Сабақ жоспары Пән аты: Өнеге сағаты Сыныбы: Ұзартылған күн тобы Күні, айы, жылы:30.09.2015 Тоқсан: I тоқсан Мұғалімі: Бердалина Кунзира Сабақ тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қимыл-қозғалыс туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға шапшаңдыққа,жылдамдыққа,еңбексүйгіштікке,әсемдікке,әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Дәстүрлі
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі : Амандасу,түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық!
Үй тапсырмасын тексеру: Ертегідегі үй туралы түсінігін сұрау.
Жаңа сабақ
Кіріспе сөз
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:Қимыл-қозғалыс ойындары.Қимыл-қозғалыс ойындары өте көп.Олар <<Күн мен жаңбыр>>,<<Аспазшы>>,<<Отбасы>>, <<Құрылысшы>>,<<Мектеп>>,<<Жолаушылар>>,<<Торғайлар мен автомобиль>>,<<Хан талапай>> ойындары бар.
Тақырыбы:<<Хан талапай>> ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа,баулу.Ойынға қызығушылығын арттыру.
Ойынның шарты:Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді.асық көп болу керек.Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар.Осы асық хан болады.Онда тапсырма берілген оны шешіп көрейік.
Есепті шығар
12-2-6
14-4-2
16-6-3
11-1-4
2.Теңдеуді шешіңдер
9+х=12 х-4=12
Егер <<хан>> бүк шік тәйкі түссе ойын бастауышы бала ханның түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Оқушылар жаттығу жасайды.
Жаңа сабақты бекіту:
Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
Қимыл-қозғалыс ойындары,түрлері
Бағалау:Сабаққа жақсы қатысқандарды бағалау.
Үйге тапсырма:Қимыл-қозғалыс ойындары оқу,ойындар ойнауын үйрену,көрсету.