наурыз торғай шықылықтап келіп, көктем хабарын жеткізеді. Халық Наурыз торғай келді - деп шулағаны сол дүниеден озған аналар, өз қателіктерін жер бетінде қайталанбаса екен – деп хабар береді деп Алиасқар Байғұтұлы Наурыз мейрамында айтып отырады екен.
Шешендік сөздер
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Бір жылдарда қыс қатты, жер мұз болып, мал жұтайтын болған соң орта жүз елі ішінде Зәңгір төренің баласы Омар төре бар жылқыларын “Обаған-тімжүр” деген жерге айдайды.
Қанжығадан Дауытқұл - Сейітқұл деген жігіттер Асаубайды ертіп олар да сол жерге жүреді. Жолда Обаған өзенінен Қожық деген біреу әр өткен жылқыдан бір бие, бір ат алып, өткелден өткізеді екен. “Барып біліңіз” деп Омар төре Асаубайды жұмсайды. Сонда Асаубай айтады:
– Е, елде жүргенде екі көзің ежірейіп, екі құлағың қамыстай боп, екі езуің талыстай боп, сөзің ұртыңа сыймай, енің бұтыңа сыймай, маған жол бермеуші едің ғой өзің бар, – депті. Омар төре: «Сіз барып жолығыңыз», деп қатып сұраған соң ақыры барыпты. Асаубай барса, Обаған өзенінің басында, Жардың астында, екі үйде көп адам жиналып отыр екен. Бәрі де мал айдағандар, одан-бұдан мал алып қалмақшы екен. Омардың да он жылқысын айдатып алыпты. Сонда Асаубай тұрып:
Ассалаумағалейкүм Алдияр төре,
Зәңгірханның баласы Омар тұр.
Жер дүниені қара жердей обар тұр
Жалбарынбақ бізден емес,
Жарылқамақ сізден емес пе?
Тілемек бізден емес пе,
Тілек бермек сізден емес пе?
Өрттің орнында бір топ көде қалатын
Сіз жұртқа келген сілем емес пе...
Уа, неғып жатырсың Қожақ,
Жатқаныңнан тұрмайсың аяғын созып,
Үнемі атың бәйгеден келе бермес озып,
Тоқтауына кездессең бір-ақ күнде
Кетерсің тозып
Атам батыр Тұрсынбай,
Ешкімге кеткен бойсынбай.
Уа, менің атым Асаубай,
Жақсы-жақсы сөзім бар,
Жиып алса, жүк қып жиған жасаудай.
Өткір-өткір сөзім бар,
Көк тасқа салған қашаудай .
Он жылқымды алдырып,
Қорықпайсың ба құдайдан? – депті.
Сонда Қожық Омардың он жылқысына бір жылқы қосып он бір жылқы ғып малын қайырған екен.
БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?
bbc.co.uk (фото)
bbc.co.uk (фото)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Сөз өнері» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі, шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді..
БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?
(Торайғыр шешен айтқан сөз)
Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұқпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Әділ биі болмаса,
Бірлігі кетіп ел ғаріп.
Қадірін елі білмесе,
Қайратты туған ер ғаріп.
Бақытты адам қаласа,
Қар үстінде от жанар.
Бақытсыз адам қаласа,
Құрғақ үйден су тамар.
Жақсы туған баланың,
Атасы жаман болса да,
Төрде отырып сый табар.
Жаман туған баланың,
Атасы жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.
Анықтама үшін: Торайғыр Едігеұлы (1772 – 1825) – белгілі би, шешен. Шыққан тегі арғын ішіндегі айдабол. Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туып өскен. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартты. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825). Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (“Аспан, жер және адам жаратылысы туралы”) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде “Торайғыр көлі”, “Торайғыр ауылы” атты жер-су аттары бар.
Ақтайлақ би айтқан сөз
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Сөз өнері» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді..
ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ?
(Ақтайлақ би айтқан сөз)
- Бұл дүниеде не жетім?
Санай берсең көп жетім
Үйрек, қаз қалқып ұшпаса
Дария - шалқар көл жетім.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел жетім.
Ұлығы әділ болмаса,
Төресін түзу бермесе,
Болады байтақ ел жетім
Өз бетімен білмесе,
Айтқан сөзге ермесе,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Замандасы болмаса
Өкей жастың ішінде
Қария болар тез жетім.
