Целинный негізгі мектебі
Әдебиеттік оқу
«Бозторғай – дала сәні»
3 сынып
Өткізген: Хамзина Айман Кубландиновна
Сабақтың тақырыбы: «Бозторғай-дала сәні»
Сабақ мақсаты: Білімдік: мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылықтарын арттыру; Дамутышылық: өз бетімен ізденуге, ойлауға мүмкіндік беру. Тәрбиелік: құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, кіріспе сөз.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Балалар, қазір бізде әдебиет сабағы. Біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Бозторғай-дала сәні».
- Балалар, бүгін біз мәтінмен жұмыс жасаймыз, сұрақтарға жауап береміз, жазбаша жұмыстар жасаймыз.
ІІ.Жаңа сабақ:
1.- Балалар, құстардың қандай түрлері болады? Иә, ендеше солардың ішінде Бозторғай туралы өтеміз.
2. Кіріспе әңгіме: Бозторғай суреті (мұғалім сөзі)
Құс-табиғат, өмір көркі. ...Ертеде байлар мен патшалар, хандар бағында бұлбұл сайратып, үйінде тоты ұстаған, көлінде аққу жүздіртіп, қолына сұңқар қондырған. Боз даланың бозала таңынан шырылдап әнге басар құсы – бозторғай. Бозторғай өзі кішкене ғана, бір-ақ уыс. Салмағы болса 15-тен 70 граммға дейін болады екен. Олардың көптеген түрлері бар, жоқ дегенде 70 тен аса түрі бар. Ал біздің Қазақстанымызда 13 түрі бар. Қазір балалар, оқулықтың 65 бетін ашыңыздар. Мәтінмен жұмыс жасаймыз.
3.Абзацтарға бөліп оқу.
Мәтін бойынша сұрақтар қою: (2-3 сұрақ)
1. Бозторғай үй құсы ма, әлде дала құсы ма?
2. Бозторғайдың қанша түрі бар?
3. Бозторғайдың қанша түрі Қазақстанда мекендейді?
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
- Балалар, бозторғай дала құсы. Құстар тағы қандай топтарға бөлінеді? (үй құстары және дала құстары)
- Қандай үй құстарын білесіңдер?
- Қандай дала құстарын білесіңдер?
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
4.Сергіту.
Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алған соң
Орнымызға қонайық.
5.- Енді балалар, Вен диаграммасын толтырып көрейік.
Үй құстары Дала құстары
Адамдар тамақтандырады құс Өздері тамақтанады
Етін жейді ұшады Етін жемейді
Қыстайды жұмыртқа Жылы жаққа кетеді
балапан
- Жарайсыңдар балалар, міне бізде Вен диаграммасы шықты. Өте жақсы.
6. Жұмбақтарды шешейік.
1ші жұмбақ- аққу
2ші жмбақт- үкі
- Жарайсыңдар, өте жақсы. Осы құстар туралы не білесіңдер?
(сипаттама беру, тақпақ, жұмбақ айту)
7.- Балалар, мына жазуларды бәріміз бірге оқып шығайық.
Неге құстардың ұясын бұзуға болмайды?
Неге құстарды біздің досымыз деп айтамыз?
Неліктен құстарды орман дәрігерлері деп айтамыз?
-Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы.
Мәтін бойынша класстер құрастыру.
Қорытынды: Міне балалар, бүгін біз сабақта бозторғай туралы мәліметтер алдық. Бозторғайлардың көптеген түрлері бар екен, олар өздері кішкентай ғана болады.
Құстар біздің досымыз, біз құстарға қамқор боламыз, ұяларын бұзбаймыз. Осы нақыл сөздерді әрқашанда ұстанып жүреміз, солай ма? Жарайсыңдар!
Үйге тапсырма: Тағы қандай құстарды білесіңдер, солар туралы мәліметтер жинап, дәптерлеріңе жазып келесіңдер. Сондай-ақ, әркім құстар туралы бір жұмбақ жазып келіңдер. Келесі сабақта құстар туралы оқып, жұмбақтарды бірге шешеміз.
Бағалау.