Ашық сабақ: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.Қаздарым.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақтөбе қаласы.

37 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Утенова Г.Е.

Пәні:Ана тілі

Мерзімі:21.04.2016.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.Қаздарым.

Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға,сөйлемдердің байланысын анықтауға төселдіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Автор туралы мәлімет беру,өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру.Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға төселдіру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайту арқылы сөйлеу тілін дамыту,сауатты,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Балаларды құстарға қамқор болуға баулу.

Сабақтың түрі:жаңа материалды игеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:ойын,көрнекілік,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: математика,дүниетану.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу: - Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Кәне қонақтарымызбен амандасайық.



2.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.



3.Үй тапсырмасын тексеру.175-бет, «Мамыр» өлеңін жатқа айту.

4.Жаңа материалды игеру.

Ойын: «Сөйлейтін сандар»

Ережесі:Берілген есептердің мәнін тапқан оқушы жасырын әріпті табады.

Шығатын сөз: Қаздарым

  • Балалар,бүгінгі өтетін өлеңіміздің тақырыбы – Қаздарым.

  • Өлеңнің авторы – Құрманбай Толыбаев.Ол 1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында дүниеге келген.Балалар жазушысы.Мұғалім,редактор қызметін атқарған.Балаларға арналған өлеңдері көп.

  • Оқушылар бұл не?

  • Ол қандай болады?

Қаз суда да,құрлықта да өмір сүре алады.Жабайы және асыранды түрі бар.Салмағы ірі,мойны ұзын,тұмсығы жалпақ,мықты,аяғы қысқа,қауырсыны қалың құс.Суда 40 метр тереңге сүнгиді,суыққа төзімді,маңғазданып,кербез теңселіп жүреді.Жеміс жапырағымен қоректенеді.Ұясын үй маңына,таяз су бетіне салады.5-20 жұмыртқаны 20-40 күнде басып шығарады.Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді.Балапаны – мамыр деп аталады.Қаздың майы күйікке пайдалы.

5.Мәтінмен жұмыс.

1. «Қаздарым» өлеңін мәнерлеп оқу.(мұғалім)

2.Оқушыларға хормен оқыту.

3.Рөлге бөліп оқыту.

6.Ойын: «Сыйқырлы жұмыртқалар»

Ережесі:

  • Балалар,бұл қаздың сыйы,сыйқырлы жұмыртқалары.Жұмыртқаның ішінде қаздың сендерге дайындаған тапсырмалары бар.Ал кәне орындап көрейік.

1.Балапан ұясынан құлап түсті.

2.Қарлығаш шырылдап ұшып жүр.

3.Айдар балапанды ұяға салды.

4.Қарлығаш ұясына қонды.

5.Атам шөпті шапты.

6.Біз шөпті шаптық.

1)Сөйлемдерді тақтаға жазу.

2)Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.

3)Дәптерге көшіру.



6.Сергіту сәті :

Көгершінге ұқсайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Ұямызға қонайық

Әдемі етіп жазайық.



7.Қорытындылау.

- Оқушылар,сонымен бүгінгі өткен өлеңіміз қандай еді?

- Қаз қандай,сипаттама бер?

- Қаздың тіршілігі туралы не айтуға болады?

- Ол немен қоректенеді?

- Ол ұяларын қайда салады?



8.Үй тапсырмасы:

Өлеңді мәнерлеп оқу.



9.Бағалау.