Бейнелеу өнері 3 сынып, Алуан түрлі ойыншықтар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары

Сыныбы: 3-А

Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтарды бейнелеу


Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: оқушылардың түстермен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру. .

  2. тәрбиелік: эстетикалық , экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  3. дамытушылық: шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, қиялын дамыту


Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекі.


Көрнекілігі: слайдтар


Жабдығы: сурет альбомы, акварель бояуы, қылқалам түрлері


Түрі: конкурс-сабақ


Типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі


Оқу құралдарын, жабдықтарын дайындау, назарларын сабаққа аудару.


  1. Кіріспе бөлім


«Маша мен аю» ертегісінің кейіпкерлері қонақта.(1-2 слайдтар)


Электронды оқулықпен жұмыс («Бейнелеу өнерінің түрлері»)

Машаның тапсырмалары: Мына шығармаларды бейнелеу өнерінің түрлеріне ажырат ( 3-7 слайдтар)

Проблемалық сұрақ: Ойыншықтар не үшін қажет? Ойыншықтардың қандай түрлері бар? Оларды қалай жіктеуге болады? (8-14 слайдтар)


  1. Негізгі бөлім


Тапсырма: «Қайсысы ойыншық, қайсысы ойыншық емес?» Оқулықтағы суреттер бойынша пропорция ұғымын түсіндіру, Буратино, Чебурашка, Карлсонның пропорциясын талдау (15-16 слайдтар).

Қазақстандық ойыншық. жасаушы «Бал-бала» фирмасы, оның негізін қалаушы Қарақат пен Қыдырәлі, ол ойыншықтардың ерекшеліктері туралы айту (17-20 слайдтар).


Практикалық жұмыс:

Конкурс. «Қарақат» орталығы ең әдемі, мазмұнды ойыншық жасаған балаларға конкурс жариялайды.

Конкурстың шарты: Қуыршақ Қарақаттың орындауындағы «Асыл әжем» әнін орындайтын, әже бейнесінде бейнеленсін(Әнді тыңдап отырып, бейнелеу).




  1. Қорытындылау.

Оқушылардың салған бейнелерін тақтаға іліп, ең әдемілерін, ерекшелерін мадақтау. Басқалардан бұрын болған оқушыларға қосымша тапсырма:


Сөзжұмбақ «Натюрморт»


V. Бағалау.

Оқушылардық сабаққа, қатысуын, практикалық жұмысын ескере отырып, бағалау. Ризашылық парақтарын тарату.


VІ. Үйге тапсырма

Үй жануарларының біріне қарап, ойыншық нобайн салып келу.