Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісінің міндетін атқарушы: Қ. Алипова
О. Әубәкіров «Ара мен Шыбын» Мақсаты:
О. Әубәкіров туралы мағлұмат беру. Адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратып, оған өз көзқарасын, ойын айтуға үйрету.
Жетістік критерийі
Мысалды оқи отырып, адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратады.
Өз көзқарастарын, ой-пікірін айтады.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Әдебиеттік оқу әдістемесі, 2015 жыл.
Күтілетін нәтиже:
Мысалды оқи отырып, өз көзқарасын, ойын жеткізеді;
Сөздікпен жұмыс жасай алуды;
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:
А3 форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Модульдердің ықпалдасуы:
Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Қалай оқу керектігін үйрену, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ,Жас ерекшелік,
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, Диалогтік оқыту.
Негізгі дереккөздері:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, әдебиеттік оқу оқулығы, әдістемелік жұмыс.
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді.
Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
Ұйымдастыру.
2 минут
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылығын ояту
3 минут
Топтарға бөлу:
Қима қағаздар арқылы топқа бөлу.
Білу.
Автортану.
3 минут
О. Әубәкіров кім?
О. Әубәкіров жөнінде не білесің?
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген.
Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар.
Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
Түсіну.
Постер қорғау.
Үнтаспа тыңдау.
3 минут
Мысал деген не?
Оны қалай түсінесің?
Үнтаспадан «Ара мен Шыбынның» сөздерін жіберу.
Мысал деп адам бойындағы кемшілектерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» мысалын тыңдайды.
Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
«Ортадағы қаламсап» әдісі
7 минут
Талдау.
«Сұрақтар банкісі» әдісі
12 минут
Шыбын Араға не деді?
Ара оған неге бірден келісе салмады?
Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Егер сен араның орынында болсаң, не істер едің?
Сұрақтарға жауап береді.
Жинақтау.
«Рөлдік» ойын
7 минут
Рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.
Шыбынның үйін, жататын жерін көзіңе елестетіп, суреттеп айтып бер.
Оқушылар автор, ара және шыбын рөлдеріне еніп, мәнерлеп оқиды.
Өз ойларын, өз көзқарастарын жеткізеді.
Бағалау.
«КАСТ» әдісі
З минут
Кестені толтыр.
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут
Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?
Жазбаша кері байланыс жаза отырып, көңілді немесе көңілсіз смайликтерді жоғары көтереді.
Үйге тапсырма:
Шыбын мен Араның суретін салып келу.
Бағалау.
2 минут
Қалыптастырушы бағалаулар:
Табыс критерийі арқылы
Өзін-өзі бағалау.
Жиынтық бағалау
Табыс критерийі:
О. Әубәкіров туралы мәлімет қостым.
Мысал туралы білгенімді айттым.
Постер қорғадым.
Сұрақтар дайындап, ұсына алдым.
Сұраққа жауап бердім
Өз ойымды, көзқарасымды жеткіздім.
Рөльге бөліп оқуға қатыстым.
Кестені толтырдым.