Мен –өз елімнің патриотымын!!!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«МӘҢГІЛІК ЕЛ – БІЛІМДІ ЕЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «СҮЙЕР

ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ» атты даналық сабағы


Гульфайруз Абдималиккызы
ОҚО.
Шымкент каласы. № 122 Ақжар жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі. Жоғары санатты.
Енбек өтілі 23 жыл. Сыныбы 4 «Б»

[pic]

[pic]

[pic]




[pic]

[pic]

[pic]




[pic]

[pic]

[pic]





«Мәңгілік ел – білімді ел» жобасы аясындағы Бірінші қыркүйек Білім күніне арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол» атты даналық сабағының  ЖОСПАРЫ

Жігерлерің асқар таудай биік екен,

Талаптарың еш толассыз судай екен.

Осындай ұрпағы бар мына елдің,

Ойлаған арманы да орындалып,

Аспаны да әрқашан ашық болып,

Ел іргесі үнемі берік болып,

Дұшпандары сыртынан қызығатын

Сәбилердің жүздерінде күлкі болып,

50 елдің қатарына енеді екен.

1.Денсаулықты күту адам өміріндегі басты мақсаты екенін біледі

2.Салауатты өмір салты не ушін керек екені туралы түсінді

Күтілетін нәтиже

Өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға және өз елінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

достық, татулық тақырыптарына постер құрату, сол құрған постерларын өзара дәлелдеуде оқушылардың Отанына деген ұшқыр сезімдерін ояту, туған жерге деген махаббатттарын жетілдіру.

Отанын сүюге, өз ұлтын мақтан етуге тәрбиелеу.

Ресурстар

флипчарт, маркер, стикерлер, топқа бөлінетін ленталар,

маркер, плакаттар, видео-аудио материалдар, таратпа қағаздар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

сұрақ-жауап, түсіндіру, хабарлау, әңгімелесу.

Кіріспе

Ширату:

Шаттық шеңбер -5мин

Шаңырақты айнала тұрады.

Ынтымақтастық атмосферасын құрумен, лента түсіне карай топтарға бөлу

М.Мақатаевтың өлең жолдарымен бастасақ :

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті күнін сүйем.

Қысқаша сұрақтар:

Біздің Отанымыз қай жер?Сен Отаныңа кімсің?Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?Қазақстанның астанасы қай қала? Кіріспе сөз:Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.

Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Негізгі бөлім

Сабақ барысы:

1.Оқу ақпараты -5мин

1.Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз?

2. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

3. Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын балаларға арналған фильмдер мен әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер,қандай кино?

4. Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

2.Топтық жұмыс постерге-10мин( шапалақ ұру арқылы бағалау)

3.Мақал-мәтелдер .3мин( бағалау-басбармақ арқылы)

Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы: Бір халық- бір ел-бір тағдыр» деп берген. Онда қаншама қиындықты бірге көрген осы жұрттың өз халқым деп, бір аспан аясында өмір сүргендіктен тағдырының да бір екендігі жайында жазған. Осыған орай өзіміздің кішкене Отанымыз Ақжарда тұратын барша халықтыңда тағдырының бір екендігі қарапайым сұрақтың дәлелі болмақ. Оқитын мектебіміз, ішетін суымыз, жейтін нанымыз да, жұтып жатқан аумыз да, осы Ақжардағы қыбырлаған, жыбырлаған жәндігі де, ұшқан құсы да бәрі бәрі ортақ. алдарына қағаздар таратып беру, татулық, достық, бірлік осы сөздерге сурет салғызу,

(Әр топ өз постерларын дәлелдеп,эсселерін оқып,көгершіндерді ұшырады)

Татулық, достық, бірлік-барлығы синоним сөздер. Біз бір аспан аясында тұрып, тату, дос болсақ, біз бақтты, бейбіт ел боламыз. Сондықтан бір-бірімізді сыйлап, досты қадірлеп, көршімен тату болуымыз керек.

Қорытынды:

Дәйексөз.-7мин

Жүректен жүрекке-3мин

Бір халық-бір ел-бір тағдыр дегеннің мағынасы қалай?

Татулық дегенді қалай түсіндіңдер?


Рефлексия:

Осы Отанымыздың келешегі сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. Ендеше қазір мен сендерге қол таратып беремін, соған өздеріңнің ойларыңды жазыңдар.

Сұрақ: Қазақстан 2050 жылы қандай болсын.

Бейбіт елдің болашағының гүлденіп өсу сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. өз Отандарыңды аялап өтуге, оны асырауға дайынсыңдар ма: ӘРҚАШАНДА ДАЙЫНБЫЗ!!!!!!!!!!!!

Бағалау

Кері байланыс


Үй жұмысы

«Бірінші байлық- денсаулық» эссе жазып келу


Рефлексия: Даналық сабағының барысында «Мен өз Отанымның патриотымын»- дегенді қалай түсінгенін балалар сабақ барысында дәлелдей алды. Мысалы: Төлетай Айсулу Абайдың Отыз бірінші қара сөзін мәнерлеп-тебірене оқып берсе,Бектай Аяна «Тілім менің» өлеңін оқып беріп,сабаққа қатысып отырған қонақтар мен оқушылар және ұстаздарды бір қуантып тастады. «Мәңгілік ел» идеясы туралы эссе жазып,оны оқып,бейбітшіліктің символы көгершіндердің көмегімен болашаққа арнап армандары мен тілектерін ұшырды.Сабақты қорытындылау үшін ортаға шығып,әр бала бір лентамен «Шаңыраққа уық қадаумен» -патриоттықты қалай түсінгенін бір-бір ауыз сөзбен түйіндеп шықты.