Ашық сабақ ана тілі Оқып жүрген жастарға

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Түктібаева Мира Ақтілеуқызы

Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Ана тілі

/4-сынып/

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Оқып жүрген жастарға»

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жаңа материалды меңгерту, С.Торайғыровтың

өлеңдерін әңгімелеу.

ә) Дамытушылық: Ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге

дағдыландыру, тез ұтымды жауап беруге баулып,

сөздік қорын молайту.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, шығармашылыққа,

өз ойын айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтын әдісі: Ассоциация , ЭССЕ, бес жолды өлең, Раунд Робин, топпен жұмыс,

сұрақ –жауап, ойын.


Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыровтың суреті, кеспе қағаздар, ойын түрлері.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, сабаққа

дайындығын тексеру. Шаттық шеңбері «Ізгі тілек» айту.

«Адалдық толы жүректер,орындалсын тілектер»

ІІ Үй жұмысын тексеру.

Ж Жұмаханов. «Ақ боран» түсініп оқу.

«Ойнада, ойла» ойын арқылы сұрақтарға жауап алу.

ІІІ Жаңа сабақ

«Ой шақыру»

Топпен жұмыс : Үш топқа бөліп әр топқа тапсырма беру.

І- топ

С. Торайғыров туралы ЭССЕ жазу.

ІІ –топ

С. Торайғыровтың бір шығармасын айту.

ІІІ – топ

С. Торайғыровқа бес жолды өлең құрау

Мағынаны тану.

[pic] С. Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» өлеңі.

Өмірбаянынан үзінді оқып беремін.













С. Торайғыров.

[pic]


[pic] Прозасы Поэзиясы

Шығармалары Өлеңдері Поэмалары


1. «Зарландым» Саяси лирикасы 1. «Қамар сұлу»

2. «Ауырмай есімнен Азаматтық 2.« Кім жазықты?»

жаңылғаным» Табиғи лирика 3. «Кедей»

3. «Қазақ ішінде оқу, Махаббат лирикасы

оқыту жолы қалай»


С. Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» өлеңін оқу.

Сұрақ – жауап

  • Өлеңде сұрақ қойған жерлерді табыңдар?

  • Ақын жастарға қандай өсиет қалдырды?

  • Өлеңде сұрақ қойған жерлерді тауып оқы.

Сергіту сәті:

« Құрастырма» ойыны.

«Оқып жүрген жастарға» өлеңін үш топқа тапсырма ретінде үш параққа жазып, қиып беремін. Оқушылар өлеңді құрастырып оқуы қажет.

Жаңа сабақты қорытындылау: «Тұлғаны танып- біл» ойыны.

Кестені толтыру






Сабақты бекіту: Жаңа сабақтан не түсінгеніміз жайлы барлық оқушы бір сөзден айтып шығуы керек, біріміздің айтқанымызды екіншіміз қайталамаймыз.


Үйге тапсырма: С. Торайғыровтың « Оқып жүрген жастарға» өлеңін жаттау.


Оқушыларды бағалау.