Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ:Сөйлем түрлері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Начало формы



Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске

түсіре отырып толықтыру.Сөйлемді айтылу мақса-

тына қарай ажырата білуге машықтандыру және

сауаттылықтарын арттыру.

2. Оқушының танымдық белсенділігін

арттыру, ойын, тілін, дамыту.

3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: белсенді тақта, сын тұрғысынан ойлау

және жазу стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Екі көз не үшін керек?

Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін

Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: Ақыл-кеңесті тыңдау үшін

Мұғалім: Екі қол не үшін керек?

Оқушы: Елге көмек беру үшін

Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?

Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін

Ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.Әр топ жетекшісінің міндетімен,топ мүшелерін топ жетекшілері бағалайтынын айту.

Топтардың аты : 1топ «Ұлан»

2 топ «Қыран»

3 топ «Достық»

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Проблемдік ситуация туғызу. Ребус шешу.

-Ал,балалар ребус шешіп көрейік.(сөйлем)

С

К  [pic]   [pic]

-Қандай сөз шықты?

-Сөйлем.

-Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?

-Сөйлем тақырыбына байланысты.

-оқушылар 1-2 сыныптардан сөйлем тақырыбымен таныссыңдар

-Ендеше сөйлем тақырыбы бойынша нені білеміз?Канеки,ойымызды жинақтайықшы.

-Ал енді айтқан ойларымызды топтастырып көрейік.(Интербелсенді тақтада топтастыру)

Ә)Топтастыру



[pic] [pic] [pic]



  1. Сөйлем сөзден құралады.

  2. сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

  3. сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

  4. сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады

  5. сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады

  6. сөйлем тиянақты ойды білдіреді

Б)Оқушы-

Оқушы сабаққа келді.-

-Қайсысы сөз,қайсысы сөйлем?

-Сөз дегеніміз не? Сөз ол бір заттың атауын білдіреді.Мысалы: парта,тақта т.с.с

-Ал сөйлем дегеніміз-тиянақты бір ойды жеткізіп тұр.

Сөз бен сөйлем ұғымы.

Сөз ол зат, құбылыс атауы. Адамдар бір-бірімен өзара пікір алысады, сөйлеседі, осы сөйлесу сөйлем арқылы жүзеге асады.



В)Сөйлем түрлері.



-Өріске шыққан малдар ауылдан ұзап барады

-Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді

-Ауа райы қандай тамаша



  • осы сөйлемдерде не жетіспейді?

  • Тыныс белгілері

  • Ол қандай тыныс белгілері?

  • Нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі

  • Бірінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

  • Нүкте

  • Ол қандай сөйлем?

  • Хабарлы сөйлем

  • Екінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

  • Сұрақ белгісі

  • Ол қандай сөйлем?

  • Сұраулы сөйлем.

  • Үшінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

  • Леп белгісі

  • Ол қандай сөйлем?

  • Лепті сөйлем

-Балалар біз сендермен сөйлемнің түрлерін анықтадық.





[pic]

[pic] [pic]

лепті

хабарлы [pic]



сұраулы



Әрқайсысының анықтамаларын оқушыларға айтқызу.

1.Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем

дейміз.

2.Жауап алу мақсатында айтылған айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем

дейміз.

3.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкі

дауыспен айтылады.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

-Сөйлем тақырыбын еске түсіру.

-өте жақсы.



2.Деңгей бойынша жаттығу жұмыстарын орындау

І деңгей.



  1. тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.



І топ

ІІ топ

ІІІ топ

орман

оқиды

кітапхана

спорт

күз

ойнады

Отан

жапырақ

мектеп

бидай

әкелді

өсімдік







2- тапсырма.

І топ

Мамандық аттарын ата.

Мен адамдарды емдеймін________________

Мен көмір қазамын__________________________

Мен үй саламын_________________

Мен ән айтамын_________________





ІІ топ

Сөздерден баспалдақ жаса

С





С







С









С











С



























ІІІ топ

Схемадан сөз құра

























т

ш [pic]

с [pic]

[pic]



А [pic] [pic]

ж л [pic] [pic] [pic]



қ у қ





ІІ деңгей

1- тапсырма. Оқулықтағы 1- жаттығуды орындау.