Қара қасты, қыпша бел
Сылаңдаса алдында,
Сөзіңді қабыл алмаса,
Құр қараған көз жетім.
Еңбегі еш, тұзы сор,
Көргенсіз болса қатыны,
Өмір бойы ер жетім.
Жаман болса барғаны,
Ішінде көп арманы
Наданға барған жақсы әйел,
Білер болсаң бұл жетім.
Бабын білмей иесі
Аяғына қан түскен,
Ұлы дүбір жиында
Қосылмаған ат жетім.
Дүниеден өтсе данышпан
Жүйріктермен жарысқан,
Оқитын ие болмаса
Жазулы қалған хат жетім.
Анықтама үшін: Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: ... «Ақтайлақ би түрлі жиындарда кез келген адаммен сөз қағыстырға қалған жағдайда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататын қабілетке ие болатын. Сондықтан ол балиғат жасқа келмей жатып-ақ қазақтың қара тілі атанған-тын. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен»
Шешендік сөздер
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді..
Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып еру ауылдың жанында асық ойнап жүрген бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітіп алады. Оған бай ашуланып әлгі баланы қуа жөнеледі. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкігені сол-ақ екен байдың басындағы бөркі жерге түседі. Байтал одан бетер тулап байды жығып кеткенде бай бақилық болады. Сонан кейін байдың тумалары мен елінің игі жақсылары жиналып келіп балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес бірнеше күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен, жиналған көпке Мөңке бала былай депті: “Иә, ағалар-билер, сіздер бұл кеңесті тым ұзаққа создыңыздар ғой және бір шешімге келе алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңіздер мен тез бітірер едім”, – депті. Көпшілік баланың ықыласына риза болып бір ауыздан: “Билікті бердік”, ал айта ғой, – десіпті. Сонда Мөңке бала былай депті: “Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес, тентек. Ал мұнда тентек төртеу. Меніңше сол төрт тентек құнды бөліп төлейтін болсын және ердің құны жүз жылқы болсын”, – депті. Сонда Мөңке бала: “Бірінші, мың жылқыдан бір жуас ат таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам құрығандай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай тентек; екінші, адам көрмей жүргендей, баладан үркіп тулап байды жығып өлтірген байтал тентек; үшінші, ұшып түскен бөрік тентек; төртінші байталды үркіткен бала тентек. Мінеки, осы төртеу құнды бөліп төлейтін болсын”, – депті. Осы билікке екі жақ та разы болып, балалардың ауылы құнның төрт бөлегінің бірі – жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңке баланың би болуына осы билік басты себеп болыпты.
ЖЕТЕСТІҢ КӘРІЛІК ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ
Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз Жақайым Жетес бимен әңгіме үстінде:
- Иә, Жетеке, сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз? – деген екен.
Сонда Жетес сәл ойланып:
- Е, қарағым – ай, мен он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым, қатар балалардың асығын ұтып қоймадым; жиырмаға келдім, бойға жетіп бойладым, онда да балалықты қоймадым. Жиырма беске жеттім, жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншек болса, соған шүйілдім; отызға келдім: Қызыл алтайы түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбымның көңілін қалдырмадым; қырыққа жеттім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым. Елуге келдім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс қай жағы жақын екенін біле алмадым; алпысқа жеттім: алты тарау жолға кездестім, қайсысына түсуді білмей дағдырысқа ұшырадым. Жетпіске келдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала-шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне ердім; тап осы күні сексендемін: алдым терең құз, артым биік жар, сол жағым – су, оң жағым – от; қалай қарай қозғалсам да, маған тірлік емес – ау! - деген екен.
Шешендік сөздер
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Қаракөз ханым өлген соң, Жиренше қатын алмай көп жүріпті. Ойлаған сынына дәл қыз кездеспейді, кез келген қызды ұнатпайды. Сөйтіп жүргенде бір жігіт кездесіп, жолдас болыпты, өзі көп үндемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жігітке қарап: «Жол қысқартайық»,– дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: «Ағаш қазан қайнатайық»,– дейді, жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң бір көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: «Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен»,– дейді. Жігіт оған да жауап бермейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. «Мына қызда бір сыр болар», – деп, Жиренше отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен, Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен көп қыздан неге бөлініп, жалғыз отырып қалдың?» – дейді Жиренше.
– Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болайын ба?– дейді қыз.
