№ 16 лицей-мектебі
Тақырыбы:
Туған жердің ыстығы-ай!
Өткізген: А.Ш. Катпина
Ана тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Сапарбаев. Туған жердің ыстығы-ай!
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға Қали Сапарбаевтың өмірі және шығармашылық жолын таныстыра отырып,әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
2. Оқушылардың таным мүмкіншіліктерін, олардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ашық та айқын ,дәлелді сөйлеуге үйрету.
3. Туған жерді сүюге тәрбиелеу, еліміздің ертеңі- білімді ұрпақ екеніне көз жеткізу.
Оқытудың нәтижелері:оқу материалы аясында ойын жеткізу үшін мәдени сөйлеу дағдылары қалыптасады;
-тақырып бойынша оқушы пікірі мен көзқарасы дамиды;
-Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады;
-Сын тұрғысынан ойлай біледі;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Ойлан, жұптас, топтас», «АВС сұхбаты», «Синквейн» әдісі, «Кубизм», «Цицерон», «Ақылды доп», «Бүгінгі күннің сөйлемі», «Поэзия минуты», «Ыстық орындық», эссе жазу.
Керекті құрал- жабдықтар: Слайд ,интернеттен қосымша материалдар, суреттер, ақ қағаз, маркерлер, стикер, доп .
Сабақ барысы:
I. Психологиялық ахуал туғызу.
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, көңіл-күйлерін сұрау. «Жылы жүрек» шеңберін құрып,бір-біріне жылы лебіздерін айтады. «Капитан, палуба» ойынымен топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ-жауап
Өткен сабақтарда қандай өлеңдермен таныстық?
Бұл өлеңдердің барлығы не туралы?
Туған жер, Отан дегеніміз не?
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан жері қандай?
Дұрыс айтасыңдар. Біздің еліміз жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң-құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті.
III.Жаңа сабақ.«Ой қозғау»
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Дұрыс, балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі- түйе.
Олай болса, бүгін біз осы түйе малының туған жерге деген сағынышы туралы,баласына деген сүйіспеншілігі туралы оқып білеміз.
«Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы түйе туралы не білетінін сұрау.
Ойын «Балық аулау»
Балалар, сендертүйе малы туралы не білесіңдер?
Бір өркешті түйе мен екі өркешті түйе туралы не білесіңдер? Айырмашылығы қандай? Олар қайда мекендейді?(жалпы түйе туралы ой бөліседі) жұппен жұмыс жүргізеді.
- Нар түйе, қос өркешті түйе. (ойыр өркешті)
- Нар түйенің аналығын, аталығын қалай атайды?(аруана, мая, лек)
- Қос өркешті түйенің аналығын, аталығын қалай атайды? (Інген, бура)
- Түйенің жасына қарай қалай аталатынын білеміз? (2 ай-ботақан, 2ай-мен 1жас- бота, 1жас-тайлақ, 2 жас-құнанша, 3 жас- дөнен, 4жас-буыршын, 5жас-атан)
- түйенің сүтін қалай атайды? (қымыран, шұбат)
- түйенің жүнін қалай атайды? (шуда)
Қали Сапарбаев. (слайд бойынша ) автор туралы мәлімет беру.
Ой толғау.
IV.Оқулықпен жұмыс.
«Ойлан, жұптас, топтас» стратегиясы бойынша мәтінді оқып, талқылау.
Бұл мәтін не туралы екен?
Жазушы қандай оқиғаға куә болды?
Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?
Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?
Түйе иесінің бұл сөзінен қандай қорытынды шығарар едің?
(Оқушылардың жауаптарына қарай формативті бағалап отырамын.)
Ү.Топтық жұмыс «АВС» сұхбаты әдісі
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес,
Елге тиген үлес.
Ел іші алтын бесік.
Жері байдың-елі бай
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Елің үшін алыссаң өлмейсің.
Туған үйдің түтіні де ыстық.
Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
Отанды сүю отбасынан басталады.
І топ. А-сұрақ қоюшы топ. Мақал-мәтелдің бірінші жартысын айтады.
ІІ топ. В- жауап беруші топ. Мақал-мәтелді аяқтайды.
ІІІ топ. С-тыңдаушы (поэзия минуты) өлең шығарады.
ҮІ. Сергіту сәті «Мен қазақпын»
ҮІІ. Топтық жұмыс
І топ. 5 жолды өлең. «Синквейн» әдісі. Туған жер немесе түйе туралы
ІІ топ. «Ақылды доп» әдісі ( сұрақ-жауап)
Жазушы қандай оқиғаға тап болды?
Жалғыз өркешті нар түйе мекендеп жүр екен?
Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?
Түйе иесінің соңғы сөзінен қандай қорытынды ой шығардың?
Осы мәтін саған ұнады ма?
Несімен ұнады?
Осы оқиға саған қандай ой қалдырды?
ІІІ топ. «Цицерон» сызбасы(түйенің жасына қарай)
ҮІІІ. Қорытынды
І топ. Эссе жазу. (Туған жер , Отан туралы) ыстық орындықта оқу
ІІ топ. «Бүгінгі күннің сөйлемі» стратегиясы. Сабақты қорытындылап бір сөйлеммен аяқтау
ІІІ топ. Кубизм әдісі. (сұрақтар)
Өлеңді жалғастыр.
Шықшы тауға қарашы кең далаға...
Сүйемін мен жерімнің ....
Уа, дариға ,алтын бесік туған жер...
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!....
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім....
Бұлтсыз, айсыз жылы леп....
ІХ. Бағалау. (Өздерін бағалау)
Блоб ағашын бояу арқылы өздерін бағалау.
Х. Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Ашық сабақтан көріністер
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]