І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр

Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын айт

Сөйлемнің 3 түріне мысал келтір





2-тапсырма.

-І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Сызба бойынша сөйлем құра



[pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic] [pic]



Сөз құрастырып жаз



ңоқрауы- арыбдом-

қашлұқын- натғараж-



«Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз жазып шық.





ІІІ деңгей

1- тапсырма

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Ребусты шеш.

С

К  [pic]

[pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic] [pic] [pic]

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.

1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.

2.Адамға, пайда, келтіреді, құстар көп.

3.Ол,айырылып,қалды, шанадан,абайсызда.

4.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.



Дұрыс тапсаң, мақал шығады.

  1. 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Ж Р Е І Б Й А Ы Д Ң Л



1 3 2 4 5 7 6 9 8 10 3 11 4 5 7 6







2- тапсырма

3-жаттығуды оқулықтан оқып орындау. (жазбаша). Сөйлем соңына не нүкте, не леп белгісі, не сұрау белгісі қойылады деген ережені бекіту.



ІІІ.Қорытынды

  1. Сөзжұмбақ



1.?-белгісі бар сөйлем қалай

аталады?



с













ө

















й













л









е

















м





2. Өзі тәтті

Тәттінің іші қатты

Қаттының іші тәтті

(өрік)

  1. Жүрсе ізі жоқ

Сойса қаны жоқ

(қайық)

4 .Әрі қызыл, әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты

(алма)

5.Аспай түскен

Қайнамай піскен

(жеміс)

6.Өзі арық, сөзі әріп

(қалам)





2). Жұмбақ жасыру.

Өзім сөзден тұрамын

Тиянақты ойды құрамын

(сөйлем)



ІV.Рефлексия.

Ал енді әр топ сөйлем тақырыбы бойынша нені еске түсірдік?

-1 топ.Жалпы сөйлем туралы

-2 топ.Сөйлемнің түрлері туралы

-3 топ.Біз сөзден сөйлем құрастыра аламыз.Сөйлемнің 3 түріне мысал келтіру.

Сөйлем құрған кезде сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болуы керек.

Сонымен біз жалпы сөйлем тақырыбын еске түсірдік.

Кім? Қайда? Не істеді?

Мысалы: Олжас мектепке келді.Сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшесі бола алатындығына келесі сабақтарда көз жеткіземіз.









V. Үйге тапсырма:

Жоспар:



1.Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері2.Математика сабағындағы  негізгі сауаттылық:

3.Оқушылырдың математикалық сауаттылықтарын қалыптастырудың кейбір жолдары.

4. Практикалық жұмыс





















































Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты  -  өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.

          ЮНЕСКО-ның анықтамасына сүйене келе сауаттылық деген сөз  тұлғаның оқу, түсіну және күнделікті өмірге қатысы бар  қарапайым қысқа мәтіндер құрастыра алуы екен. Сондай-ақ сауаттылық деп әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық дағдылар жиынтығы. Белгілі бір жағдайларда бұл дағдылар жиынтығы әр түрті деңгейде болатындығына байланысты қазіргі білім беру тәжірибесінде«функционалдық сауаттылық» термині қолданылады. Бұл терминнің анықтамасы  -   адамның сыртқы қоршаған ортамен карым-қатынас орната алуы және ол ортаға жылдам бейімделуі.

Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.

Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын сындарлы оқытудың (бағдарламаның) жеті модулі:

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.

  Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.







Функционалдық сауаттылықтың бір міндеті сырттай бағалау және іштей бағалау болып табылады. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модулді жиі қолдану оқушылардың білім алуында алға жылжуға септігін тигізеді. Сабақтарда осы модулді ауқымды түрде қолдансаныз, нәтижесінде оқушылардың оқуға ынталары арттып және білім алуға қызығушылықтары оянады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.




Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.

Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.

Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану
Оқушы біліміне мұғалім берген баға оқушының іштей өзін-өзі бағалауына сай келмесе, оның белсенділігіне теріс ықпал етеді, яғни, көтерме баға оқуға деген тұтынушылық қатынасты дамытуға, мұғалім беделін түсіруге соқтырады, ал төмен баға қою жағымсыз сезім, өз мүмкіндігіне сенімсіздік, кейде дау-дамай тудырады.

Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет.



Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы

Математикалық сауаттылықтың әдістемесі мазмұнын кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын ережелер, сондай-ақ оқытуда дамытушылық және тұлғалық-іскерлік тұрғыдан қарау әрекеті құрайды.

Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.

Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.



Оқушыда функционалдық математикалық сауаттылық қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек.

Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылықты қалыптастырудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:

1) Математика –барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;

2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;

3) «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы;

4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;

5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылық дұрыс сөйлеу қабілетін математика сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді:

1) Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білуге;

2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге;

3) Математикалық терминологияларды түсіне, қолдана және негіздей білуде;

4) Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде;

5) Аузыша және жазбаша математикалық сауатты сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білуге.

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілікқасиетті қалыптастырады.

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.

  1. ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;

  2. қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндердематематикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;

  3. ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;

  4. математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

  5. дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

  6. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

7) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;

8) өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;

9) өз іс әрекетін бағалауды;

10) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет.











Практикалық бөлімде :

І. Топтық жұмыс туралы мәлімет берілді, топқа бөлу, топ ішіндегі міндеттер бөлінді.

ІІ. 1."Математика сабағында оқушылар белсенділігін арттырудың жолдары", 2."Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын қалай арттыруға болады? " тақырыбында екі-екі топтан постер құрастырып, қорғайды.

ІІІ. Математика сабағында функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатындағы тапсырмалармен жұмыс











































Пайдаланған әдебиеттер:

1.2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат , Астана-2014ж

2.http://sc0009.akkol.akmoedu.kz/i

3. Кененбаева М.А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері». Автореферат. - Астана, 2005 ж.

4. Оспанов Т.Қ. «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.

5. Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.

6. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат: Алматы. 2001.





Қарағанды облысы, Теміртау қаласы.

«Теміртау қаласының №9 мектеп -лицейі» КММ

Математика пән мұғалімі : Байболова Мөлдір Тұрмағанбетқызы

Тақырыбы: Математика сабағында оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту.

Мақсаты: Білім алудағы қажеттіліктерді  күнделікті сабақта қолдану.

Сапалы оқыту,оқытудың озық технологияларын тиімді  пайдалану  жолдарын  меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Математикалық сауаттылық дегеніміз-математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған  ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып  үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін     меңгеру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,   яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:

  • белсенділік,

  • шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға бейімделуі,

  • кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмірлік білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім  түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.

Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты  зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері  арқылы жүргізіледі.

Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.

Халықаралық бағалау жүйелері – PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер.

Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден фунуционалдық білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың  оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсатыматематика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың функционалдық білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілісауалнамалар жүргізу және тестілер алу.

TIMSS тестілеуі  мынадай тақырыптарды қамтыды:

  • Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас, пайыз және пропорция.

  • Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.

  • Геометрия: геометриялық өлшемдер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы және қозғалысы.

  • Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және беру;ықтималдылықтар.

Халықаралық TIMSS зерттеуінде үш              математикалық  деңгейлерi қарастырылды:

Білім деңгейi– оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу; есептеу; график пен кестеден мәліметті алу;  математикалық объектілерді тану қабілеттері бағаланды.

Қолдану деңгейі– нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты көрсету;  модельдеу; тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланды.

Тұжырымдау деңгейі– қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу;  дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланды.

ТIMSS халқаралық зертеуіне дайындық барысында "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, «Джигсо» әдістерінен пайдаланып бардым.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, математика  пәнін терең  білудің маңызы зор.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

 Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.