– Олар қалай ақымақ болады?– дейді Жиренше.
– Олардың, ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жок, шағын
бұлт. Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отындары жанбайды, киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның, ығына өзім отырдым; менің су болған жалғыз-ақ, шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ; үйге барғанда отынымды жарып, шапанымды кептіріп аламын, – дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қаракөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып
көрейін деп Жиренше:
Бүркеніп жалғыз отырсың,
Бойға жеткен жас бала.
Ұнатсаң, айтқан сөзімді,
Күлімдеп көзің бері қара!
Оңаша бір сөзім бар,
Ақылың болса сен ұғар.
Менің атым Жиренше,
Жол берген маған хан-к,ара,—
дейді. Сонда қыз бөгелместен:
Сыртыңнан естіп қанық ем,
Шешен деген атыңды.
Түсіңе бұрын танық ем,
Жаңа көрдім затыңды.
Айтар жерің осы ма,
Көңілдегі датыңды? -
деп күлімсіреп өң бергендей болып:
Уәде қылып келіп пе ең,
Сөйлесем деп осы жерге.
Жалғыз атты жолаушы,
Аулақ менен көш жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді есітер ме? – дейді.
Жиренше шешен қызды әбден ұнатып ішінен: «Құдай жазса сені алармын», – деген ойға келеді. Ауыл мен екі арада өзен бар екен.
– Мынау өзеннің өткелі қай жерде? - дейді Жиренше.
– Анау жерде бір өткел бар - алыс; алыста болса жақын. Мына жерде бір өткел бар- жақын; жақын да болса алыс, - дейді қыз.
– Сенің үйің қайсы?— дейді Жиренше қызға.
– Менің үйім анау - үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй,- дейді қыз.
Жиренше алыс өткелге кеткенде, жолдасы жақын өткелге бұрылады. Қыздың алыс, алыста болса жақын дегені өткелдің суы саяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал «жақын, жақын да болса алыс» дегені өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпақтап зорға өтеді.
Жанындағы жігітке: «Сен қайда қонасың?» – дегенде, «Мен мына ақ үйге қонамын», – дейді ол. «Ендеше мен қараша үйге қонамын»,- дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манағы қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: «Шырағым мынау байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің?» - дейді. Жиренше: «Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім», – дейді.
– Жиренше түскен үй іңір болған соң, от жақты, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.
Жиренше төрде отырып қызға қарап басын сипайды. Бұл: «Сенің қалыңмалың шашымнан көп-ау» – дегені еді. Қыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипады. Ол теңімді тапса тақыр кедей болса да береді дегені еді... Жиренше мен кыз бірін-бірі ұнатқанын осылай ыммен ұрысады.
Таң, атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақыртып алады. Жиренше келсе, кешегі жігіт мәз-мейрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: «Кешегі бірге келген кісі осы ма?» - дейді, жігіт: «Ия»,- дейді «Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?» - дейді бай. Жиренше: «Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бөлек түстім»,— дейд!. «Ол не деген сөз? - дегенде
Жиренше:
Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабырыңды жырақ қыл! – - деген дейді.
Бай: «екеуің жолда не сөйлестіңдер, не айттыңдар?» – дегенде жігіт түндегі жол-жөнекей айтылған сөзд! баяндайды. Жиренше: «Екеуден-екеу жапанның сары даласында келе жаттық; әртүрлі сөз айттым, біреуіне де жолдасым сөз қайтармады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Ұйқыдан мезі болған соң «жол қысқарталық» дедім. Оным әңгіме айт дегенім еді. Екінші «ағаш қазан қайнатайық» дегенім - насыбай атып алайық дегенім еді. Үшінші «бейбастақ үйдің жұрты» дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік кесеу жатыр екен. Айтқан сөзімнің біріне жауап қайырмаған соң «мына жігіт надан екен, деп бөлек қонған едім»,- дейді. Бай Жиреншенің бұрын атын есітіп бір көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз құяды. Бәйбіше: «Шырағым, бүгін осында бол!» – деп қондырады. ...Бай Жиреншенің ақылына қызығып қызын бергісі келеді. Қ,ызы: «Мені бір жалғыз атты кедейге бар дегені несі, бармаймын», – деп астан-кестен болып бүлінеді.Қызынан бұл сөзді естіп өтірікші болдым-ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: «Бай, сіздің қиналып отырғаныңыз маған әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малын төлеп алып берсеңіз болады», – дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малын беріп, Қарашашты Жиреншеге қосады.
Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек ханн «Жиреншеге 6із естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар», – деп уәзірлерімен сөз байлап кояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып ханның үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:
– Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? – депті. Жиренше шешен отырып:
– Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады, – депті.
– Шешесі өлген қалай болады?
– Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
– Ағасы өлген қалай болады?
– Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Інісі өлген қалай болады?
– Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Апа-қарындасы өлген қалай болады?
– Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
– Қатыны өлген қалай болады?
– Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? – дейді Жиренше. Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.
Карашаш Жиренше орта жаска келгенде каза болады. Жиреншенің бұрынғы жас күні емес, кыз карастыруға ыңғайы келмей, бірер жыл жүреді. Әр күні әз Жәнібек хан Жиреншеге: «Шешен, сенің үйленбей жүргенің жарамайды, пәленшенің катыны ерінің тұсында жаксы әйелдің бірі еді, соны сен ал!» — дейді. Жиренше шешен: «Сіз ұйғарған болсаңыз жарайды», — деп сол қатынды алады. Арада біраз уақыт өткенде хан: «Шешен, мына қатыньң бұрынғылардай болатын ба, қалай?»-дейді. Сонда шешен: «Күндіз екеуіміз, түнде төртеуміз», – дейді. Хан: «Түнде төртеуің қалай?» - дегенде, Жиренше шешен былай дейді:
Ері есіне түседі,
Теріс қарап жатады,
Оныменен ол екеу.
Қарашашты ойлаймын,
Мен де теріс қараймын,
Оныменен мен екеу.
Оймен тауып жолдасты
Боламыз түнде біз төртеу.
Таң атқан соң оянып,
Тұра келсек тағы екеу!
Қыздай алмай қатын болмас,
Есік көрген мақұл болмас.
Қанша жақсы көрем десең де,
Бұрынғыдан жақын болмас.
Байы өлген қатынды алу,
Ойлағанда ақыл болмас.
Хан мен жиылған көп шешеннің сөзін тыңдап «рас» десіпті.
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» - деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан ок,
Бір Алланың какпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау баққызып, тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген әз Жәнібек Жиреншеге далада кездесіп:
-Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай? – дейді. Сонда Жиренше шешен іркілместен:
- Қатын шайпау, ұл тентек,
Екеуледі, ей ханым!
Кәрілік жеңді, мал тайды,
Төртеуледі, ей ханым!
Басымнан бақтың тайғанын
Көрмейсің бе, ей ханым!
Арк,амдағы к,у тезек,
Әркімге келер бір кезек - депті.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
БЕЙБІТ ЕЛДЕ СӘН БОЛАР
Айдаболдың тоқал әйелінен туған Тайкелтір деген бала кезінде түйе іздеп Үйсін Төле шешеннің ауылына келіп, Төленің үйіне түсіпті.
Төле баланың аты-жөнін сұрап білген соң: “Ә, балам, отыр, қон, әкең
Айдаболдың сыбағасын жеп кет”, – депті.
Шәй ішіп болған соң, бір жігіт бір тоқтыны алып келіп: “Илаһи, әмин!” – дегенде, үйде отырған ауыл ақсақалдары бата істей бастапты. Сонда он бір жастағы Тайкелтір: “Мен бұл қойдың батасына қол көтермеймін” – депті. Отырған ақсақалдар: “Неге олай”, деп сұрағанда бала: “Е, шешеннің өзінің сөзі бар, “әкеңнің сыбағасын жеп кет” деген. Мен әкемнің сыбағасын жеймін және әкемнің сыбағасына батаны өзім істеймін”, – депті. Төле баланың сөзінен тосылып бір құлын алдыртыпты. Сонда бала тоқтамастан былай депті:
Сыбағама келді құлын,
Қалдырмай ас дәмін.
Ақсалдар тойынсын,
Шығармасын үнін.
Бала деп мені басынбай,
Байқап бассын жымын.
Қартқа жас азық қашанда,
Сіздерге бұл құлын сыйым.
Іздеп келдім түйемді,
Сіздерден алман тиын.
Түйеме тіркеу, қарттарым,
Таппай жүрсе ол қиын.
Әкеме барсам мақтанып,
Тіркеуді берсем ел жиын.
Қарттар қарсы болмаса,
Төле атам берсін сыйын, – депті.
