Көңілді қыс. Қысқы ойындар.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәннің аты:

Тіл дамыту

Уақыты:30.11.15

Кабинет:Информатика

Мұғалім:

Сармолдаева М

Сабақтың атауы

Көңілді қыс.Қысқы ойындар.

Мақсаты

1. Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.

2. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

3. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезінуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Сабақтың түрі:білім жетілдіру,жеке қабілетті дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:интерактивтік, сұрақ жауап топтастыру.

Көрнекілік :Интерактивтік тақта,магнитті тақта,әліппе-дәптер.

Психологиялық ахуал

Балалар хормен:

Көкке қолды созайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық,

Жерден нәр алайық.

Алақанға салайық.

Күнің шуағын алайық.

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылығын

ояту


[pic]

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану































































Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. «Жұмбақ»

Мұғалім: 1) Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Суретте қай мезгіл бейнеленген?

Қыста балалар қалай киінген?

Суретте қанша бала бар?

Балаларға ат қою.

Кім шанамен сырғанап бара жатыр?

Нешеуі шаңғы теуіп жүр?

Шырша қандай ағаш?

Бірге жаттайық. Т. Елеусізұлы.

Келді – дағы қыс,

Дала аппақ түс.

Қос аяқта шаңғымыз,

Дөңге шықтық бәріміз. - Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )
1 – оқушы:

Қыс мезгілі көңілді,
Аспаннан ақ қар төгілді.

Шанамен біз ойнаймыз,
Шаңғы теуіп сырлаймыз.

2 – оқушы:

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып - жылтыр боп жатады.
3 – оқушы:

Ауыл сырты - биік жар,

Бізді күтіп, тұр қарап.

Биік жарға шығып – ап,

Жөнелеміз сырғанап.

Мұғалім:

Жапалақтап жауады,

Жердің бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнеки, кім табады? /Қар/

  • Қардан не жасап ойнаймыз?

  • Аққала.

  • Аққала неше бөліктен тұрады?

  • Үш бөліктен тұрады.

  • Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

  • Дөңгелек.

Хормен:

  • Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз, үп – үшкір,

Көзі көмір қап – қара.

[pic]

Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/ [pic]
Аққала : Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Тапсырманы толық, дұрыс орындаған балаларға сыйлығым бар.

Кім жылдам? ойыны.

- Ребусты шеш. /Шана/

- Не артық? /Доп/

- Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем. /Шана/

. Постер қорғау.

- Енді мына сандықшаның ішінде сендерге арналған суретті тапсырмаларым бар. Сол қима суреттерді біріктірсеңдер қыс мезгілінде көңілді ойнайтын ойындарың келіп шығады.

[pic] [pic]




Сергіту сәті

[pic]

Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды.

Ой толғаныс




Сұрақ-жауап арқылы алған білімдеріне қортынды жасалынады.

Сұрақтар:

1-топ: - Суретте қай мезгіл бейнеленген?

- Дала қандай?

- Не жауып тұр?

2-топ: - Ауа – райы қандай?

- Боран сөзіне сөйлем құра.

- Аяз сөзіне сөйлем құра.

3-топ: - Шырша жанында кімдер жүр?

- Шанамен кім сырғанады?

- Шаңғы спортымен кім айналысып жүр? [pic]

Үйге тапсырма

Қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салып келу.


Бағалау

Мадақтау.

- Жеке мадақтау: Балаларға «Аққала» сыйлығын тарату.


Кері байланыс

[pic] [pic]