Қосу және азайту – өзара кері амалдар. Қосуды тексеру Есептер шығару. 2 Б сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сынып:


Пәні:


Мұғалім:


13.09.2016


2 «Б» (ІІ-кезең)

Математика

Шекерова Б.Қ


Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту – өзара кері амалдар.

Қосуды тексеру Есептер шығару. (14 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Қосу мен азайту амалдарының өзара кері амалдар екенін тағайындау және осы амалдардың өзара байланысын білдіретін қорытынды жасау, оқуға, жазуға машықтандыру; айырмалық салыстыруға берілгкен, яғни қанша артық, қанша кем сұрақтарына жауап беру керек болатын есептерді шығарғанда негізге алынатын жалпы ережені тұжырымдау.

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыру, екі таңбалы санды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын, қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайту дағдыларын , білімін, шапшаң ойлау әрекеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: Дамытушылық


Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Ұзындық және ұзындық бірліктері, артық-кем таңбалары, геометриялық фигуралар.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:


Жаңа сабақ.

Түсіндірме жұмыс.

Тақтада жалпы сыныппен жұмыс.

Сол жақ сөреге 3 қызыл, оң жақ сөреге 2 көк дөңгелек қойып, жақындату. Яғни біріктіру. Демек 3+2=5.

3,2 – қосылғыштар, ал 5- қосынды. Енді кері әрекет орындау. 5 дөңгелектен 2 көк дөңгелекті алып кету. Сонда, 5-2=3. Сәйкес қорытынды жасау.






1- тапсырма.

Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

6+2=8

8-2=6

8-6=2, жазулары қалай шыққаны түсіндіріліп, сәйкес қорытынды шығарылады.

Қосымша тапсырма беру.

40+30=70

------------

------------



2 -тапсырма..Түсіндірме мәтінмен жұмыс. Теңдіктер арқылы қосу, азайту амалдарының өзара кері амал екені тұжырымдалады.


5+3=8 8−5=3 3+5=8 8−3=5





3-тапсырма жазбаша орындау.

20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29

Ең кішісі – 20

Ең үлкені – 29

Ең кіші сан – 2 онд.0 бірл.

Ең үлкен сан – 2 онд.9 бірл.



4-тапсырма танымдық тапсырмаларды еркін талқылау.


5-тапсырманы орындауға дайындық. Бір амалмен шығарылатын есептердің түрін қарастыру. Артық-кем ұғымдарын пысықтау.

Үш есепті де шығару. Шешуін тақтаға жазу.

30+10=40 40-10=30 40-30=10


Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру. Не байқадың?

-Бұлар кері есеп болып табыла ма?

- неліктен?




6-тапсырма. Екі бағаны ауызша, 3,4 бағандары жазбаша орындалады.


Шығ. тапсырма.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.


Үйге тапсырма: 6-тапсырманың 4, 5,6 бағаны


Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.