Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау

Мақсаты: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін пысықтау

Міндеттері:

  • көп таңбалы санды көбейту мен бһөлуге арналған жаттығу жұмыстарын орындау;

  • оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  • оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, 5 жолды өлең

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар


Сабақтың барысы: І. Бағдарлау-мотивациялық кезең

  1. Психологиялық дайындық

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Білімді шәкірт боламыз.

  1. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз 2 топтың сайысы түрінде өтеді.

Топтарды таныстыру:

«Ойшылдар» тобы. Ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы»

«Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Есептеуді білмейтін адам – түк сезбейтін надан»

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», дей отырып, сендерге сәттілік тілеймін.

3. Жылдам тап.

Көп таңбалы сандарды қалай оқиды?

Тік төртбұрыштың қабырғасының ұзындығы туралы не білеміз?

  1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз, формуласын айт.

  2. Қозғалысқа берілген есептердің шамаларын ата.


ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

1-тапсырма. Сұрақ-жауап.


342780 : 394 = 870

- әр толымсыз бөлгіш нешеге тең?

- бірінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?

- бөлінді мәннің бірінші цифрын неше рет тексеріп таптың?

- неліктен?

- екінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?

- сонда неше цифрды тексеруге тура келді?

- бөлінді мәнінің үшінші цифрын тексердің бе?


394*870 = 342780

  • көбейткіштердің ұқсасатығы неде?

  • айырмашылығы неде?

  • әр толымсыз көбейтіндінің мәнін ата.

  • әр толымсыз көбейтінді қандай ретпен жазылған?

  • бірінші толымсыз көбейтінді неге жазылмаған?


2-тапсырма. Бөліндінің мәнін тап

149326 : 394

307360 : 452

175040 : 547

679070 : 763

3-тапсырма. «Ойлан, шығар!»

Қалдықпен бөлуді орындау

140256:394

307749:453

175462:547

678345:763


4-тапсырма. Есептерді шығар

Бір кітаптың массасы 300 г болса, 60 кг қағаздан осындай неше кітап жасалынады?

Шарты:

1 кітап – 300г 60кг=60000г

60кг - ? кітап 60000 : 300=200

Ж: 200 кітап

1кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер жасалса, 5 кг қағаз қалдықтарынан осындай неше дәптер жасауға болады?

Шарты:

1 кг қ. қ. – 20 дәптер

5 кг қ. қ. - ? дәптер 20*5 = 100

Ж: 100 дәптер


6, 7-тапсырма.


2 м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады? 46 м матадан неше бала көйлегін тігуге болады?

46 : 2 = 23 Ж: 23 көйлек

Бірдей 6 ыдыста 48 кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май құюға болады?

48 : 6 = 8 8*8 = 64

Ж: 64 кг май


8-тапсырма . «Кім жылдам?» Екі топқа бірдей

Құстарға арнап қорапша жасау үшін ені 20 см, ұзындығы 30 см тік төртбұрыш пішінді тақтай керек. Ауданы 640 см², ені 20см тақтай сондай қорапша жасауға жарай ма?

Шешуі: 20 см * 30 см = 600 см² 600см² < 640 см²


9-тапсырма. Өрнек түрінде жаз және оқы:


а) 251-ді 482 мен 118-дің көбейтіндісіне көбейт;

ә) 996 мен 276-ның қосындысын 905-ке көбейт.

б) 3700 бен 2500-дің қосындысын 200-ге бөл;

в) 3200-ді 280 мен 200-дің айырмасына бөл.

ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі

  1. Шығармашылық жаттығудың шешуін тауып, қандай заңдылыққа сүйеніп жазылғанын табу.


2. Ойлан, тап.

3. 5 жолды өлең

4.Қорытындылау.

  • Балалар, бүгін біз қандай тақырыпта тапсырмалар орындадық?

  • Көбейту амалын тез, қатесіз орындау үшін нені жақсы білуіміз керек?

5. Бекіту.

Екі топтың ұпай санын есептеу. Озып шыққан топқа қошемет көрсетіп, оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма.

5-тапсырманы шығару