|
Урок по теме Кел балалар, оқылық
Автор публикации: Косанова У.И.
Дата публикации: 2016-04-18
Краткое описание: ...
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу | Уақыты:2.09.15 | Кабинет: Физика | Мұғалім: Косанова У | Сабақтың атауы | Ы. Алтынсарин. Кел балалар оқылық! | Мақсаты |
. 1.Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. 3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу. | Күтілетін нәтиже | +Психологиялық ахуал | Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту |
Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған. Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді.
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | Мағынаны тану | Ы.Алтынсарин туралы түсінік. Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады? 2.Білім не үшін керек? 3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты? Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: 1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны) 2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың | Сергіту сәті | Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір торып, Біз бір дем алайық. |
| Ой толғаныс | Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? | Үйге тапсырма |
Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып алады | Бағалау | [link] | Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|