ҚМЖ. Әдебиеттік оқу. 2-сынып. Мұхтар Әуезов. Әбілмансұр

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдебиеттік оқу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары


Болысбекова Улжан Шаяхметовна (екінші санатты мұғалім)


1

Мерзімі

11.03.2016 ж 2 – сабақ

Тексерілді

Сабақта 7 модульдің қамтылуы

2

Сынып

2 «В»

Сабақтың өне бойында А-өте жақсы, Б- жақсы, С-төмен оқушылар назарда ұсталды.


3

Пәні

Әдебиеттік оқу



4

Тақырыбы

Мұхтар Әуезов . Әбілмансұр



5

Мақсаты


Міндеті

Әуезовтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. «Әбілмансұр » әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.Ел тарихы туралы білімдерін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.



6

Сабақтың типі

жаңа білім беру



7

Сабақтың түрі

аралас сабақ



8

Әдістері

Алтын ереже, Ыстық орындық, постерді қорғау, кезбе тілші



9

Ресурстар

А-3 постер, стикер, маркер, смайликтер. Бағалау парағы



10

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


11

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Оқушыларды түгендеп, «Алтын ереже» туралы айту

Балалар бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді.

Сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

АКТ

12

Үй тапсырмасы (10 минут)


Шығармашылық жұмыстарды атқарып оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады

Талантты және дарынды балаларды оқыту

13

Үй тапсырмасын бекіту

(3 минут)

Ыстық орындық әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітеді.

« Еркіннің еңбегі» әңгімесінен өзіңе қандай ой түйдің?

Оқушылар ұтымды жауап беруге талпынады. Өз ойларын ашық айтуға үйренеді.

СТО, диалог

14

Жаңа сабаққа дайындық

(5 минут)

Ой қозғау. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап

1.Еңбекқылсаңерінбей,

... ..... ..... (Тояды қарның тіленбей)

2.Еңбек деген байлық бар,

.... ..... ..... (Ерінбеген жететін)

3.Еңбек түбі - .... (қуаныш).

Оқушылар автор жайлы мәліметтер береді. Автордың шығармашылығы және өмірімен сыныптастарына ізденген жұмыстарын көрсетеді.


СТО, Диалог

15

Жаңа сабақ

(15 минут)

Мұғалімнің сөзі.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Бабалар өмірі–ұрпаққа өнеге

Ел үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы білеміз.

Интерактив.тақт. жұмыс «Жазушылар» топтамасы.(тыңдау)

Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.

Жақсы – ай мен күндей,

Әлемге бірдей.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Абылай кім?


Оқулықпен жұмыс.

Топтастыру


«Әбілмансұр» мәтінін мәнерлеп оқу.

Сөздікпен жұмыс. Оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша қолдарына қалам алып өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру, дәптерге жазу.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Галереяға саяхат

- Мәтін бойынша салынған суретте кімдердің арасындағы шайқас бейнеленген деп ойлайсың?

- Суреттегі батырлар қалай киінген?

- Қолдарына не ұстаған?

- Қазақ батырының есімі кім деп ойлайсың?

1.Мәтіндегі Абылай! Абылай! деп ұран шақырыпты, Ат үстінен жағаласып қанжарласыпты деген жолдарды пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырып көр

2. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай есімдері мәтіндегі қандай оқиғаларға байланысты е кенін айтып көр.

3.Мәтінде тағы кімдердің аты аталады?

Мәтін кейіпкерлері Ол кім?

Әбілмансұр Абылай ханның шын аты

... ...

Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, жауапты нақты айтуға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға үйренеді.











Сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды

Абылай бала кезінде неге Сабалақ атанған?

Төле би оның түбіәнде ел билейтініән қайдан білді? Сабалақты ел қорғауға Төле би қалай аттандырды?

Сабалақтың қалмақ батырымен жекпе-жек шығуына не себеп болды?

Қалмақтар неге қаша жөнелді?

Сабалақ неге Абылай атанды?

Мәтінді түсініп оқу.

Мәтіндегі кісі аттарын дәптерге жазу.

Мәтінді мына ретпен әңгімелеу:

а) Бала Сабалақ.

ә)Сабалақты соғысқа аттануы.

б) Батыр Абылай.


Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Көшбасшылық

СТО

16

Жаңа сабақты жинақтау

7 минут

Серіппелі сауал әдісі арқылы бүгін өтілген тақырыпты қорытындылайды. Оқушылар шеңбер құрып тұрып, доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

«Теріп алу» стратегиясы бойынша Абылайға мінездеме беру.

Ақылды, мейірімді, қайырымсыз, адамгершілігі мол, тілазар, тілалғыш, қайырымды.

Оқушылар сұрақ қоя отырып, оған нақты жауап береді, дәлелдер келтіреді

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

17

Кері байланыс

2 минут

Стикер таратылады

Жақсы кезеңдерді, келесі сабаққа деген ұсыныстарын жазады.


18

Бағалау

1 минут

Смайликтер арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды және содан жиынтық баға шығарып топтарды бағалау

Оқушылар өздерін бағалауды үйренеді. Бір-біріне деген сенімділік артады.

ОҮБ, формативті бағалау

19

Қосымша білім

Мәтінді түсініп оқу

Мәтін мазмұнына сай сурет салып, әңгімелеу, сөзжұмбақ құрастыру