Урок С дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: С дыбысы және әрпі


Мақсаты: Балаларға С дыбысы және әрпін түсінуге жағдай жасау.


Сабақтың міндеттері:

1.Балаларды с дыбысы бар сөздерді байланыстырып сөйлем құрауға үйрету.

2.Балаларды сауатты,таза,ұқыпты жазуға,ұғымталдыққа тәрбиелеу.

3.Балалардың сөздік қорын молайту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,тілін дамыту.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,түсіндіру,жұмбақ жасыру,СТО технологиясының стратегиялары «Ой қозғау», «Түсініктеме күнделігі», «Еркін жазу».


Көрнекілігі: слайд,суреттер,әліппе-дәптер,кеспе әріптер.


І. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.


Мұғалім: Балалар:

Мейірімді жүрекпен Үлкенге де,сіз

Ақ пейілді тілекпен. Кішіге де,сіз

Амандасып алайық, Сәлем бердік сіздерге

Бір жадырап қалайық. Құрметпенен біз.


[pic]


Балалар бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,енді сендерге сұрақ қоямын.

Қыздар құлақтарына не тағады?-сырға

Оқу құралдарымызды қайда саламыз?-сөмке

Уақытты көрсететін не?-сағат

Енді балалар,осы үш топ топ бойынша жарысып сабағымызды бастаймыз.


ІІ.Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» стратегиясы.


[pic]

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Кім жұмбақтың жауабын тапса сол бала мына жерден суретін тауып тақтаға іледі.

1.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(сәбіз).

2.Қозғалмастан бір елі,

Күні бойы жүреді.

(Сағат)

3.Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды.

(сандық)


[pic] [pic]


ІІІ. Мағынаны тану. «Түсініктеме күнделігі»стратегиясы.

Міне,балалар бірнеше жұмбақты шештік.Сендердің топтарыңның аты да қай әріптен басталып тұр. Тақтадағы суреттерді қайталап айтайықшы.

Сәбіз,сағат.

-Бұл сөздерде таныс емес әріп бар ма?

-Иә бар.

-Олай,болса бүгін біз «С» дыбысы және оның әріп таңбасымен танысамыз.

Сәбіз,сағат,сандық деген сөздерді бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

[pic] [pic]

-С дыбысын дыбыстату.

-С дыбысы қалай айтылып тұр?


-Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі,кедергілер арқылы шуылдап шығады.

-Сонда қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

-Дауыссыз дыбыс.

-Балалар осы сөздерді шапалақпен буынға бөліп жіберейік.

Сә-біз,са-ғат,сан-дық,а-сық,күн-ба-ғыс.

-Қандай түсті текшемен белгілейміз?

-Көк түсті текшемен белгілейміз.

Берілген ұғым:С дыбысы дауыссыз көк түспен белгіленеді.


[pic] [pic]


ІҮ.Дәптермен жұмыс:

1.Берілген суреттерде С дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту.

2.Кітаптың тапсырмасы берілген буындарды,сөздерді оқыту.

с...а са са са-на сақ

с...о со со со-на сал

дос Ай-дос До-сан Ду-лат

Сергіту сәті:

Бір,екі,үш,

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

[pic]


3.Карандаштың тапсырмасы С әрпінің баспа түрін карандашпен жаздыру.

С С С С С С

Сс Сс Сс Сс Сс

4.Сөз,сөйлем ойлап айту.

Сағат,сөмке,сабақ,сана,сәбіз.

Қоян сәбіз жейді.Мен сабаққа барамын.Сөмкеге кітап,дәптер,қалам саламын.Маған апай сана деді.Сағат уақыт көрсетеді. Ү.Ой толғаныс: «Еркін жазу»стратегиясы.



С


С

Сана

аса

тас




С

сағат

маса

лас









[pic] [pic]


Қорытынды:

*Бүгін қандай әріппен таныстық?

*С дыбысы қандай дыбыс екен?

*С дыбысына сөз құрап айта аламыз ба?

- Балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.

Сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге жұлдызша сыйлаймын.


[pic] [pic]


[pic]


Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер талдап, қорытындысында өте жақсы сабақ деп бағалады.







«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Мектеп директоры А.Есмаханова






[pic]


«С дыбысы және әрпі»

ашық сабақ 0а сынып



[pic]


Тексерген ОӘІО М.Сыпатаева

МАД 0а тобының тәрбиешісі Ж.Сырлыбаева













Мерзімі 14.01.2015 жыл. МАД 0а сынып. 2 сабақ №9 кабинет