Дүниетану. Адам - табиғат перзенті. Сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың атауы

Адам – табиғат перзенті.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты мен міндеттері: табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері. Адамның тіршілік етіп, өмір сүруі табиғатпен тығыз байланысты екенін түсіндіру.

Адам мен жануарлардың өмір сүруіне тиімді жағдайларды айтып түсіндіру.

Мақал-мәтелдер айтып, олардың мағыналарын түсіндіру.

1.Білімділік: өз бетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Табиғаттың тамашасы», «Мені қоршаған орта», « Табиғатты аяла» атты тақырыптардан өзі қалаған тақырыбы туралы әңгімелету. Осы тақырыптарға суреттер салғызып, тақтаға іліп қою.


  1. Суреттен нелер тірі және нелер өлі табиғатқа жататын ажырат .

[pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic]







Мағынаны тану

Оқулық бойынша жұмыс 6-7- бет мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу . Абзацты мұғалім оқып шығады да, сұрақтар қояды.

Әрі қарай оқушылар кезектесіп оқып, сұрақтарға жауап береді.

Суреттерге қарап адам мен жануарлардың тіршілік етуін салыстыру.

Мақал-мәтелдер айтып. Олардың мағыналарын түсіндіру.

  1. Ең киелі ас- нан, ең киелі есім – адам.

  2. Адамның күні адаммен.

  3. Армансыз адам құлазыған қу даладай.

  4. Жайылымсыз мал азғын, қайырымсыз жан азғын.

  5. Жігіттің күшін сұрама, бітірген ісін сұра.

Өз жұмыстарын әңгімелеуге 1-2 минуттан уақыт беріледі.

Қорытынды жасау: Адам-табиғат перзенті.


Сергіту сәті

Суда да біз жүземіз,

Тауға да біз шығамыз.

Шынығамыз жүгіріп,

Шынығамыз секіріп,

Шынығамыз адымдап,

Демаламыз, дамылдап.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Сұрақтар бойынша жұмыс:

1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.

2. Адам табиғаттан нені үйренеді?

3. Бір күндегі істейтін іс-әрекетіңді әңгімеле. Табиғатқа қатысы бар ма?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

[link]


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады