План урока на тему: Зат есім.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың зат есім туралы түсініктерін еске түсіре отырып білімдерін тиянақтау; 2.Оқушылардың білім-білік дағдыларын арттыру,өз пікірін сенімді айтуға дағдыландыру;Ойлауын,сөздік қорларын дамыту; 3.Сауатты,ұқыпты жазуға төселдіру;Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу;

Сабақ типі: аралас сабақ

Қолданылатын көрнекі құрал: құстар суреті,семантикалық карта,тірек сызбалар,тест;

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау,жинақтау,әңгімелеу,іздену,салыстыру;

Барысы: I.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Қазақ тілі,өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

II. Үй тапсырмасын сұрау

А) 4-жаттығу Зат есімдерді сын есім,сан есім, етістікпен тіркестіріп жазу.

Үш оқушыға оқыту.

Бағалау парағына әрқайсысы өздеріне әр дұрыс жауапқа бір ұпай қояды.

Ә)Семантикалық картамен жұмыс

III.а) Қызығушылықты ояту

-Балалар,менің қолымдағы мына суреттің жартысы көрінбей тұр.Бұл не болды екен ? Көз алдымызға елестетіп ойлансақ,осы бейнені

жалғастырып,көп нәрсе жасауға болатын сияқты.Сендер алдарыңдағы параққа аяқталмаған бейненің суретін салып көріңдер.

Көмек ретінде ой-жұмбақ айту.

-Ол аспанда да,жерде де болады,шөлейт жерлерде де жүреді,оны жеуге де болады,ол барлық адамдарда болады.

-Пайда болған заттарды атайық: құс,алма,жүрек,түйе,көзілдірік.

-Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

-Не? Нелер?

-Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?

-Кім? Кімдер?

-Осы сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?

-Зат есім.

III ә)Мақсат қою кезеңі

-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есім . Зат есім туралы білімімізді тиянақтай түсеміз.

IV.Жаңа сабақ

-Балалар,бүгін қазақ тілінен ертегі желісі бойынша сабақ өтеміз.

Ерте-ерте,ертеде жапан түзде сиреп қалған орманның ішінде бір тоқылдақ тіршілік етіпті.Ол таңның атысы ,күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып тоқылдатумен болыпты.Қатты дыбыстан мең-зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар тоқылдақты орманнан қуып жіберіпті.Тоқылдақ кетіп,біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап,бұтақтары сынып,діңдеріне құрт-құмырсқа түсіп,шіри бастайды.Көгершін мән-жайды түсінген соң,мен дәрігердің кім екенін білмеймін,дегенмен іздеп келейін деп ұша жөнеледі.

-Балалар, сендердің ағаштарға көмектескілерің келе ме ?

-Иә

-Олай болса,көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық.

Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік.

1.Зат есім деген не ?

2.Зат есімнің тәуелденуі деген не?

Мән-жайды түсінген соң,мен дәрігердің кім екенін білмеймін,дегенмен іздеп келейін деп ұша жөнеледі.

-Балалар,сендердің ағаштарға көмектескілерің келе ме?

Балалар:

-Иә.

Мұғалім:Олай болса,көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық.Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік.1.Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары.2.Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

Тірек сызбалармен жұмыс Өзіндік жеке жұмыс

1-қатар Зат есім Құрамына қарай






2-қатар Зат есім Тұлғасына қарай







3-қатар Зат есім Жалпылай және жекелей атауына қарай




Мұғалім: Көгершін одан әрі ұшып кетіпті.Қалың тоғайдың қасына келгенде қырғауыл жолықты.Ол : « Мен үшін адамдардан көмек сұра.»,-дейді.Олай болса,қырғауылдың тілегін орындайық.

Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу Ертегіні түсініп оқу.Бірінші сөйлемнен зат есімдерді табу.Зат есімдерді сөз құрамына талдау.

Тақтамен,дәптермен жұмыс.Мәтіннен тәуелдеулі сөздерді теріп жазу.Олардың жалғаулары қай жақта тұрғанын айту.

Мұғалім:Біз ағашты емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз.Алғашқы тапсырманы орындадық.Көгершін бір төбенің басында отырған қарғаны көреді де,болған жайды айтады.Әркімнің өз жұмысы бар ғой,менің уақытым жоқ,-дейді.Онда көмектесіп мына тапсырманы орындайық.

2-жаттығу А)Жалқы және жалпы есімдерді ажырату.Көгершін ұшып келіп,ағаш басында отырған торғайды көреді.Болған жайды айтады. Ол да уақытым жоқ дейді.Көгершінмен жолға шығып,мына тапсырманы орындайық.

3-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу.Тәуелдеулі зат есімдерді табу.Түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.

Мұғалім:Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді.Тауда ұшып жүрген бүркітке келеді.Оған да ағаштарды «емдей гөр»деп өтініш айтады.Сонда бүркіт:-Мен батыр құспын ғой.Мен бұл жерден кете алмаймын.Маған көп құстар келеді,ақыл-кеңес сұрайды.Осы маңайда үйсіз –күйсіз жүрген құстар бар,сен солардың біреуін тауып өтініш айт.Мүмкін, солардың біреуі саған ілесіп,ағаштарды емдеп қалар,-дейді.Кәне,көгершінге ілесіп, мына тапсырманы орындайық.

4-жаттығу Сөздерден зат есім жасау.Оларға сұрақ қою.Зат есім түрлерін анықтау.

V. 5-жаттығу Өзіндік жұмыс Ребусты шешу.Мақалдың мағынасын түсініп,эссе жазу.Оқушылардың эсселерін оқыту.Мұғалім:Көгершін бүркіттің ақылын тыңдап,орманды аралайын дейді.Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.Ол құс көгершіннің тілегін орындап орманға келіп,ағаштарды емдеп құрт ауруларынан жазған екен дейді.

Проблемалық сұрақ:-Ол қандай құс болуы мүмкін?-Тоқылдақ.-Олай болса,бүгінгі ертегімізге қандай ат қоясыңдар?-Тоқылдақ-орман дәрігері

-Міне,балалар,ақымақ ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей,орманнан қуып жіберіп,өздері құрып кете жаздады.Тоқылдақтың кешірімді,

ақылдылығының арқасында ағаштар құрт ауруынан құлан-таза айықты.

VI.Сабақты бекіту. Тест

1.Жалқы есімді тап а) дала ә)бозторғай б)Сарыөзек

2.Негізгі зат есімді тап а) жаңбыр ә) әнші б) аспаз

3.Дерексіз зат есімді тап а) өзен ә)арман б)Астана

4.Күрделі зат есімді тап а) аймақ ә) тайқазан б)әскер

5.Зат есімнің жекеше түрін тап а)көше ә) жолдар б) таулар

6.Тәуелдеулі зат есімді тап а) кітаптар ә) оқулықпен б) сызғышы

7.Сын есімнен жасалған туынды зат есімді тап

а) адалдық ә)балалық б)достық

Дұрыс жауаптарына қарап, өзара жұптық тексеру
VII.Сабақты қорыту«Әріптер сырын ашайық»

Т а ғ н у едрңіж тғабитныа оғ қарй ліб

«Туған жердің табиғатын қорғай біл!

VIII.Бағалау.Үйге тапсырма 6-жаттығу