Ана тілі. Тақырыбы: Сөйлем 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ана тілі. 1 сынып

Молдабекова Б

Сабақ тақырыбы: Сөйлем

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға  сөйлем туралы , сөйлемнен кейін келетін тыныс белгілері туралы жалпы түсінік беру; өзіндік жұмыс істеуге , тілдерін дамытуға  үйрету;

Дамытушылық: сөйлемді жүйелі құрауға;  өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру; ойлау жүйесін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылық пен тиянақтылыққа, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Симатикалық карта,    ребус, топтық тапсырмалар, сөзжұмбақ  ноутбук.

Сабақтың түрі:     Топтық жұмыс.

Әдіс – тәсілдер:    Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Қонақтармен сәлемдесу.

 2.Психологиялық ахуал тудыру.

Қуанасың сен де,

Қуанамын мен де.

Қуанумыз бәріміз,

Арайлап атқан таңға.

 3.Топқа бөліну. (балалардың туған күндеріне байланысты бөлінуді ұсыну, қыс пен көктемде, жаз бен күзде туғандар болып екі топқа бөлу)Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын үлестіру.

Қызығушылықты ояту:

 Үй тапсырмасы тексеру. «Кубизм» әдісі  бойынша сұрақтарға жауап беру.

Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Сөзжұмбақ шешу.

Қыстың алғашқы айы (желтоқсан)

Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)

Түйістіреді көзіңді көзіңе

Жолықтырады өзіңді-өзіңе (айна)

Таудан биік, баудан аласа (жол)

Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді

Кейде сипап өтер, кейде желіп өтер (жел)

Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)

Ерекше торда қандай сөз шығып тұр?

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлем» деп аталады.

Сөйлем нелерден құралады?

Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?

Ойын « Затты пайдаланып сөйлем құра» Салынған суреттер бойынша сөйлем құрату. (ауызша) Алма ағашындағы алмаларда  суреттер жасырынған.

Мағынаны тану.

Әр топ « Сөйлем» туралы өз ойларын  қағаз бетіне түсіреді,  білгендерін ортаға салып талдап тақтаға іледі… (Флипчарттар мен маркерлерді топтарға таратып береді.)

Кітаппен жұмыс. 137-жаттығу.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Оқушылардың мәтінді оқуы.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

Балалар әңгіме кім жайлы айтылған?

Сәкен қандай бала?

Ол қарындастарына қандай қамқорлық жасады?

Анасы Сәкенді неліктен мақтан етеді?

Әңгіменің аты неліктен “Қолғанат” деп аталған?

 

Дәптермен жұмыс.Мәтіннің алғашқы екі сөйлемін көшіріп жаз.

Әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықта.

Сөздік жұмысы:

қолғанат – үлкендерге көмекші болатын бала

тап-тұйнақтай — ретімен, таза, т.б.

мөлдір бұлақ – таза бұлақ

138-жаттығу. Ребусты шеш. (Ребустың шешуіндегі сөз туралы білетіндеріңді еске түсір) СӨЙЛЕМ сөзі шығады.

Сергіту сәті. Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден әр топқа сөйлем құрау тапсырылады.

І топ:

Қыз, Айман, сұлу.

Мектепке, кеше, бардым, мен.

ІІ топ:

1.Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің.

2.Көктем, көңілді, қандай

Топтық тапсырма:

«Сөйлем» сөзінен бірнеше сөз құрату.

Мес, ес, сөл, ем, сөйле, өс, өсем, ел, сел.

 

« Бес жолды өлең стратегиясы» Мәтіндегі Сәкенге

1. Кім?

2. Қандай?

3. Не істеді?

4. 4 сөзден тұратын сөз тіркесі

5. Синоним

 13.Қорытындылау : Енді біз, балалар,  «Сөйлем» туралы білгенімізді бекітіп, ұғынғанымызды тиянақтап айтайық. (топтастыру)