Құлынның етін жеп, жатып, ертең түс кезінде тұрса, ауылдың сыртында бес жүздей адам жиналған. Бала таңырқап “бұл не?” деп сұрапты.
Сонда Төле:
Е, Тайкелтір шырағым!
Бейбіт елде сән болар,
Бүлінген елде дау болар.
Даудың түбі жау болар,
Жаудың түбі шаң болар,
Шаңдатып жау айқасса,
Айта жүрер күн болар, -
дегендей, біз Үйсін, Дулат деген екі ру ел едік. Үйсіннің бір жігіті Дулаттың бір қызымен шатысып қалыпты. Шатасудың соңы қыз екі қабат болыпты. Бертін келе қыз елінен ұялып: “Менде кінә жоқ, жігіт зорлаған соң осылай болдым” депті. Ел азаматтары бұған қызынып “Жігітті бер, таспен атып өлтіреміз”, – деп маған билікке келіп отыр. Егер олардың айтқанын істемесең, Үйсінді Дулаттар шабады, Дулаттардың айтқанын істемесең, Үйсіндер мені шабады. Осы дауға не істерімді білмей тұрмын, осының билігін саған берейін шырағым, сен айт”, – депті.
Бала еш кідірместен “өзіңіз білесіз” депті.
Екі елдің адамдары жиналып болған соң Төле билікті балаға беріпті.
Сонда екі жақтан отырған талапкер билер: “Е, бала, билік айта аласың ба? Бұл дау тоқты-торым емес, дау ер құны ғой”, – десіпті. Сонда бала жұлып алғандай: “Е, айтпайтын несі бар?” – дей келіп:
Қарттардың жасы үлкен,
Жастардың басы үлкен.
“Жас – дененің қабы,
Бас – мидың қабы.
Ми адамның қаны.
Ми төрені бере білер,
Даушылар сөзге көне білер.
Айтқанға егер көнбесе,
Жауласып екі ел бүлінер.
Даушылар сөзін көпке берсе
Көпшілік Төле атама берсе,
Атам сөзді маған берсе,
Менің аузыма құдай салса,
Тура сөзге кім күлер?!”
Халық пен Төле атамнан рұхсат болса, бұл дауды мен бітірейін”, – депті.
Халық та, билер де баланың сөзіне риза болып, билікті балаға беріпті. Сонда Тайкелтір қыз бен жігітті шақырып алып, жігіттің қолына қылыш, қыздың қолына қылыштың қынабын береді. Сүт қайнатым уақыт беріп екеуіне бұйырады. Жігітке айтады: “Осы сүт қайнатым уақыт ішінде қалайда қылышты қыздың қолындағы қынапқа сал, егер салмасаң таспен атып өлтіртемін”, – дейді.
Қызға айтыпты: “Сен мына жігіттің қылышын қолындағы қынапқа салғызба, егер салғызсаң дарға тартқызып өлтіремін” –дейді. Екі жағы да риза болып, қыз бен жігітті сайыстырып қоя беріпті. Уақыт бітіпті, бірақ қыз қынапқа қылышты салдыртпапты. Осы кезде қыз жағы жігіттің мойнына арқан салып, таспен атып өлтіруге тарта жөнеліпті.
Сонда тұрып Тайкелтір бала “тоқтаңдар” деп жұртты тоқтатып:
«Бұл жігіт зорлаудан ақ екен, қыздың өзі ықтияр екен, ұялғаннан айтқаны екен, көріп тұрған жоқсыңдар ма: өзі әлсіз, өзі екіқабат бола тұра қолындағы қылыштың қабына қылышты салғызбауға әлі келгенде, денесін қорғауға әлі келмей ме?» – деген екен. Сөйтіп өлтіру дегенді қойдырып, жігіт жағынан екі қырық жетінің малын қыз жағына алып бергізіп, екі елді тыныштандырған екен.
Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
БАЙДАЛЫ МЕН ТӨЛЕ
Атақты Ұлы жүз Үйсін Төле би Қуандыққа келіпті. Төле бидің жер жарған даңқын естіп жүрген Қуандықтың ел жақсылары жиылып келіп: “Сізбен құда болғымыз келеді, не қыз беріңіз, не қыз алыңыз”, – деп жабысады. Сонда Төле би: “Ұлымның бәрі үйленген. Бой жетіп отырған қызым бар, соны берейін. Қалың малы жүз жылқы, он бес түйе, бота мойын Жамбы!” – депті. “Құп болады”, – деп айтқан қалың малын, сол жолы бір жола беріп жібереді. Риза болған Төле би: “Қызымды бір жыл сақтайын: ендігі жылы осы уақытта келіп жесірлеріңді ал”, – депті.
