Күні:
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» білімділер сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, ұжымшылдыққа баулу. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Интербелсенді тақта.
2. Плакаттар, суреттер. 3. Топтардың аты, ұрандары.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп ,
Бас иеміз біз.
2. Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Мұғалім:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік, - дей отырып, бүгінгі «Жұлдызды сәт» білімділер сайысына қош келдіңіздер!
Топқа бөлу.
( Жасыл, сары шеңбер арқылы 2 топқа бөлу).
Мұғалім:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстыңба орта жолда қалыспа.
Әділ – қазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп әділ – қазылар алқаларымен таныс болыңыздар.
1.Байманова Айгүл
2.Баубекова Гүлнар
Құрметті қонақтар біздің «Жұлдызды сәт» білімділер сайысына назар аударыңыздар. Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр тапсырма бағаланады.
Ойын шарты:
1. Топ басшы сайлау
2. «Ұшқыр ой» кезеңі(Сұрақтарға жауап беру)
3. «Кім тапқыр» кезеңі (Жұмбақ жасыру үш тілде)
4. «Сурет байқау» кезеңі ( Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру)
5. Алфавиттер тізбегі
6. Топ басшылар сайысы
1.Топ басшы сайлау
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)
***
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
***
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
Таныстыру.(Жұмбақтың шешуін табу арқылы қай топ бастайтыны анықталады.Топ басшы топтың атын, ұранын айтып, таныстырады).
Топ басшысы:
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ».
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Топ басшысы:
Тобымыздың ұраны:
Оқу білім – азығы,
Білім ырыс – қазығы.
2.«Ұшқыр ой кезеңі» Сайыстың бұл шартында 2 топқа 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1. Тудың түсі (көк)
2. Ең қымбат жан (ана)
3. Білім бұлағы не?(оқу)
4. Бір аптада неше күн (жеті)
5. Әліпбиде неше әріп бар? (42)
6. Түйенің төлі (бота)
7. Біз оқитын мектеп (№267)
8. Жемістер қай мезгілде піседі? (күз)
9. Еліміздің рәміздері (Елтаңба,Ту, Гимн)
10. Қыстың көркі (Аяз)
[pic]
1. Жапырақ қай кезде сарғаяды? (Күз)
2. Қазақстанның астанасы (Астана)
3. Сиырдың баласы (бұзау)
4. Әліпбидегі ең соңғы әріп(Я)
5. Сенің Отаның (Қазақстан)
6. Асханада не істейміз?(Ас ішеміз)
7. Қыстың соңғы айы (желтоқсан)
8. Қасиетті тағам (Нан)
9. Қызанақтың түсі қандай? (Қызыл)
10. Есту мүшесі (құлақ)
2. «Кім тапқыр» кезең. Жұмбақтар жасыру.
1.Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
(мектеп,school)
2. Ымырт түссе шығамын,
Таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып,
Көзімді ілмей жатамын.
(жұлдыз, stars)
3.Бөбектердей бүлдіршін,
Киініп тұр бір мүсін.
Ол қаз басып жүрмейді,
Сөйлемейді, күлмейді. (қуыршақ, doll)
4. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап, book)
5.Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш, pen)
6. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор,shok )
7.Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.
есік - door
8.Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.
ұшақ – plane
9. Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүретін досы.
ит - dog
10.От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
мысық - cat
3-кезең. «Сурет байқау» кезеңі.
(Слайдтағы суреттерден артық суреттерді табу).
4-кезең. Алфавиттер тізбегі.
Белгілі уақыт белгіленіп алфавит тізбегін плакатқа жазып, қорғау.
[pic]
5 кезең.Топбасшысына арналған сұрақтар
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай
1 топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
3..Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т. Аубакиров)
4. Көру мүшесі не?(көз)
5. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
6.Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
2 топ
1.Жыл мезгілдерін ата(күз,қыс, көктем, жаз)
2. Ешкі иесі кім? (Сексек ата)
3. Қай қалада тұрасың? (Қызылорда)
4. Қазақстанның астанасы (Астана)
5. Казақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
6.Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
Мұғалім:
-Сайысымызды қорытындылау үшін келесі сөз кезегін әділ – қазылар алқасына береміз.
Қорытынды
Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақта. Олай болса, білімді, саналы, ұлтымыздың тарихын насихаттаушы, ойлау қабілеттері жоғары қалыптасқан ұрпақ дайындау – біздің міндетіміз. «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» демекші бүгінгі біздің сайыскерлеріміз мыңды жығатын талапты балалар. Сіздерге әрқашанда сәттілік, ауызбіршілік, ұйымшылдық, сапалы білім тілейміз.Осымен «Жұлдызды сәт» білімділер сайысын тәмәмдаймыз. Назарларыңызға рахмет.
[pic]
№267 орта мектеп
Тақырыбы: Жұлдызды сәт
( білімділер сайысы )
Орындаған: 1 «ә» В. Арленкеева
1 «а» Г. Самидинова
2015-2016 ж