Еңбектің көптеген түрі бар, соның бірі – көктемдегі еңбек. (Балаларды ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің суреттерімен таныстыру). Бағыттаушы сұрақтар қою: 1.Суретте не бейнеленген? 2.Адамдар немен айналысып жүр? 3.Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр? 4.Не жинап жүр? т.б. Әртүрлі іс-әрекеттегі адамдардың әрқайсысының өздерінің мамандықтары бар екенін айтып түсіндіру. Мысалы: егінші, диқан, шопан, жылқышы, т.б. Ауылшаруашылық өнімдерімен тек қана ауыл емес қаланы да қамтамасыз ететінін айтып өту. Мысалы: ет, сүт,астық, жеміс-жидектер, көкөністер, т.б. Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне, ауланы тазалау, арықты аршу, аршу, ағаш түптерін әктеу және т.б. айта аламыз. 3.Әліппе дәптермен жұмыс: Тапсырма: [pic] Еңбек туралы мақалды қайталау.Дала, бақша гүлдерін атау. Суретте тберілген гүлдерді атап, олардың қай жерде өсетінін айту. Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қызметінің қажеттілігін, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қала жұртшылығын нанмен, көкністермен, жеміс-жидектермен қамтамасз ететінін ұғындыру. Көктемгі еңбек түрлері жөнінде түсінік қалыптастыру. |