Өз білімін жетілдіру құжаттыра

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Башмашын жалпы білім беру орта мектебі

Мектептің тақырыбы: " Білім сапасын арттыру құралы ретінде ұстаздардың және оқушылардың басты құзыреттіліктерін қалыптастыру"









Өз білімді жетілдіру папкасы



Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы дамыту»






Бастауыш сынып мұғалімі:

Турсунгожина Арайлым Слямбековна








Башмашын 2016




Менің ұстаздық ұстанымым:

Өтетін материал негізін өз бетінше зерттеу мүмкіндігін беру – балаларды жақсы оқуға бағыттайды”


Питер Клайн



Өз білімді жетілдіру жұмысының тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы дамыту»




Мақсаты:

Жаңа технологияларды, қызықты тәжірибелерді пайдалана отырып оқушының өз бетімен жұмыс жасауды дұрыс ұйымдастыру арқылы, оның сөйлеу, пайымдау, әңгімелеу және өз пікірін ортаға салып қорғау қаблеттерін арттыру.


Міндеттер:

Жалпы, менің оқытудағы өз міндетім технологияны қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін оятуға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.


Көкейстілігі:

Ақпараттық технологиялар заманы деп атанған ХХІ ғасырда өмір сүруге бейім, бәсеге қабілетті, құзіреттілігі жоғары, білімді әрі белсенді тұлғаны өмірге дайындау.


Күтілетін нәтиже:

Бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен жұмыс істеуге бағыт беру және білім деңгейін жоғарлату





2016-2017 оқу жылындағы

өз білімін жетілдіру жоспары


Өткізілетін жұмыс түрлері


Нәтижелер


Қыркүйек

Жаңартылған білім бойынша барлық құжаттарды ой санамнан өткізу, әдістемелік нұсқау хатты талдау

Жаңа технологиялармен танысу.


Қазан

Оқу процесінде қолданылуға келетін жаңа технологияларды қарастыру


Жаңа технологиялардың тиімді жақтарын қарастыру.

Қараша, Желтоқсан

Таңдаған технологияларды сабақ үрдісінде қолдану


Сабақ үрдісінде пайдалануға келетін технологияны анықтау



Қаңтар

Таңдаған технологияларының қандай дәрежеде жүзеге асыратындығын анықтау, нәтижесін көру.


Нәтижесін анықтау

Ақпан

Басқа білікті мамандардың сабақтарға қатысып тәжірибесін алу

Білікті мамандардың тәжірибесін алып, практикада қолдану.

Наурыз

2017-2018 оқу жылына 2 сыныбына арнап факультатив сабақтарды таңдап, бағдарлама құрастыру

2017-2018 оқу жылына 2 сыныбына арнап фаультативтерге арналған оқу бағдарламасы мен оқу кешенін құру.


Сәуір

Құрастырылған оқу кешенін білікті мамандармен және ғалымдармен талдап, коррекциялық жұмыстар жүргізу (толықтырулар енгізу).


Нақты оқу бағдарламасы мен оқу кешені


Мамыр

Шығармашылық есеп беру.






Модульдiк оқытудың құрылымы

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  • Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  • Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  • Оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық ) бағалау;

  • Оқу әрекеттерінің жиынтығы ( бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);

  • Нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі “модульдiк “ сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық . Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық –бағытталған, танымдық қызметін ұиымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалңмнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды Толық меңгеру әдістемесінде (ДЖ Блок, Л Андерсен және басқалар ) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:

  • Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  • Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі ) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.

  • Оқытуды жүргүзу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).

  • Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.

  • Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.

  • Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.

  • Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

Біздің нұсқамызда бұл әрекеттердің реті біршама басқаша:

  • Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  • Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі ) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен модульмен таныстыру.

  • Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы ( белгілер жүйесі- сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).

  • Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

  • Жалпы тақырыпқа, тарауға (“ өсу “ бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.

  • Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші

және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей

әрекет-қадамдардан тұрады:

1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.

3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде).

5-қадам: Оқу модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам: Оқу модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірініші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.


Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына

кеңінен тоқталып, қарастырайық

1. 1 Оқу модулінің кіріспе бөлімі

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты ) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе-қызықтырушылық, операционалдықтанымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман ).

Аталмыш модульде кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қлжет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы )аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену ), оның мағынасы (бұл не үшін керек ) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілу керек.

