Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
№13 «ЭКОС» экологиялық гимназия мектебі
Ибрагимова Роза Негметовна жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біліп, еліктеуіш сөздің мағынасын, пайда болу тәсілін, қолданылу аясын түсіну;
Дамытушылық: ой алғырлығы мен тапқырлық, бейнелі сөйлеу шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: тіл тазалығына мән беру, табиғат құбылыстарының қасиеттеріне мән беру;
Сабақтың типі: Білім және іс - әрекет тәсілдерін кешенді қолдану
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, түсіндіру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
2.Үй тапсырмасын тексеру
(Оқушылар бірін-бірі тексереді,сосын тақтадағы жауаппен салыстырады)
3. Топқа бөлу.(Түстерге байланысты бөлу)
4. Жаңа сабақ.
Дәптерімізді ашамыз,бүгінгі ай мен күнді жазамыз.
(Сызба бойынша түсінік беру).
- Балалар бүгінгі сабақта біз «Еліктеу сөздер» тақырыппен танысамыз.
Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: еліктеуіш сөз,бейнелеуіш сөз.
Дыбысқа еліктеуден пайда болған сөздерді еліктеуіш сөздер деп атайды:сырт-сырт,пыс-пыс.
Табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды: маң-маң,жарқ-жұрқ.
5.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу Жұмбақтарды шешу,қарамен жазылған сөздерге түсінік беру.
Жыл-жылт,шыр-шыр.
2-жаттығу. «Артық сөзді тап» ойыны.
Балпаң-балпаң,желп-желп,борт.
(Әр топқа бір-бір сөзден беріледі).
3-жаттығу. Еліктеу сөздерін түрлеріне қарай сызбаға топтап жаз.
(Әр топқа сызба беріледі).
4-жаттығу. Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз.
Қай топта дұрыс жазған балалар көп екені анықталады.
6-жаттығу. Сөйлемді оқып, ішінен еліктеу сөзді тап.Осы сөз шығатындай ребус құрастыр.
Салп----------------- Сағат,лақ,жапырақ.
Сергіту сәті: «Көңілді күн».
6. Әр топқа қосымша тапсырмалар.
1 - топ
Етістіктерге тиісті еліктеуіш сөздер тауып, байланыстыр.
Сынды, ұйықтау, шайнау, секіру, күлу, жүру.
2 - топ
Берілген еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір.
Бұрқ - сарқ, зу - зу, зыр - зыр, гүрс, сарт - сұрт, қытыр – қытыр.
3 - топ
Қатты қорыққан кездегі қозғалыс(селк)
Қазанның жай қайнауы(бүлк)
Жіңішке дауыстың естілуі(шіңк)
Жөтелдің түрі(күрк)
Тамшының дыбысы(тырс)
Қасыңнан бірнәрсе тез өте шықты(зу)
Қорытынды: Өтілген ұғымды бекіту.
Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.
Қашан үйге жеткенше,артына жалтақ-жалтақ қарайды.
А) баяндауыш В) толықтауыш С) анықтауыш
Д) бастауыш Е) пысықтауыш
Бейнелеуіш сөзді тап.
А) тарс В) сыңғыр С) жалт-жұлт Д) арс-арс Е) шаңқ
Үйге тапсырма: 207-бет 5 жаттығу,ереже жаттау.
Бағалау: Әр топтағы оқушыларды бағалау.