Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы:Көктем.
Сабақтың мақсаты: 1.Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерісі жайлы мағлұмат беру.
2.Оқушыларға көктемдегі өсімдік тіршілігі жайлы түсіндіріп,ой-пікірін
еркін жеткізе білуге машықтандыру.
3.Оқушыларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Адамның қысқы еңбегі ”мәтінін оқыту,мазмұндау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
2. Қорытындылау.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Көктем” .
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.
Наурыздың 1-нен бастап көктем айлары басталады.Көктемде жер көгеріп,тіршілік
жандана бастайды.Өсімдіктер бүр жара бастайды.Наурыз (парсы тілінде”нау”-жаңа,
“руз”- күн деген ұғымдарды білдіреді)-жаңа жылдың бірінші күні.
Ерте көктемде жаппай гүлдеп,көктейтін шөптер:жауқазын,бәйшешек,қазжуа,өгейшөп.
Төңірек тегіс көктеді,
Төсіне қырқа тақты гүл.
Даламның көркем көктемі,
Дабылын қайта қақты бір. -өлеңі не туралы?
Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
-Көктемде жапырақ неден пайда болатынын бақылап,зертте.
-Өсімдіктер көктемде қандай өзгеріске түседі екен,анықта.
-Ерте гүлдейтін гүлді өсімдіктердің сыртқы түріне,жер бетіндегі мүшелеріне көңіл
аудар,бақыла.
-Өсімдіктердің гүлдеу уақытын анықтап,дәптерге жаз.
3.Сергіту сәті
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Көктем” тақырыбын қайталау.
Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Көктем суретін салу.
9.Бағалау.