Сынып: 3
Пәні: математика.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, денешынықтыру.
Көрнекі - құралдар: АҚТ, слайд, геометриялық материал, қима суреттер, жеке карточкалар.
Сабақ барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамазға отырып, табыс тілеп бәріміз.
Жаңа білім алуға, алға қадам басамыз.
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Біз Білім теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгінгі тақырыбымыз Қайталау болғандықтан, бүгін алған білімдерімізді жүйелеп, пысықтаймыз..
- Саяхатқа немен баратынымызды, жұмбақтың жауабын табу арқылы білесіңдер.
Жазда айдында жүзедi,
Қыста үмiтiн үзедi. ( кеме)
-Міне, біздің кемеміз.. ( 5-слайд ,теңіздің дыбысы естіледі, кеме суреті шығады).
- Саяхатымыз сәтті өту үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
- Тапсырмаларды дұрыс орындау керек;
- Сабаққа бар зейінді салу керек;
- Бірігіп жұмыс істеу қажет;
- Сендердің алдарында біздің саяхат картамыз.
Біз сендермен бүгінгі сабақта:
II. Көркем жазу минуты.
- Алдымен саяхат жасайтын дәптерімізді ашып, саяхат жасайтын күнімізді жазып алайық. (7- слайд).
-Балалар, ең үлкен бір таңбалы сан қандай? (9)
- Осы тоғыз санын қолданып, ең үлкен үш таңбалы санды жазып көріңдер. (999)
- Балалар, осы 999 санын сипаттап беріндерші.
(Бұл сан үштаңбалы, тақ сан, 9 жүздіктен, 9 ондықтан, 9 бірліктен тұрады.Оның көршілері 1000 саны және 998 саны)
III. Ауызша есептеу.
1. “Күннің көзі” дидактикалық ойын. (көбейту кестесіндегі жағдайларды бекіту).
- Бірақ, не көріп тұрмыз? Бұлттар аспанға түсіп, теңіз тулай бастады.Біз осындай ауа- райында саяхатқа шыға алмаймыз. Бұл өте қауіпті. Күннің көзінен бұлттарды кетіруге көмектесейік. (8-слайд).
- Өрнектерді келесі сөздерді қолданып оқыңыз.
-Мәнін табыңдар. Қалған балалар амал дұрыс болса жасыл белгіні көтереді, дұрыс болмаса қызыл белгіні көтереді.
7 * 8 (Мысалы, 7 көбейту 8 тең болады 56)
5 * 4 (бірінші көбейткіш - 5, екінші көбейткіш - 4, көбейтіндінің мәні – 20)
6 * 8 (6-ны 8 есе арттырса 48 саны шығады.)
7 * 3 (7-ні 3 –ке көбейтсек 21 шығады)
9 * 7 (9 –ды 7-ге көбейтсек, 63 шығады.)
- Жарайсындар! Тапсырманы жеңіл орындадындар! Күн жарқырап шықты, теңіз тынышталды. Әрі қарай жүре беруге болады. Біз санап көр аралына келіп жеттік.
2.Қызықты есептер. (10-слайд).
а) Семсер балық 6 жыл, ал дельфин – 26 жыл өмір сүреді. Дельфин семсер балыққа қарағанда қанша жылға ұзақ өмір сүреді? 26 – 6 = 20 (ж.)
Балалар үйге осы семсер балық пен дельфин туралы қосымша мәлімет дайындауға тапсырма берілген болатын. (Тапсырманы дайындаған оқушылар тақтаға шығады, 11-слайд).
Семсер балық - ең үлкен және жылдам балықтың бірі. Оның салмағы 100-200 килограмм, ал денесінің ұзындығы 4-5 метрдге дейін жетеді. Семсер балық сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Оның тұмсығы семсерге ұқсас, алға шығып тұрады, аты да содан шыққан.
Дельфин - сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жатады. Олардың денелері – жұмыр, ұзындығы – 10 мертдей. Дельфиндер еске аяқтарымен суда өте жеңіл және жылдам жүзеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды.
б) Атланттық бекіре балығының массасы 320 кг, ал шортанның массасы одан 8 есе кем. Шортанның салмағы қанша? 320 : 8 = 40 (кг)
(Қосымша мәлімет дайындаған оқушылар тақтаға шығады, 12 -слайд).
Атланттық бекіренің ұзындығы 3-метрге, ал салмағы 300 килограммға дейін жете алады. Бұл балықтың түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Өйткені саны азайып, сиреп бара жатыр.
Шортан балығының салмағы 47 килограмм, ал ұзындығы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шортан – жыртқыш балық. Олардың өмір сүру ұзақтығы 30-35 жылдай. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, басы жалпақ, Аузы үлкен, оның өткір тістері , сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды.
5. Жазуды анықтандар. Сол арқылы ары қарай қайда жүзетінімізді білеміз. (17-слайд).
К 700 + 50 —> Ө
20 * 4 —> Т
0 * 28 —> Е
5 * 7 —> У
30 * 3 —> Б
400: 8 —> Й
- Сөзді оқыңыз. КӨБЕЙТУ. Көбейту жағасына бағыт аламыз.
