Кітап – жан азығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 14.10.15 ж

Тақырыбы: Кітап – жан азығым.

Мақсаты: Оқушыларды сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету,әдебиетке деген ықыласын, белсенділігін арттыру, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру

Түрі: сайыс

Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд

Барысы:

Ал, қурметті халайық!

Сайысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

l бөлім «Таныстыру»

ll бөлімді бастайық.

Оқушылар тақтада берілген әріптерді құрастырып, ақын-жазушының немесе белгілі шығарманың кейіпкерін атау керек. Нәтижесінде әр топ әріптерін құрастырғанда, әдебиеттің көрнекті өкілінің аты-жөні немесе әдеби кейіпкердің аты шығады.

ІІІ бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

(Бастаған мақал-мәтелді жалғастырады).

1-топ:

Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).

Дәлелсіз сөз … (желмен тең).

Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).

Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).

Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).

Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).

Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ)

Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).

Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).

Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).

2-топ:

Бал тамған тілден … (у тамған).

Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).

Жақсы сөз — (жарым ырыс).

Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).

Тіл қылыштан … (өткір).

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).

Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).

Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).

Тілден артық … (қазына жоқ).

Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

ІV «Жарнама» бөлімге көшейік.

(Әр топ мектеп қорына сыйлыққа әкелген кітапқа жарнама жүргізеді)

Мұғалім:


Кітап адам өмірінде белгілі орын алады. Әрқайсымыздың сүйікті кейіпкеріміз, ақын-жазушымыз бар.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Женімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау,- дей отырып, келесі сөзді әділқазы алқасына берейік.

(Қорытынды шығарылады, топтар марапатталады).

Мұғалім:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітаптан

Ерінбей оқып көруге,-

Абай сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.