Наурыз - Ұлыстың ұлы күні.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Наурыз - Ұлыстың ұлы күні.


Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының наурыз мейрамы , ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, өз халқының салтын ұмытпай, жалғастыруға баулу.

Здравствуйте дорогие ребята, уважаемые родители,учителя!

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Ведущий: -Дорогие гости, ребята!

Сегодня собрались в честь праздника Наурыз-древнего и любимого всеми праздника, обновления жизни на земле.

Добро пожаловать, Наурыз мейрамы!


Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.



Мы здесь сегодня собрались,

Чтоб встретить праздник – Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех,

Пусть радуют сегодня всех!

Открыта дверь для всех гостей -

Для пожилых и для детей.

Наурыз навстречу нам идет.


Наурыз-Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!


Уа, ағайын, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

" Наурыз" әнін орындайтын 2 б сынып оқушылары.


Қарсы алыңыздар!


Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.

Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.


Это - день, когда небесные светила: созвездия и звезды после годичного круговорота приходят на точки своего первоначального пребывания и начинают новый путь - круг.
Наурыз называется у казахов также "Ұлыстың ұлы күні" (Великий день народа). Но используемому нами григорианскому солнечному календарю этот день соответствует 22-марта. Месяц Наурыз - продолжается с 22 марта по 21 апреля. Само слово "наурыз" восходит к древне иранскому сочетанию двух слов: ноу "новый" + роуз "день".


Өте тамаша, ал енді , тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық.( 2 сынып оқушылары)


Қарсы алыңыздар!



1 бала: Жылдың басы – Наурыз,

Жырдың басы – Наурыз,

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр - әніміз.( 2 б сынып оқушысы Индербаева Луиза)

2 бала: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.(2б сынып оқушысы Бикчентаев Тимур)


3 бала: Кел, балалар, ойнайық

Наурыз тойын тойлайық,

Баянды болып, мереке

Қыр гүліндей жайнайық.(2д сынып оқушысы Дорохин Андрей )


4 бала: Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.( 2е сынып оқушысы Киселёва Ира )


Есть праздник Наурыз, 
Новый год восточный. 
Играет озорной кобыз, 
Теперь весна уж точно! 
Теперь равны и день, и ночь, 
И все невзгоды ушли прочь. 
В степи зима суровая, 
Но пробуждается природа и начинается жизнь новая. 
И радуются, веселятся все, 
Готовят наурыз-көже, 
Одевают лучшие наряды, 
В этот день Весну с почётом встретить надо. 
Пусть Наурыз принесёт нам света, тепла, 
Надежды, счастья, веры и много добра!

Алдарыңызда «Кочевников» биі

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.


Алдарыңызда 3"А" сынып оқушысы Тюленева Дашаның орындауындағы "Желсіз түнде жарық ай" әнін қабыл алыңыздар.


Викториналық сұрақтар.

1.Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр? ( Көктемде)

2.Наурыз мейрамы қашан тойланады?( 22 наурызда)

3.Қандай ұлттық тағамдарды білесің?(бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт,айран )

4.Ұлттық ойындарды ата.("Арқан тартысу"," Соқыр теке", "Білектесу", "Көкпар","Қыз қуу")

5.Салт-дәстүрлерді ата.(" Бесік жыры", "Шілдехана"," Азан шақыру", "Тұсау кесу".)

6.Көктем айларын ата.( наурыз, сәуір, мамыр)


Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар!


- Қазір " Наурыз" әнін тамашалайық.

Қарсы алыңыздар!


- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!

Хормен:Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!

(Айнұр Қайырбекқызы шашу шашады)


- Осымен ,құрметті қонақтар!

Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертіміз аяқталды.

Назарларыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!





11 жалпы орта білім беру мектебі








"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні"











Өткізгендер: Әлкеева Айнұр Қайырбекқыз










Павлодар қаласы

2016 жыл