Тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 03.04.2016ж.

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз!»
Мақсаты: Оқушыларға 1 - мамыр Достық пен Ынтымақ мерекесінің маңызын түсіндіру, оқушыларды достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанымызды сүюге баулу.

Жүргізуші:

Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы,
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары.
Татулық пенен бірлікке ынтық  адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлады!

Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, армысыздар, Егемен елдің еркін өскен ұл қыздары!

1 мамыр халықтар мерекесіне арналған «Дос болайық бәріміз!» атты фестивальді бастауға рұқсат етіңіздер!

1. Өмірде жайнап гүліміз,
Шарықтап әсем жырымыз.
Фестивальдің таңы атта,
Тойлаймыз жылда оны біз.

2. Қош келдіңіздер мерекеге,
Мерекені бастайтын берекеге.
Өнерден біз қашпайық,
Ал, фестивальді бастайық.

3. Фестивальді ашайық, тойға шашу шашайық.

Барлығы: Той құтты болсын!

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

 Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше еліміздегі ұлт өкілдерін қарсы алайық.

3 « А» сыныбы Өзбек ұлты

3 «Ә» сыныбы Қарақалпақ ұлты

3 « Б» сыныбы Қазақ ұлты

3 « В» сыныбы қырғыз ұлты

3 « Г» сыныбы Орыс ұлтының өнерін көрсетеді.

Әр ұлт өкілдерімізге әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1 кезең: Таныстыру. Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.

2 кезең: Өнерлі ұлт.Бұл кезеңде ұлттардың өнерін тамашалаймыз.

3 кезең: Ас-адамның арқауы.Бұл кезеңде әр ұлттың ұлттық тағамдарын әзірлейді.

4 кезең: Мақал-мәтел сайысы.Ұлттар достық, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күнімен құттықтаймыз.

Ортақ менен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып
, бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

    Қайта тудым өмірге қайта келдім.

    Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

    Айта бергім келеді, айта бергім.

 Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.

(Қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді. 3 «Б» сынып)

Жүргізуші: 

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз.

(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. Олар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді. 3 «Г» сынып)

Жүргізуші:

Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің деп сахнаға өзбек ағайындарымызды шақырамыз.
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады. Олар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді. 3 «А» сынып)

Жүргізуші:

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім.
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Бізге өз бауырымыздай болып кеткен қарақалпақ халқын шақырамыз!

(Енді сахнаға қарақалпақ шығады. Олар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді. 3 «Ә» сынып )

Жүргізуші:

Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар
, - дей келе сахнаға айыр қалпақты ағайынымыз қырғыз ұлт өкілдерін шақырайық. ( 3 «В» сынып оқушылары)

Енді әділқазы алқалары таныстыру кезеңінің ұпайларын көрсетіп жіберсеңіздер.

3 «Б» сынып. Қазақ ұлты, 3 «Г» сынып. Орыс ұлты, 3 «А» сынып. Өзбек ұлты, 3 «Ә» сынып. Қарақалпақ ұлты, 3 «В» сынып. Қырғыз ұлты.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды.

Күтетұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз,
Мерекелі мерейлі айдың басы,
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы - дей отырып, екінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді. Бірінші кезекті қазақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Б». Екінші кезекті орыс ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Г».


Үшінші кезекті өзбек ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «А». Төртінші кезекті қарақалпақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «Ә». Бесінші кезекті қырғыз ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «В».
Енді әділқазы алқалары әр ұлт өкілдерінің өнерлеріне, екінші кезеңінің ұпайларын көрсетіп жіберсеңіздер.

3 «Б» сынып. Қазақ ұлты, 3 «Г» сынып. Орыс ұлты, 3 «А» сынып .Өзбек ұлты, 3 «Ә» сынып. Қарақалпақ ұлты, 3 «В» сынып. Қырғыз ұлты.

Жүргізуші:

Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ  жері көп ұлтты мемлекет болып шыға келді.

Ағайын – туған – бар адам ,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей отырып үшінші кезеңімізді бастаймыз. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Ол тағамның аты, қалай жасалғандығын айтып өту керек.

Бірінші кезекті қазақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Б». Екінші кезекті орыс ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Г».
Үшінші кезекті өзбек ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «А». Төртінші кезекті қарақалпақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «Ә». Бесінші кезекті қырғыз ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «В».
Енді әділқазы алқалары әр ұлттың ұлттық тағамдарына, үшінші кезеңінің ұпайларын көрсетіп жіберсеңіздер.

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып, біз төртінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарды ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.

Бірінші кезекті қазақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Б». Екінші кезекті орыс ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.3 «Г».
Үшінші кезекті өзбек ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «А». Төртінші кезекті қарақалпақ ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «Ә». Бесінші кезекті қырғыз ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз. 3 «В».
Енді әділқазы алқалары мақал-мәтел сайысына, төртінші кезеңінің ұпайларын көрсетіп жіберсеңіздер.

Кешімізді қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.

Жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда бақыт пен шаттық,  ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.
«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Олай болса ортаға барлық ұлт өкілдерін шақырамыз!

 Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.

Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Жүргізуші: Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған «Дос болайық бәріміз!» атты фестивальіміз аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Қазақ халқы жасай берсін! Барлығымыз бірге «Қаражорға» биін билейік.