Қазақ тілі 4-сынып Мәтін 1-5 -жаттығу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

Күні: 22.09.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебай Гүлшат

Сынып: 4-А

Қатысқандар саны: 26


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін 1-5-жаттығу

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Мəтін туралы жан-жақты мағлұмат алады, өз көзқарасын білдіру мақсатында оқиды,дәлелдейді.

Негізгі ойды тұжырымдайды жəне оны мəтін атауы ретінде қояды.

Мәтінге тән белгілерді еске түсіреді.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Мəтінге тән белгілерді еске түсіреді..Көркем сауатты жазады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді жалғастырады,деңгейлік тапсырмалар орындап,дәлелдеулер жасай алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Өзара мағыналық байланыста болуын басшылыққа алады.Мәтіндегі көркемсөз тіркестерін орынды қолданып,ойын жүйелі жеткізе алады.

Алдыңғы оқу

Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден мәтінге тән белгілерді анықтап,өз-іс әрекеттеріне рефлексия жасай алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы









7 мин


Шаттық шеңбері «Ыстық лебіз»

Шеңберге жиналып,бір-біріне жылы лебіз,тілек айту.

«Машинист» ойыны

Топтан 4 оқушы шығып,машинист болады.

Машинисттер өз вагондарын тіркеп,өз тобын құрайды.

4-топқа бөліну

1-топ 2-топ 3-топ 4- топ

Мадақтау арқылы бағалау








Қима қағаздар

Ортасы


10 мин


















































3 мин









10 мин

Мәтін 4-топқа беремін

Түн.Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.Жұлдыздар арасында ай . Дала сүттей жарық.Тау жақтан салқын леп соғады. Жым –жырт тыныштық.Мен ояу жатырмын.Ұйқым келер емес.Қандай сүйкімді көрініс.Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай.Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын.Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас.Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң,қайтып келуге асығасың. Келсең,таныс көшелер,үйлер, адамдар бәрі көзіңе оттай басылады.


1-топ Мәтіннің қай бөлігі әңгімелеу мәтіні,неліктен...

2-топ Мәтіннің қай бөлігі сипаттау мәтіні , неліктен...

3-топ Мәтіннің қай бөлігі пайымдау мәтіні,неліктен...

4-топ Мәтінге ат қой,мәтіндегі негізгі ойды тап.

Бағалау

Қол сигналдары арқылы топтар өзара бағалау.

Сергіту сәті «ауада жазу»

1-топ құлақпен

2-топ көзбен

3-топ иықпен

4-топ тіземен алдымен оң,содан соң сол мүше арқылы «мәтін» сөзін жазады.

Мәтін -өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтінге ат қою -ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз.

Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі.Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Мәтіннің түрлері:әңгімелеу мәтіні ,

сипаттау мәтіні , пайымдау мәтіні.

Әңгімелеу мәтіні бір нәрсе жөнінде баяндайды,хабарлайды.Әңгімелеу мәтіні үш бөліктен тұрады: басы,негізгі бөлім,соңы.

Сипаттау мәтіні белгілі бір заттың,құбылыстың белгілерін көрсетеді,қандай екенін сипаттап суреттейді.

Пайымдау мәтіні бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.

Мәтін – тін,өрілім,бірігу сөздерінен шыққан. «text» еуропа тілдерінде қолданылады.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу Екі бөлікті салыстыру .Қай бөлік мәтін? Неліктен?

Тақтамен жұмыс

Қараша –күздің соңғы айы.Ол қыстың хабаршысы. Бұл айда жердің топырағы тоң болып қатады.Қара суық күшейеді.Судың бетіне қабыршық мұз тұрады.

1-топ 2-жаттығу «Ормандағы оқиға» мәтінін құрастыру

Орман шетінен қайың жапырақтарының үйіндісін қабыма толтырып,үйге қайттым. Бір нәрсе пысылдаған сияқты. Қаптың аузын шешіп ішіне үңіле қарадым.Еш нәрсе көрінбеді.Кенет,қаптың ішіндегі жапырақтар сусылдай жөнелді.Қаптан домалап түскен кірпі қаша жөнелді.Мен не істерімді білмей ,аңтарылып қалдым.

2-топ 3-жаттығу

Көшіріп жазу.сөйлемдердегі бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.

Мәтін не туралы айтылған?

Кестемен пайдаланып,дәлелдеу.

3-топ 4-жаттығу Мәтінді оқу,ат қою.Мәтін екенін дәлелдеу.

4-топ 5-жаттығу Алдымен,содан кейін,сонан соң,ақырында сөздерін пайдаланып, «Менің күн тәртібім» тақырыбына 7-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру.

Бағалау бағдаршаммен топтық өзара бағалау

Мәтін




























Ереже
















































Бағдаршам

Соңы



10 мин







5 мин

Деңгейлік тапсырма

РАФТ әдісімен

1.Монолог

2.Эссе

3.Өлең шығару

4.Суретті суретпен байланыстыр.

Бағалау 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы

Рефлексия

Плюс «+» Минус «- » Қызықты «Қ» әдісі арқылы өзіне ұнаған бағанаға стикер жазып жапсыру.

Сюжетті суреттер







Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс





Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?