Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Мақсаты: оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығуды тексеру.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш жаздырту. 1-жаттығудағы Сызба бойынша тіл дыбыстары туралы айт. Мысал келтір.
2-жаттығу Сөздерді оқы. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс барын анықта.Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес? Дыбыс пен әріптің бір- бірінен өзгешелігі неде?
3-жаттығудағы Сөз жұптарын салытырып оқы. Көшіріп жаз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды тауып, астын сыз.
4-жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Оларды ұяң,қатаң,үнді дауыссыздарға ажырат.
5-жаттығу Ребусты дұрыс шешесең, жұмбақтың мәтіні шығады. Жұмбақтың шешеуіндегі сөзді буынға бөл. Осы сөзбен сөйлем құрап жаз. ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?
ҮІІ Үйге тапсырма: 6-жаттығу.ҮІІІ Оқушыларды бағалау