Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: г дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. Г дыбысы бар сөз, сөйлем құрату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, жұмбақ шешу, ребус.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, үлестірмелі суреттер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-амандасу, түгендей, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
-Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?
-Ү дыбысымен
-Ү дыбысына сөздер ойлатқызу.
- Үйрек, үй, күшік
-Ү дыбысы қандай дыбыс?
-Ү дыбысы дауысты дыбыс.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту: Жұмбақ шешу.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын соны тапсаңыздар келесі дыбыспен танысамыз.
Жұмбақ: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
(Гүл)
Балалар гүл деген қандай дыбыс естіліп тұр.Оқушылар г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс,сөздердің басында ортасында кездеседі.
Гүлдің суреті. ГҮЛ- гүлді мерекеде де, тойда қуанышта, туған күнде, бір-бірімізге сыйлаймыз.
Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, канекей оқулығымызды ашайық бүгін біздің танысатын дыбысымыз оқулығымыздың оң жағында екен.
- Г дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыздың қайсысы-ұяң, көк түспен белгіленген.
- Енді балалар, оқулығымыздағы суреттерге назар аударайық.
-Гитара, егіс, кереге.
-Осы сөздерді түсіндіріп, буынға бөлу.
Дәптермен жұмыс
Ең алдымен ауада жазғызу
Үлгі бойынша г әрпінің баспа түрін жазғызу.
Сергіту сәті
Орынымыздан тұрайық,
Қол-қолға ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық.
Дидактикалық ойын: Өткен әріптермен және Г әрпінен басталатын ребусту сурет арқылы шешу, оған сөйлем құрату.
Мысалы; Гүлнұр, Айгүл, Гүлнар
Қорытындылау
Балалар осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызшалар, төртбұрыштармен бағалалау, мадақтау.