2 «Е» сыныбы
Пәні : Еңбекке баулу
Мерзімі:13.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1.Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектің ерекшелігін түсіндіру.
2.Ою-өрнектің түр-түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру.
3.Қошқар мүйізді оюды қағаздан бүктеп қиып үйрету.
Сабақтың түрі:ашық сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,жеке-жеке көмек көрсету,сырттай бақылау.
Көрнекілігі: Сыныптың бір шетінде ұлттық бұйымдармен киімдер және ауыл көрінісі (киіз үй, қасында жайылып жатқан киіз,алты бақан, ұлттық киім киген қыз бен жігіт,қорада үй жануарлары бар,ою-өрнектер бейнеленген альбом т/б) үстел үстіне қойылған.Слайд
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
II .Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық ою-өрнектерінің бірі – «Қошқармүйіз».Балаларға ұлттық ою-өрнекті танып білу үшін,көрнекілік әдісі арқылы, көрмеге барып жақынан танып-білуді ұсынады.Алдын-ала ұйымдастырылған көрмеге келіп ою-өрнектермен таныстырады.
Ауыл көрінісі(киіз үй,текемет киіз,алты- бақан теуіп тұрған қызбен жігіт, аулада ит, қорада үй жануары қойылған) бір үстелде ұлттық бұйымдары қойылған(сандық,ұлттық киім киген қыз отыр,дорба,торсық, т/б.) және альбом мен суреттерді көрсетіп әңгімелейді.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
[pic] [pic] [pic]
1-тапсырма:
Балаларға сұрақтар қойылады.
Ою-өрнектерді және қай жерлерде көрдіңдер?
Әжелеріңнің киімдерінде барма?
Киіз үйде көрдіңдерма?
Қандай ұлттық бұйымдарда көрдіңдер?
Сынып ішінде ою-өрнек барма?
Балалардың жауабы:
Киіз үйде ою-өрнектер көп болады.
Әжелердің бешпентінде көрдік.
Үйде тұратын сандықтарда болады.
Сыныпта ұлттық бұрышымызда бар.т/б
2-тапсырма
Сыныптағы ұлттық бұрышындағы көрініске қарап ою-өрнектерді таныстырып, өзара салыстыра әңгіме құру.
3-тапсырма
Сөзжұмбақ шешу
1. Төрт түліктің бірі
2. Маймақ аң
3. Наурыз тағамы
4. Мал жайы, қонысы
5. Ас атасы не?
6. Ат әбзелі
7. Асқар таудай адам
III.Балалар, қошқар мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.
1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.
5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
Қағазды екіге бүктеп ортасынан кесеміз. Түсті қағазды қатырма қағаздың ортасына орналастыр. Сары түсті қағазды ортасынан бүктеп кесеміз де, бір бөлігін тағы екіге бүктейміз. Бүктеу сызығынан қошқармүйіз оюын саламыз. Салған оюды қайшымен қиямыз.
Өрнекті дайын қағаздың ортасына орналастырып желімдейміз. Өрнекті қандай дақылмен безендіруге болады? Тары дақылымен өрнектейік. Жұмыстарын ұқыпты таза жасау керектігін ескертеді. Ертегілер әнін тыңдап отырып,жұмыстарын жасайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Балалардың өз бетінше жұмысын ,сырттай бақылап,жеке-жеке көмектеседі.
Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтар боп иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
IV. Сабақты қорытындылау.
– Балалар, бүгінгі еңбекке баулу сабағында қандай материалмен жұмыс жасадық?
– Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата.
Табиғи материалдармен жұмыс тестінің мына сұрақтарын сабаққа пайдалану:
- Мына табиғи материалдармен не құрастыруға болады?
- Мына оюдың қалыбын көрсет.
- Табиғи материалды жылдың қай мезгілінде жинауға болады?
V. Бағалау.
Әр баланың жасаған жұмысына, сабаққа қатысуына қарай бағалау. Жақсы шыққан жұмыстарды мадақтап, көрме ұйымдастыру.
VI. Үйге тапсырма.
Шығармашылық жұмыс, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қалаған табиғи материалмен жасап келу.
VII. Рефлексия кезеңі.
Балалардың сабақ соңындағы көңіл күйлерін бақылау, орнынан тұрып, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарымен аяқтайды:
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!