|
Сабақ жоспары Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы
Автор публикации: Кайруллаева А.А.
Дата публикации: 2016-05-24
Краткое описание: ...
Еңбекке баулу 2-сынып | Қайруллаева Алтынай |
| Сабақтың тақырыбы | Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы | Сабақтың жалпы мақсаты | Сабақтың мақсаты: Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену. Міндеті: - Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену; - Ойлау қабілетін дамыту; - Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сілтеме: Оқулық, еңбекке баулу әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер. Оқытудың нәтижелері: 1. Бүршіктерден мүсіндеп үйренеді. 2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды. 3. Өз бетімен жұмыс жасай алады. | Көрнекіліктер | Орман туралы суреттер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Би «Қаражорға» | Топқа бөлу | Карта
| Үй тапсырмасы | а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу ә) Күннің жадын белгілеу б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару | Қызығушылықты ояту | Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру. Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді. Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады. Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі: Ғажайып түс көрдім. Таң ата мен бүгін, Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім. Нұрына шомылдым бүгін, Жұлдыз айы көркем, Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді, Бұлттары билейді... | Жаңа сабақ Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады. Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады. Бар екен де, жоқ екен, Ерте ерте ертеде Ешкілері бөрте екен, Қырғауылы қызыл екен, Құйрықтары ұзын екен... Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру. «Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу. Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.
2. Ертегілер еліне саяхат Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл. Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып. Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады. Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады. Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. | Ой толғаныс | Саяхат жолнұсқасы: 1- аялдама «шебер суретшілер» елі. Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі. 2- аялдама «тапқырлар» елі. Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді. 3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі. Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс) Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі. 4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі. Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс) Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі. | Үйге тапсырма беру. | Жұмысты аяқтау | Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер |
|
|