Тақырыбы: Отбасы - алтын діңгек!
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар
Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасу
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: "Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".
Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Ой бөлісу
Оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
Оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
- Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
- Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
- Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
- Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.
Тапсырмалар :
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Балаларға:
1. Әкенің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4. Әкенің пікірі сен үшін?
5. Әкең саған айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
Мұғалім:
Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.
Қорытынды : « Анам , әкем және мен » ой толғау жазу.