Объектілерін нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенің эксперимент көрсетіп отыр (Салмина1981,47 ).

Қандай да бір құбылыстс тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі панда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталую тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған “орамаға “салып сақтауы және түсінуі тиіс. Мұндай “орама “қызметін белгі (термин ), белгілік жүйе атқарады.

Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының “қабылдауына“, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға (“орамаларға “, белгілік үлгілерге ) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде ) түсіндіреді.


1.2 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып-үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді құрастығанда біз Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:

1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі

ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету

қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің

мақсаттары болып табылатын түлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының

қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.

3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана,

балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни

басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі

оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама

сипат алуы тиіс.

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі

тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.

Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптық) мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым,орташа дәреже,күрделі) дайындайды.Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушы өзі шещеді.

Бұның бір маңызы –күрделі ,ізденушілік;шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келгенкүрделілік деңгейіндегі бағдармалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлаған мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуын қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.

Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауыжәне құралы болады.

Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындауға 5 әрекет –қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.(1-суретті қараңыз.)

  • Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соңғыбөлімі (рефлексиялық-бағалау кезеңі).

Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі оқушылар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу модулінің қорытынды бөліміне біз бақылаудың бірнеше түрлерін енгіздік.

Біріншісі – міндеті – тестілеу.

Екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) –сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Біз екі немесе одан көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестілеу тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамассыз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өткені бақылаушымен (мұғаліммен) қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе, біз тестілеуді бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз.

Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бақылау;

ә) бағасын жақсартуға (жоғарырақ балл алуға) мүмкіндік беру;

Қалай айтқанмен, егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді. Тестілеуден жақсы өткен оқушы келесі бақылаудан (немесе керісінше) нашар баға алса да, оның қорытынды бағасының нашао болмаына мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.

Пәннің өзіндік ерекшелігіне орай тапсырмалар жазбаша немесе ауызша сипатта (болмаса, олардың қосылған түрінде) болуы мүмкін.

Бақылаудың бұл негізгі екі түрінен басқа:

  • Бақылау жұмысын;

  • Диктант;

  • Семинар;

  • Оқу (пән) конференциясын жүргізуге болады.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тұтас модуль бойынша бағалағанда, нақты осы бағалар есептеледі. Солардан оқушыға жалпы тақырып (тарау, блок) бойынша ортақ баға қойылады.

Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептелнеді. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҒҚ), конкурстағы және т.с.с. (оқушы жүргізген зерттеудің құндылық және мәнділік дәрежесіне қарай ) ұсынылуы мүмкін.

Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтижесінде қойылады (әдетте оқу тоқсанында 2-3 модуль болады).


Зерттеу және жобалау технологиясы

Мақсаты: Жаһандану жағдайында мектептегі білім беру жүйесінің даму мәселелері негізінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін қадыптастыру

Жаңа педагогикалық технологиялар

Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар

1. Ойын технологиясы.

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

2. Проблемалық оқыту технологиясы проблемалық оқыту- мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерлікьері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

3. Коммуникативтік байланыс технологиясы

Коммуникативтік байланыс технологиясы- шет тілдермен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым- қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

1. қызығушылығын коммуникативтік арттыру, коммуникативтік мотивация;

2. дұрыс бағытта сөйлеу;

3. өзара қатынастың қалыптасуы;

4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.

Технология енгізу қорытындысы:

- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;

класта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады

Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар

1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту. (С.Н. Лысенкова)

Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:

- алдын ала;

- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;

- оқу іс - әрекеті және ойлау әдістерін дамыту;

Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

2. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Класты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық- психологиялық және ұйымдастыру – басқару шаралары біріктіріледі.

3. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)

ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

ОҰӘ принциптері:

- жоғары жетістікке талпыну;

- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

- әртүрлі деңгейлік;

- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;

5. Топтық технология.

Бұл класта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі – бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

6. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.

Мектептің басты идеясы – рухани және парасатты мүмкіндіктерін көрсететін,келешекте өз еліне қызмет ете алатын және әлемдік нарықтық өзгеріс жағдайларда нәтижелі бәсекелесетін, білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыра білетін оқушылар дайындау үшін қажетті жағдайлар жасау,жан-жақты білімді тұлға қалыптастыру