Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып сағаты: "Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"

Мақсаты:Оқушыларды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Аға-апалардың ерлігі туралы айту. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу. Оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет.

Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы-білімді»


1-жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сіздерді 16-желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанымызға 24 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.


2-жүргізуші: Олай болса, «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


1-жүргізуші: Сонымен, Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?


2-жүргізуші: Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Д.А. Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»(4-сынып оқушылары)

Бір топ:

Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды?

Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.

/сахна алдына ержүректі  желтоқсан батырлары шыға бастайды/

(Осындай сөздерді айтып, сахнаға Қайрат, Ләззат, Сәбира,Гүлнәр рөлінде оқушылар шығады)

Қайрат:

       Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ,

       Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап.

       Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,

       Біз де шықтық алаңға «Елім-айлап».

Ләззат:

       Сүймейтұғын болдық қой, күймей ғұмыр,

       Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

       Колбин деген кім екен, қайдан келген.

       Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?


Гүлнәр:

            Алаңға шығып ойын айтты жастарым,

            Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

           Содан барып, таңы еріді кеңестің,

           Содан кейін еркіндікті бастадым.


Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте айқай шу шығады\


Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

 Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)

Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат, бері кел.

Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)


Мерей:  Бар болғаны  осы еді қылмысымыз,

Савицкий  көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.


1-жүргізуші: Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.


1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруақ ағалардың ырза болсын.


2-жүргізуші: 1 минут үнсіздік

(Оқушылар шығып өлеңдерін оқиды.)


1-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!


2-оқушы: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.


3-оқушы:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

1-жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені»


4-оқушы: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

5-оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

6-оқушы:Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!

7-оқушы: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

2-жүргізуші: Ән «Мереке» орындайтын Аяулым.


1-жүргізуші: - «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбына оқушыларымыз өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазып келіп отыр. Осы жазған эсселерін тыңдайық. (4-5 оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің 24жыл ішінде жеткен жаңалықтарын, табыстарын әңгімелейді).


- Балалар, ойларың өте жақсы, көңілге қонымды. Көпшілігің 24 жыл ішінде жеткен жетістіктерге назар аударыңыз. Көп-көп рахмет!


2-жүргізуші: « Қазақ» биі.


1-жүргізуші:

Намысты от- жалынға шындайық біз,

Қайраттың ерлігіне лайықпыз.

24 жыл толған екен Желтоқсанға,

Әумин, қабыл болсын, жыр-әніміз!

Ән: «Атамекен»


2- жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар,бүгін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан » атты ертеңгілігіміз аяқталды.


1- жүргізуші: Келгендеріңізге көп рахмет!Сау болыңыздар!