Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы, КММ Ю.Гагарин атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Базарбай Айный
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Абай «Қыс». М. Әуезов «Боран»
Мақсаты мен міндеттері: өлеңді,мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік:түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік:ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі :жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Абай, М. Әуезов портреттері, қыс көрінісінің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: әңгімелеу,
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
«Туған жерге қыс келді»- тарауын бастаймыз. Қалай ойлайсыңдар бұл бөлімнің шығармалары неге қатысты айтылады?
Казір қыстың қай айы? Қыста қандай өзгерістер болады?
Ақшақарлардың артындағы жұмбақтарды шешу:
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Қыста бар, жазда жоқ.
Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ-желеді
Аузы жоқ-ұлиды.
Абай Құнанбаев (1845-1904)
қазақтың ұлы ақыны , аудармашы
Мұхтар Әуезов (1897-1961)
қазақтың ұлы жазушысы
Оқулық бойынша жұмыс 151-155беттер
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
Сөздік жұмыс: шидем- қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Ақын қысты кімге теңейді?
Өлеңде балалар туралы не делінген? Малшы туралы ше?
Үсінуден қалай сақтануға болады?
Сергіту сәті
3.Жаңа білімді бекіту:
- өлеңді,мәтінді мәнерлеп тұтас оқу
- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дәптермен жұмыс: кестені толтыр.
- сурет бойынша әңгіме құр (топтық жұмыс) 4. Үйге тапсырма: 151 бет жатта, 153-155 бет әңгімеле.