V.Оқулықпен жұмыс.
- Саяхатымызды жалғастырамыз. Біздің кемеміз көбейту жағасына келді.
- Оқулығымыздың 47 бетін ашамыз №.4.... есебіне назар аударамыз.
- Өрнектің мәнін тап: (19-слайд).
(400+60): 2= 400: 2 + 60: 2 = 230
(600+90): 3 =600:3+90:3 =230
20* (60+2) = 60 * 20 + 20*2 = 1240
(5+3) * 40 = 5 * 40 + 3 * 40 =320
(800 + 40) : 4 = 800: 4 + 40 : 4 = 220
(500+50) : 5 = 500: 5 + 50: 5 = 110
-Келесі тапсырма № 7, 48 бет
18 * 5 = 50 + 40 = 90 90 : 5 = 10+ 8 = 18
28 * 5 = 100 + 40 = 140 140 : 5 = 20 + 8 = 28
38 * 5 = 150 + 40 = 190 190 : 5 = 30 + 8 = 38
VI. Сергіту сәті.
- Судың ағысы кемемізді Өзгерістер жағалауына алып келді. Осында біз біраз демаламыз. (21-слайд).
– Мен мысалдарды слайдта көрсетемін, ал сендер жауабын қимылмен көрсетесіндер
- 12 : 3, неше рет аяқпенен басамыз.
- 20 : 4 неше рет қолмен шапалақтаймыз.
- 21 : 7 неше рет отырып тұрамыз.
- 12 : 6 сонша рет айналамыз.
-Демалдық, қайта жолға шығамыз!
VII. Есептер аралына келіп қалдық.
1. Есепті шығар. Сөз есеп. (24-слайд).
- Есептер жағасына жақындадық.
-Есепті оқыңыз.
Аралда 150 жануар болды. Олардың 45-піл, 65 тотықұс, қалғаны маймылдар. Қанша маймылдар болды?
-Есепте не туралы айтылған?
- Қысқаша жазуға қандай сөздеді аламыз.(Слайд 25)
- Есепте не берілген? - Нені табу керек?
- Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
- Тексеру..
- Дәптерге өздерін шешуін екі тәсілмен жазып аламыз.
Тексеру:
I тәсіл. 150 – (45 + 65)=40 (маймыл.)
II тәсіл. 150 – 45 – 65= 40 (м.)
Жауабы: Аралда 40 маймыл болды.
2. Геометриялық материал.
- Біз Геометрия жағалауына келдік. Бұл жағалауда түрлі геометриялық фигуралар тұрады. Ал қандай фигура туралы айтылғанын жұмбақты шешу арқылы табасыңдар. (27-слайд).
Ол бұрыннан бізге таныс,
Әр бұрышы оның тік,
Барлық 4 қабырғасының
Ұзындықтары бірдей. Қандай фигура? (Шаршы)
Жұппен орындайтын практикалық тапсырма.
- Геометриялық фигуралардан шаршы құрастырамыз. Оның ұзындығын, енін өлшеп, периметрі мен ауданын табыңыз. ( 1-парта ұзындығы 5 см қызыл түсті шаршы құрастырады.2 -парта ұзындығы 6 см болатын көк шаршы құрастырады, 3-парта – ұзындығы жасыл болатын 7 см шаршы құрастырады.
Тексеру.:
- Шаршының периметрін қалай таптыңдар? (Р = а * 4, а – шаршының ұзындығы)
- Шаршының периметрі нешеге тең? Санды көрсетіңіз. (I парта- 20 см, II парта -24 см, III парта - 28 см)
- Шаршының ауданын қалай таптыңдар? (S = a * a)
- Құрастырылған шаршының ауданы нешеге тең ? Санды көрсетіңіз.
(I қатар - 25 см2, II қатар -36 см2, III қатар - 28 см2)
IX.Қорытынды. Рефлексия.
- Біздің саяхатымыз өз мәресіне жетті.Бізге үйге оралу керек. Біздің бірлесіп топпен жақсы жұмыс жасағынымыздың арқасында біз қайтып туған жеріміздеміз. (31- слайд)
- Бүгінгі Білім теңізіне жасаған саяхатымызда жаңа не білдіңдер?
- Сендерге не ұнады?
- Бүгінгі сабақта өздерінді бағалап көрейік.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнаса, сабақта бәрін түсініп, ұғындық десеңдер,сары балықты көтеріңіздер.
Егер сабақта жақсы жұмыс істедім, бірақ одан да жылдам жұмыс істей аламын десендер, көк түсті балықты көтереміз.
Егер ешнәрсе түсінген жоқпын, мұғалімнің көмегі керек десендер жасыл түсті балықты көрсетіңдер.
-Жақсы балалар, барлығын түсінген екенсіңдер. Ендеше үй тапрсымасын жазып алайық.
X. Үйге тапсырма:. #5. 48 бет.
Бағалау. Бүгінгі сабағымызға белсенді қатысақан барлық баланы бағалау.
Қостанай облысы, Таран ауданы, Тобыл орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Каскадамова Қарлығаш Шарапиқызы