Сыныптан тыс сабақ Математикалық сайыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныптан тыс іс-шара: «Математикалық сайыс» 
Мақсаты: 
1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу. 
2. Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. 
3. Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке,
достыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар,нақыл сөздер,сандар,танграм суреттері.
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
Мұғалім: 
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар, ойынға қатысушылар! «Математика әлеміне саяхат» ойынына қош келдіңіздер.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасайық.

Психологиялық дайындық. 

Біз білімді баламыз

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз,

Біз 22 баламыз

Бүгін неше аламыз?

Екі керегі жоқ,

Үш керегі жоқ,

Төрт орташа

Бес тамаша!
(Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарын анықтау) 
- Бүгінгі ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 
«Ондықтар» тобы
,«Бірліктер» тобы,  «Жүздіктер» тобы 

 Ал, топ мүшелері дайынсыңдар ма? 
- Ойынды бастайық!!! 
1-топ «Бірліктер» 
Ұраны: «Білекті бірді жығады 
Білімді мыңды жығады» 
2-топ «Ондықтар» 
Ұраны: «Оқы да біл 
Ойна да күл» 
3-топ:«Жүздіктер» тобы 
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен». 
Мұғалім: 
Бүгінгі ойынымыз 5 айналымнан тұрады. Әрбір айналымның ұпай сандары есептеледі.Олай болса алдымен бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық: 
1. «Ойлан, тап» 
2
. «Есепке кім жүйрік?» 
3
. «Блиц – турнир» 
4
. «Кім жылдам?» 
5
. Логикалық тапсырма 
Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. 
І. «Ойлан, тап» Математикалық жұмбақ есептер беріледі.  Әр жұмбаққа 5 ұпай.
«Бірліктер» тобы 

1.Үшеуі қызыл, үшеуі ақ 
Оң қолымда неше шар? 
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ 
Сол қолымда неше шар? (6 және 8) 

2.Бес бұтақты ағашта, 
Бұтақ сайын бір алма 
Біреуін бер Маратқа 
Сонда қалмақ неше алма (4) 


«Ондықтар» тобы 
1.Бір-бірімен жарысқан 
Төрт аю,бір арыстан. 
Екі қоян,бір түлкі, 
Бәрі нешеу кім білді? (8) 

2.Көлден ұшқан 10 қаз 
Қайтып қонды
6 қаз 
Қонбады оның нешеуі 
Кәне ,кім тез табады? (4) 


«Жүздіктер» тобы 
1. Шұнақ құлақ
бір ешкі 
Төрт қозылы екі қой 
Бәрін бірге санап қой. (
7

2. Аулада 3 үйрек, 
Қорада 1 үйрек. 
1 үйрек тығылды, 
1 үйрек жығылды. 
Қалғаны неше үйрек? (2) 

ІІ. Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп. 
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп. 
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау, 
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп,
 
«Есепке кім жүйрік? »сайысында берілген есептерді шығару керек. Үш топқа үш бетке жазылған есептер беріледі.
Әр топтан  6 оқушы кезек шығып есептерді шығарады.  Бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, соңғы аяқтаған топқа 3 ұпай.
«Бірліктер» тобы  «Ондықтар» тобы  «Жүздіктер» тобы
 
9-4
9-5 9-3 =

6+4 7+3 8+2 =

5+2 6+2 4+3 =

10-7 10-8 10-6 =

6-5 8-5 7-5
3+3 4+4 5+5
ІІІ . «Блиц – турнир» Мұнда әр топ басшысына 10 сұрақтан оқылады. Әр сұраққа 1ұпай беріледі. 

«Бірліктер» тобы 
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
2. 1 сағатта неше минут бар? 
(60)
3.
10 см неше дм болады? (1)
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? 
(төртбұрыш)
5. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
(9) 
6.
4 пен 6 сандарының арасында қай сан тұрады? (5)
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? 
(жексенбі)
8.
8 тоқаш болды. 2-уі желінді. Нешеуі қалды? (6)
9. 3+7 өрнегінің мәні қанша? 
(10)
10.  Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды? (
10)
«Ондықтар» тобы 
1. 1 дм неше см болады? 
(10)
2.
Айдар 8 шар сатып алды. 4 шары жарылды. Қаншасы қалды? (4)
3.
Аптаның бірінші күні қалай аталады? (дүйсенбі)
4. 2 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? (5)

5. Ең кіші бір таңбалы сан. (1)
6. 7 мен 9 сандарының арасында қай сан тұрады? (8)
7. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
8. 7 тоқаш болды. 2-уі желінді. Нешеуі қалды? (5) 
9. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп? (қызғалдақ)
10. 6 саны үлкен ба, 4 саны ба?
«Жүздіктер» тобы 
1. Қосылғыштардың нәтижесі қалай аталады? (қосындының мәні)
2. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
3. Азайтуды қай амалмен тексер
еді? (қосумен)
4. Бұрыштың
түрлері қалай аталады? (сүйір, доғал, тік)
5. Ең кіші екі таңбалы сан
. (10) 
6. Айдос 4 алма мен
3 алмұрт жеді. Барлығы неше жеміс жеді? (7)
7. Екі нүктенің арасындағы түзу. 
(кесінді)
8.
6 мен 2 сандарының қосындысы нешеге тең? (8)
9.
Аптаның үшінші күні қалай аталады? (сәрсенбі)
10. 8 саны мен 10 санының арасында қандай сан тұрады? (9)

ІV. «Кім жылдам?»Бұл кезеңде танграм ойыны арқылы жануарлардың бейнесін құрастыру керек. Қай топ бірінші дұрыс құрастырып болса сол топқа 5 ұпай беріледі. 
Мұғалім: 
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз. 
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз 
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз, 
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-келесі кезек логикалық тапсырмаларда. 
V. Логикалық тапсырма. Бұл кезеңде әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

«Бірліктер» тобы 

1 Төрт тауықта неше аяқ бар? (8) 
2.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды.
Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5) 
3. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді) 
4. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік) 
5.Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ) 

«Ондықтар» тобы 
1. Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі) 
2. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ) 
3.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
(2сағат) 
4.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
5. Үйрек 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, ал 2 аяқпен тұрғанда неше кг? (3 кг)

«Жүздіктер» тобы 
1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
2.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақ
ытжанның неше баласы бар? (5баласы бар)
3. Екі жылқыда неше аяқ бар? (8)
4.
Аулада 5 тауық жүр. Оларда неше бас, неше аяқ бар?
5. Үстелде 2 стақан шие тұр. 1 стақан шиені Әсем жеп қойды. Үстелде неше стақан қалды? (2 стақан)

VІ. Қорытынды.
Әр топтың ұпай бойынша қорытындысын шығару.Жеңімпаздарды мадақтау.