Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№11 орта мектебі
2 «Б» сыныбы
Математика Сабақ №
Мұғалім:Чмаева Ж.Д.
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру. (6 бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру.; екі таңбалы сандарды оқу, жазудың ерекшеліктерімен таныстыру; екі таңбалы сандардың ондықтардан және бірліктерден тұратынын аңғарту;
бір амалмен шығарылатын есептерді (айырмалық салыстыру) шығаруды пысықтау.
Дамытушылық: Кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайту дағдыларын , білімін, шапшаң ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекілік: Цифрлар, дидактикалық үлестірмелі материалдар, санау таяқшалары, санау таяқшаларының бумасы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру: 5-тапсырма. Мұнда кестелік қосу және азайту, 0 және1 сандарымен байланысты қосу және азайту пысықталады.
3.Оқушы білімін жан-жақты тексеру.
А) Санау арқылы келесі санды шығарып алу жолдарын пысықтау. (санау таяқшасы арқылы)
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, ...
Б) Санау таяқшаларының бумасын алып, санау арқылы бір таңбалы сандарды және толық ондықтарды шығарып алуды пысықтау.
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100
4. Жаңа сабақ. Көрнекілікпен жұмыс.
Жеке санау таяқшаларын біртіндеп көрсете отырып, он таяқшаны буады және оны барлық оқушыларға көрсетеді. «Қанша таяқша бар?» (10)
«Неше бума болды?» (1) Тағы бір таяқша қосады.
«Енді неше таяқша болды?» (11)
«Неше бума болды?» Бір бума және бір таяқша.Осылай бір бума 10 таяқша аламыз. Ал жеке 10 таяқша 1 бума, яғни 1 ондықты құрайды, демек, барлығы 2 ондық, яғни 20 таяқша. Оған тағы 1 таяқша қосып жалғастыра береміз, жазамыз
21 – 2 онд. 1 бірл.
22 – 2 онд. 2 бірл. т.с.с.
5. Оқулықпен жұмыс.
100 санының жазылуымен таныстыру
1-тапсырма. Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
2−тапсырма. Сандарды разряд бірліктеріне жіктеу.
18-=1 онд. 8 бірл.
3-тапсырма. Сандарды оқып олардың жазылуын, олардың жазылуындағы әр цифр нені білдіретіндігіне назар аудару.
Ең кіші сан – 11
Ең үлкен сан - 94
100 саны екі таңбалы сан болып табылады ма? Неліктен?
4-тапсырманы орындауға дайындық. Бір амалмен шығарылатын есептердің бес түрін қарастыру. «артық- кем», « үлкен-кіші» ұғымдарын пысықтау.
Дулат – 10 дәп.
Самат - ? дәптер, одан 3 дәп. кем
10 – 3 =7 (дәп.) – Самат
Жауабы: 7 дәптер сатып алды.
Самат – 7 дәп.
Дулат - ? дәптер, одан 3 дәп. арт.
7 + 3 =10 (дәп.) – Дулат
Жауабы: 10 дәптер сатып алды.
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру. Не байқадың?
5-тапсырма. Бірінші және екінші бағандарын орындау.
Шығ.тапсырманы орындау кезінде еркін талқылау ұйымдастыру. (Жауабы: меймандар -12, ал табақ саны – 5).
Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма: 5-тапсырманың 3,4,5 бағандары
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.