Жыл өткен соң Қуандықтан қырық адам келінді аламыз деп Төле биге барады. Бұл екі ортада Төле бойжетіп отырған қызын бір бай өзбекке беріп, ұзатып жібереді. Одан көп мал, ақша алады. Барған Қуандық кісілеріне: “Ер жеткен баланы аңдып отыру қиын екен, қызым бір өзбек жігітімен қашып кетті. Келінді алам десеңдер Ташкенге барып, келіндеріңмен ауыз ба ауыз сөйлейсіңдер, болмаса, “игіліктің ерте-кеші жоқ” деген, бір келінім буаз, соған қараңдар”, – деп, сөз де, теңдік те бермейді, аяғына отырғызбайды.
Қуандық кісілері былай шығып ақылдасып: “Бұл қорлыққа шыдап болмас, Төле бидің жылқысынан жүз жылқы барымта алып қайтайық, сонда да он бес түйе, бота мойын жамбы қалып жатыр ғой! – деседі де, Төле бидің жылқысынан өздерінің берген жүз жылқысын санап алып еліне қайтады. Жылқышылар қуып, бұлармен соғысады. Бір соқыр жылқышы жиырма кісіні аттан түсіріп, бұларды әлсіретеді. Сөйтіп жүргенде жаңбыр жауып күн шытырлағанда әлгі мықты, соқыр жылқышыға жай түсіп өледі. Қалғандарын бұлар жеңіп, жылқыларын еліне айдап қайта береді. Бір жылдан кейін құн даулап Төле би Қуандыққа келсе, Абылай да осы елге келіп жатыр екен. Төле би соған жүгінеді. Абылай дауды созып кейінге қалдырады. “Ендігі жылы тап осы уақытта келемін, оған дейін екі жағың да сегіз-сегізден би сайлап алыңдар. Мен Төбе би боламын”, – деп Төле биді еліне қайырып жібереді. Төле би еліне барып сегіз биді сайлап алып, жыл өткен соң Қуандыққа қайта келеді. Абылай да келіпті. Қуандық ұмытып, би сайламапты. Асығыста жеті би тауып бір би таба алмай, енді үш күнге Абылайдан мұрсат сұрайды. Абылай береді. Ал бұл арада Төле би “жылқышымның құны екі мың жылқы” деп құн дауын даулап бір мың жылқыны Абылайға бермек болады. Мұны Қуандық сезеді. Жеті би күнде кеңес құрады. Бұлардың сөздерін он екі жасар, асық ойнап жүрген Байдалы есітеді. Бір күні жеті бидің қасына келіп сөздерін тыңдап тұрса, Төле биді сөзден жеңе алмаймыз, оның үстіне бір биіміз кем. Осы дауды өршітіп алмай екі мың жылқысын беріп біту керек деген қорытынды байлауға тоқтайды. Мұны естіп тұрған бала: “Ағалар, бұларың дұрыс емес, Төле бидікі зорлық. Зорлыққа төзіп болмайды. Сегізінші бидің орнына мені алып барыңыздар. Төле бимен мен сөйлесіп көрейін, есе алмасам, есемді жібермеспін, мені баласынбаңыздар! Біздің ісіміз ақ емес пе, аққа алла жақ дейтіні қайда? – депті.
Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық билері жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай кім сөйлейді дегенде, он екі жасар Байдалы:
– Мен сөйлеймін. Аймен аталас емеспіз, күнмен баталас емеспіз бұлтпен туысқандығымз жоқ, сол күнгі жауған жаңбырға жақындасып жуысқанымыз жоқ. Құдайға шықпағыңды шақ дегеніміз жоқ. Құрығын сүйрете алмай жүрген Үйсіннің соқыр жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз жоқ. Еліңде талай қасқа мен жайсаңдар жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан алған құныңды көрсет, Төле би? Құдайдан құн алмасаң, мен де құн бермеймін. “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген. Дұрыс төрелігіңді айт, Абылай! – депті. Сонда Абылай пайданы қуандықтарға шешіп беріп, әділ төрелік айтқан екен.