Сабақ жоспары:«Р р дыбысы мен әрпі.»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: 1. Р дыбысы және әрпімен таныстыру.

2. Ұқыпты, тиянақты түрде оқуға, жазуға үйрету.

3. Ой-өрісін, тілін, сана сезімін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.


Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.


Сабақтың мазмұны:


І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру: - Ғ дыбысы қандай дыбыс? – Ғ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады? – Ғ әрпіне берілген сөздерді оқыту.


ІV. Жаңа сабақ:

а) Сурет бойынша әңгімелеп, ара сөзі екі түрлі ұғым беретінін

түсіндіру. Ара бал жинайды. Ара еңбек құралы.

ә) Осы екі сөйлемдегі сөздің санын анықтау.


[pic]


Ара сөзінен бізге таныс емес дыбысты табу.


б) Р дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

в) Сурет бойынша сөйлем құрату.

г) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.


V. Жаңа білімді бекіту: -Біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? -Р қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде жазылады?


Дәптермен жұмыс: Рр ра ара таға.

Диктант: аға, ана, ара өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу. Сергіту сәтін өткізу. 1. Р дыбысына қатысты сөз ойлау. 2. Сөйлем құрату. 3. Сөздерді буынға бөлу. 4. Дауысты дыбыстардың санын анықтау.


VІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?